21:20
Жерлес. «Күрлеуіттің баһадүр перзенті»

2026 жылғы 4 ақпанда Павлодар қаласында жерлесіміз, алып күш иесі Нұрлан Қазбекұлы Көпбергеновтің өмірі мен спорттағы жарқын жетістіктеріне арналған «Күрлеуіттің баһадүр перзенті» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Тағылымды шара Торайғыров атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана қабырғасында ұйымдастырылып, әдебиет сүйер қауым мен спорт саңлақтарының басын қосты. Жиналған жұртшылықтың барлығы да туған жердің мерейін асқақтатқан азаматтың өнегелі өмір жолы жайлы сыр шертетін еңбектің жарық көруіне куә болуға келді.«Күрлеуіттің баһадүр перзенті» кітабында Нұрлан Көпбергеновтің жеке өмірі мен спорт әлеміндегі толайым табыстарына дейінгі тағдыр жолы кеңінен қамтылған. Авторлар оның табандылығы мен қайсар мінезін, биік мақсатқа деген адалдығын айқын көрсетеді. Сонымен қатар туған-туыстарының, ағайын-бауырларының, әріптестері мен достарының жүрекжарды лебіздері беріліп, кейіпкер болмысы жан-жақты ашылған. Кітаптың соңында арнайы QR-кодтар ұсынылып, оқырманға батыр тұлға туралы қосымша деректер мен бейнематериалдарды тамашалау мүмкіндігі жасалған.
Өңірімізде әлем чемпиондары мен Guinness World Records кітабына енген азаматтар көп емес. Солардың бірі – Нұрлан Көпбергенов. Ол халықаралық ареналарда ел намысын қорғап, әлем чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болды, есімі Гиннес рекордтар кітабына жазылды. «Күрлеуіттің баһадүр перзенті» тек бір спортшының өмірбаяны ғана емес, бұл туған жердің абыройын асқақтатқан, өңірдің спорт саласының дамуына және рухани өрлеуіне зор үлес қосқан азаматқа арналған тағзым кітабы.
Нұрлан біздің ауыл үшін өз адамымыз, нағыз жерлесіміз. Ол өзінің еңбек жолын ертерек бастаса да ұстаздық жолын Амангелді орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ ауыр атлетика секциясын ашып, жоғары сынып оқушыларын гір көтеру мен штанга спортына баулыды. Сол жылдары мектептің спорт залы шәкірттерге лық толып, жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығы арта түсті. Ол осы ауылда шаңырақ көтеріп, отбасын құрды. Жаз айларында құрылыс нысандарында еңбек етіп, адал маңдай терімен қосымша табыс тапты. Кейін Ертіс ауылына көшіп кетіп, сола жақта жұмыс істеп жүріп кеден қызметіне ауысқанда, қайтадан Амангелдіге жақындады, себебі кеден бекетінде жұмыс істеп, біраздан соң басшысы болды.
Бір сөзбен айтқанда, амангелділіктер үшін ол – шынайы жерлес. Павлодарда тұрса да, ауыл азаматтарының ас-садақасына қатысып, әр жастағы ауылдастарымен байланысын үзбей келеді. Амангелді ауылының әр жетістігіне қуанып, әр қуанышына бірге марқайып жүруі – оның ауылымызға деген адалдығының айғағы. Толық сеніммен айтуға болады: амангелділіктер Нұрланның әр табысына әрдайым қуанып, оны құрмет тұтып, мақтан етеді.
Нұрлан Қазбекұлына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

Земляк. Прошла презентация книги «Күрлеуіттің баһадүр перзенті»

4 февраля 2026 года в городе Павлодаре состоялась презентация книги «Күрлеуіттің баһадүр перзенті», посвящённой жизни и ярким спортивным достижениям нашего земляка, настоящего силача Нурлана Казбековича Копбергенова. Торжественное мероприятие прошло в стенах Павлодарской областной универсальной научной библиотеки имени Султанмахмута Торайгырова и собрало любителей литературы и представителей спортивной общественности. Все пришедшие стали свидетелями выхода в свет труда, повествующего о достойном жизненном пути человека, прославившего родную землю. В книге «Күрлеуіттің баһадүр перзенті» подробно отражён жизненный путь Нурлана Копбергенова – от личных этапов становления до значительных успехов в мире спорта. Авторы ярко раскрывают его настойчивость, силу характера и преданность высокой цели. В издании также представлены искренние воспоминания родных, близких, коллег и друзей, благодаря чему образ героя раскрывается всесторонне и живо. В завершение книги размещены специальные QR-коды, позволяющие читателям ознакомиться с дополнительными материалами и видеосюжетами о выдающемся спортсмене. В нашем регионе не так много чемпионов мира и людей, чьи имена внесены в Книгу рекордов Гиннесса. Один из них – Нурлан Копбергенов. Он достойно представлял страну на международной арене, становился призёром мировых первенств, а его имя было занесено в Книгу рекордов Гиннесса (Guinness World Records). «Күрлеуіттің баһадүр перзенті» – это не просто биография спортсмена, а книга-признание и дань уважения человеку, возвысившему честь родного края и внёсшему значительный вклад в развитие спорта и духовное укрепление региона.
Для нашего села Нурлан – по-настоящему свой человек, истинный земляк. Трудовой путь он начал учителем физической культуры в средней школе имени Амангельды. Работая в школе, открыл секцию тяжёлой атлетики, прививал старшеклассникам интерес к гиревому спорту и штанге. В те годы спортивный зал был полон учеников, а интерес молодёжи к спорту заметно возрос. Именно в этом селе он создал семью. Летом трудился на строительных объектах, честным трудом зарабатывая дополнительный доход. Позднее перешёл на службу в таможенные органы и возглавил таможенный пост «Амангельды».
Одним словом, для амангельдинцев он остаётся своим, родным человеком. Несмотря на то что живёт в Павлодаре, он часто можно увидеть на мероприятиях односельчан, не теряет связь с теми, кого знал по жизни в Амангельды. Искренне радуется каждому успеху родного села, разделяет его радости – и это лучшее доказательство его верности малой родине. Можно с уверенностью сказать: амангельдинцы всегда радуются его достижениям, глубоко уважают и гордятся.
Желаем Нурлану Казбековичу крепкого здоровья и долгих лет жизни!

Категория: Тарих | Қараулар: 21 | Қосты: Admin
Пікір саны: 0
Verify you're human *: