Мусапиров Қайкен ақсақал 1922 жылы 1 мамырда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Жаңатаң колхозында, қазіргі Амангелді ауылының кезіндегі Ақсу бөлімшесінде дүниеге келген. Бір жасқа толмай әкесінен айрылып, он жасында анасынан жетім қалып, Қайкен ақсақал Ертіс ауданындағы балалар үйінде тәрбиеленіп, 7 жылдық мектепті тәмамды. 1942 жылы Ертіс аудандық әскери комиссариятына шақырылып, қызыл әскер қатарына қосылды. Сол жылдың 16 маусымында әскери антын қабылдап,Қиыр-шығыс шекарасында әскери қызметін атқарып, жеңісті сонда қарсы алды.1945 жылы Жапонияға қарсы соғысқа қатысты. 1945-1948 жылдары Қиыр-шығыс Тынық мұхиттық округі, Подгорный заставасында сержант шенінде жауынгерлік қызметін атқарды.