Жасың егделіп, жер ортасындағы жасқа жетіп қалғаныңмен өмір сыйлаған, тәрбиелеген, білім әперген, бала бол, ақыл тоқтатқан адам бол мейлің жалықпай тәлімін айтып отыратын, басыңа әлдеқандай іс түскенде тіреу болар, тірек болар әке екен. Әкенің қадір, қасиетін кештеу өзің әке болғанда түсінеді екенсің. Зымырап өткен күндермен, жылыстаған жылдармен өмірден озғанына он екі жылдан асуымен уақыт өтті, бірақ бет бейнесі, жүріс, тұрысы, ойланып, толғанып жайлап қана айтатын салмақты сөздері әлі күнге көз алдымда. Атқарған қызметтерімен де, адами асыл қасиеттерімен де ертістіктердің есінде қалған әкем туралы ой толғауды жөн көрдім. Менің әкем, Қыстаубай Тасжанов, елегеннің көзіне, тілеген