08:11
Құрбан айт құтты болсын!

Қадірлі жерлестер, ардақты ауылдастар!Баршаңызды мұсылман жұртшылығының ең қасиетті де қастерлі мерекелерінің бірі – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Құрбан айт – халқымыздың ізгілікке, мейірім мен жанашырлыққа, бауырмалдық пен татулыққа үндейтін ұлы мерекесі. Бұл күндері ағайын арасы жақындасып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіліп, мұқтаж жандарға көмек қолы созылады. Осындай асыл қасиеттер қазақ халқының қанында бар ұлттық құндылықтармен үндесіп жатыр. Жан жаққа тарыдай шашылсақ та, туған ауыл – әр адамның алтын бесігі, жүрегінің төріндегі ең қымбат мекен. Сондықтан осынау қасиетті Айт мерекесінде барша ауылдастарыма амандық, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ақ дастархандарыңыздан береке кетпесін, отбасыларыңызда қуаныш пен шаттық мол болсын!Еліміз тыныш, жұртымыз аман, жастарымыз білімді, ұрпағымыз саналы болғай. Ауылымыздың бірлігі бекем, абыройы асқақ болып, әр үйден күлкі мен қуаныштың үні естіліп тұрсын. Шалынған құрбандықтарыңыз, жасаған дұға-тілектеріңіз бен сауапты амалдарыңыз қабыл болсын!
Алла Тағала баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке нәсіп етсін!
Қасиетті Құрбан айт құтты болсын!
Айт қабыл болсын!
 

Категория: Мәдениет | Қараулар: 33 | Қосты: Admin
Пікір саны: 0
Verify you're human *: