20:19 Республика күні құтты болсын! | |
Қымбатты жерлестер, баршаңызды еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Республика күні – азаттығымызды айшықтап, елдігімізді еңселеткен, тәуелсіздік жолындағы тарихи таңдауымызды танытатын ерекше мереке. Бұл күн –ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы орындалып, халқымыздың өз тағдырын өзі айқындауға мүмкіндік алғанын еске салатын қастерлі күн. Тәуелсіздік бізге ел болудың жауапкершілігін, туған жердің қадірін және бірліктің бағасын ұғындырды.Туған жеріміз көркейіп, еліміз өркендеп, халқымыздың тұрмысы жақсара берсін! Әр шаңырақта шаттық пен береке орнап, отбасыларыңыз амандық пен қуанышқа бөленсін. Еліміздің ертеңіне деген сеніміміз нығайып, ұрпағымыз бейбіт аспан астында білім алып, бақытты өмір сүрсін!
| |
| Категория: Басқа | Қараулар: 5 | | | |
| Пікір саны: 0 | |