15:40
Жаңа әкім сайланды. Избран новый аким.

Амангелді ауылдық округінде әкімнің сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша округ әкімі болып Шарманова Алмагүл Сейсенбайқызы сайланды. Шешім округ тұрғындарының ашық дауыс беруі нәтижесінде қабылданды. Шарманова Алмагүл Сейсенбайқызы әкімдік міндеттерін 2026 жылғы 3 ақпаннан бастап атқаруға кірісті. Ол 1984 жылғы 15 тамызда Амангелді ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын білім беру саласында бастап, сол жерде алғашқы басқарушылық және ұйымдастырушылық тәжірибе жинақтаған. 2022 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейін Алмагүл Сейсенбайқызы Амангелді ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. Бұл жергілікті басқару органдары жұмысының сабақтастығын қамтамасыз етіп, аумақтың өзекті мәселелерін терең түсінуіне мүмкіндік береді. Сайлауда ол AMANAT партиясынан ұсынылды.
Әкімнің сайлануы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудағы маңызды кезең болып табылады. Бұл тұрғындардың басқарушылық шешімдер қабылдауға қатысу рөлін арттырып, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын айқындауға ықпал етеді.
Алмагүл Сейсенбайқызын Амангелді ауылдық округінің әкімі қызметіне сайлануымен құттықтап, жауапты қызметінде табыс, жоспарланған бастамаларды сәтті іске асыруды және округ тұрғындарына амандық-бірлік тілейміз.

В Амангельдинском сельском округе прошли выборы акима. По их итогам главой округа избрана Шарманова Алмагуль Сейсенбаевна. Решение было принято жителями округа в ходе открытого голосования. К исполнению обязанностей акима Шарманова Алмагуль Сейсенбаевна приступила с 3 февраля 2026 года. Она родилась 15 августа 1984 года в селе Амангельды. Свою трудовую деятельность начала в сфере образования, где получила первый управленческий и организационный опыт. С февраля 2022 года по январь 2026 года Алмагуль Сейсенбаевна уже занимала должность акима Амангельдинского сельского округа, что обеспечивает преемственность в работе местных органов управления и понимание актуальных проблем территории. На выборах она была выдвинута партией AMANAT.
роведение прямых выборов акима стало важным этапом в развитии местного самоуправления, усиливающим роль жителей в принятии управленческих решений и формировании приоритетов социально-экономического развития округа.
Поздравляем Алмагуль Сейсенбаевну с избранием на должность акима Амангельдинского сельского округа и желаем успехов в ответственной работе, реализации намеченных планов и благополучия жителям округа.
 

Категория: Басқа | Қараулар: 57 | Қосты: Admin
Пікір саны: 0
Verify you're human *: