Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды бастамалар көтерілді. Әсіресе, ауыл тұрғындары үшін Жолдауда айтылған міндеттердің мәні зор. Өйткені ауыл – халқымыздың алтын бесігі, ел экономикасының маңызды тірегі. Жолдаудың ауыл тұрғындарына және жалпы елімізге берер пайдасына қысқаша тоқталайық.Біріншіден, ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын да ... Әрі қарай оқу »
Қымбатты жерлестер, баршаңызды еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Республика күні – азаттығымызды айшықтап, елдігімізді еңселеткен, тәуелсіздік жолындағы тарихи таңдауымызды танытатын ерекше мереке. Бұл күн –ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы орындалып, халқымыздың өз тағдырын өзі айқындауға мүмкіндік алғанын еске салатын қастерлі күн. Тәуелсіздік бізге ел болудың жауапкершілігін, туған жердің қадірін және бірліктің бағасын ұғындырды.Туған жеріміз көркейіп, еліміз өркендеп, х ... Әрі қарай оқу »
Құрметті Амангелді мектебінің ұжымы, бүгінде білім беру саласында еңбек етіп жүрген жерлестеріміз және білім беру саласының ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның жүрегіне жол тауып, өмірге дұрыс бағыт сілтейтін ардақты тұлға. Адамның өмір жолында ұстаздың орны ерекше. Өйткені барлығымыз да мектеп қабырғасында білім алып, ұстаз алдынан өттік. Бүгінгі күні әрқайсымыздың жеткен жетістігімізде, алған білімімізде, өмірден тапқан орнымызда өзімізге тәлім берген ... Әрі қарай оқу »
Амангелді жалпы орта білім беру мектебінде 1 қыркүйек – Білім күніне орай жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Білім күні – мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршін үшін үлкен білім әлеміне жасалған алғашқы қадам болса, ұстаздар үшін шәкірттерімен қайта қауышатын ерекше күн. Осы айтулы күні мектеп ұжымы мен оқушылар жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Салтанатты жиында оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, білім мен тәрбиенің адам өміріндегі маңызы туралы тағылымды ойлар айтылды. Ұстаздар мен шәкірттерге жақсы көңіл күй сыйлаған мерек ... Әрі қарай оқу »
Қадірлі жерлестер, ардақты ауылдастар!Баршаңызды мұсылман жұртшылығының ең қасиетті де қастерлі мерекелерінің бірі – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Құрбан айт – халқымыздың ізгілікке, мейірім мен жанашырлыққа, бауырмалдық пен татулыққа үндейтін ұлы мерекесі. Бұл күндері ағайын арасы жақындасып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіліп, мұқтаж жандарға көмек қолы созылады. Осындай асыл қасиеттер қазақ халқының қанында бар ұлттық құндылықтармен үндесіп жатыр. Жан жаққа тарыдай шашылсақ та, туған ауыл – әр адамның алтын бесігі, жүр ... Әрі қарай оқу »
2026 жылғы 4 ақпанда Павлодар қаласында жерлесіміз, алып күш иесі Нұрлан Қазбекұлы Көпбергеновтің өмірі мен спорттағы жарқын жетістіктеріне арналған «Күрлеуіттің баһадүр перзенті» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Тағылымды шара Торайғыров атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана қабырғасында ұйымдастырылып, әдебиет сүйер қауым мен спорт саңлақтарының басын қосты. Жиналған жұртшылықтың барлығы да туған жердің мерейін асқақтатқан азаматтың өнегелі өмір жолы жайлы сыр шертетін еңбектің жарық көруіне куә болуға келді.«Күрлеуіттің баһадүр перзенті& ... Әрі қарай оқу »
Амангелді ауылдық округінде әкімнің сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша округ әкімі болып Шарманова Алмагүл Сейсенбайқызы сайланды. Шешім округ тұрғындарының ашық дауыс беруі нәтижесінде қабылданды. Шарманова Алмагүл Сейсенбайқызы әкімдік міндеттерін 2026 жылғы 3 ақпаннан бастап атқаруға кірісті. Ол 1984 жылғы 15 тамызда Амангелді ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын білім беру саласында бастап, сол жерде алғашқы басқарушылық және ұйымдастырушылық тәжірибе жинақтаған. 2022 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейін Алмагүл Сейсенбайқызы Амангелді ауылдық окру ... Әрі қарай оқу »
1957 жыл. Ақсу ауылында мектеп қайтадан есігін ашты. Бұрын болған мектептер 40-шы жылдардың соңында жабылып қалған екен. Хамза деген азамат мұғалім болып істепті, менің естуімше. 1957-ші жылға дейін Ақсудың балалары басқа жерлерде оқыған, Қарақұдық ауылында, Ленин ауылында, Ертіс поселкасында, тағы басқа мектеп бар жерлерде. Бара алмағандары оқымаған. Сол 1957-ші жылында елге жаңа мұғалім келді, Халиуллин Мұхаметқали деген азамат, Үлгілі ауылының тумасы, қазақ пед училищесін бітірген. Келе біздің әкеймен жақын араласып біздің үйде пәтерде тұрды. Әрине ол кезде п ... Әрі қарай оқу »