17:40
ҚҰРЫЛТАЙ – ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ БАСТАР ЖОЛ
Құрметті ауылдастар! 23 тамызда еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды тарихи оқиға – Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының алғашқы сайлауы өтті. Бұл – халқымыз үшін жаңа кезеңнің басталғанын білдіретін айтулы күн. Құрылтай – еліміздің заң шығарушы ең жоғары өкілді органы. Оның құрамына 145 депутат бес жыл мерзімге сайланды. Бұл жаңа саяси жүйенің қалыптасуындағы маңызды қадам ғана емес, елдің ертеңіне деген жауапкершілікті арттыратын үлкен міндет. Сайлау – әр азаматтың өз таңдауын білдіріп, ел болашағына үн қосатын мүмкіндік. Біз кімге дауыс берсек те, ең бастысы – еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы, халықтың әл-ауқаты, жастардың болашағы, ауылдардың өркендеуі екенін ұмытпауымыз керек.Ауыл – елдің алтын бесігі. Сондықтан жаңа Құрылтайда ауыл халқының мәселелері, білім мен денсаулық сақтау, жол мен инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, жастарды қолдау сияқты маңызды мәселелер өз шешімін табады деген сенімдеміз. Біз өткенімізді құрметтеп, бүгінімізді бағалай отырып, болашаққа нық қадам басуымыз керек. Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Ал олардың жарқын болашағы үшін бейбітшілік, бірлік пен тұрақтылықтың маңызы зор. Құрылтай өз міндетін абыроймен атқарып, халықтың үміті мен сенімін ақтасын! Елдің еңсесі биік, бірлігі бекем, болашағы жарқын болсын! Бірлігіміз нығая берсін, ауылдастар! Еліміздің ертеңіне сеніммен бірге қадам басайық!
Категория: Саясат | Қараулар: 214 | Қосты: Admin
Пікір саны: 0
Verify you're human *: