Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ертіс ауданы білім беру бөлімінің
«Амангелді жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мекемесі

Мектептің қысқаша тарихы


1955 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Амангелді атындағы кеңшар құрылды. Аға буын өкілдерінің естеліктеріне сүйенсек, араға бір жыл салып, 1956 жылы ауылда мектеп ашылған. Алғашында бастауыш мектеп ретінде жұмыс істеген білім ордасы кейін негізгі (толық емес орта, яғни сегізжылдық) мектепке айналды. Ал ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында орта мектеп мәртебесін алды.

Коммунальное государственное учреждение «Амангельдинская средняя общеобразовательная школа»
отдела образования Иртышского района, управления Павлодарской области

Краткая история школы

В 1955 году во время освоения целинных и залежных земель был создан совхоз имени Амангельды. По воспоминаниям старшего поколения, через год, в 1956 году, в селе открылась школа. В начале это была начальная школа, после стала основной (неполной средней, т.е. восьмилетней) школой, а в начале семидесятых годов 20 века стала средней школой.

Амангелді жалпы орта білім беру мектебінің ұжымы. 2026 жыл
Коллектив Амангельдинской средней общеобразовательной школы. 2026 год.