Күні кеше мынау өмір тірлікте аралас, құралас жүрген, жаныңа етене жақын адам туралы өткен шақпен айтудан қиыны жоқ, шығар. Қазір мәңгілік мекенінде болғанмен ол туралы жылы лебізіңді білдіру міндетің секілді болады да тұрады екен. Қолға қалам ұстаған уақыттан бері, бірге жүрген, қызметтес болған талай ағалар, жолдас жоралар туралы жазғаныммен, Жықаң туралы (өзім осылай атаушы едім) жазбаған екенмін. Сол олқылықтың орнын толтыру мақсатында Жылқыбай Бейсембайұлы Қадыров жайында көрген-білгендерімді, есімде қалған кездесулер қақысында кештеу болса да, көппен бөлісуді жөн көрдім.Ертіс ауданында анау билік басында отырғандардан бастап, шалғайдағы ауыл аралығында Жықаңды