13:07 Амангелді мектебінде – жаңа оқу жылының бастауы | |
Амангелді жалпы орта білім беру мектебінде 1 қыркүйек – Білім күніне орай жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Білім күні – мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршін үшін үлкен білім әлеміне жасалған алғашқы қадам болса, ұстаздар үшін шәкірттерімен қайта қауышатын ерекше күн. Осы айтулы күні мектеп ұжымы мен оқушылар жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Салтанатты жиында оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, білім мен тәрбиенің адам өміріндегі маңызы туралы тағылымды ойлар айтылды. Ұстаздар мен шәкірттерге жақсы көңіл күй сыйлаған мерекелік шара жылы лебіздер мен ақжолтай тілектерге ұласты. Амангелді мектебінің де өзіндік тарихы бар. Үлкендердің айтуынша, 1955 жылы тың игеру науқаны басталғаннан кейін, 1956 жылы Амангелді кеңшарында мектеп ашылып, ауыл балалары бастауыш сыныптарға қабылдана бастаған. Осы дерекке сүйенсек, биыл, 2026 жылы, Амангелді мектебінің ашылғанына 70 жыл толып отыр. Жетпіс жыл ішінде бұл мектептен талай ұрпақ білім алып, үлкен өмірге қанат қақты. Олардың арасында ауылда еңбек етіп, елге қызмет еткен қаншама азамат бар. Бірі ұстаздық жолды таңдаса, енді бірі түрлі салада еңбек етіп, туған жерінің дамуына өз үлесін қосты.
| |
| Категория: Тәрбие | Қараулар: 264 | | | |
| Пікір саны: 0 | |