В категории материалов: 78
Показано материалов: 16-20
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 ... 15 16 »


Жастығымның бір бөлшегі,Амангелді ауылы...Әбілманова Жібек Шажанқызынан

Алыс жүрсем мен сені аңсай жүрем,Сағыныштан өзіңе ән сап жүрем туған жер...деп бастағым келеді. Әкемнің түп атасы Асылбек руы Арғын,оның ішінде Қозған, Омбы қаласының Қозған ауылында дүниеге келген. Ата-бабаларымыз Ресейдегі Омбы қаласының, Қозған ауылында тұрған. Омбы орыс елі болса да, Қозған ауылында қазақтар мекендеген,сол ауылдың тумасы, ұлы әжеміз Мәмилә апай Түгел батырға төрт атадан қосылады емші, балгер, өмірде не болатынын алдын ала болжайтын. Барлық балалары Қазақстанда тұрды. Әкем Асылбеков ажан (Шаммұхамед) 1911 жылғы, Омбының қазақ араб медресесін бітірген, араб тілінде жатық сөйлеп, құран кітабын оқып, араб тілінде жаза білді. Ұлы Отан соғысының 

История
0
75
Admin
08.07.2023
0

Жанасов Құндақпай Жанасұлы

Жанасов Құндақпай Жанасұлы 1946 жылдың 12 мамырында сол кезде Котельниково деп аталған, қазіргі Қоскөл ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Әкесі – Сейітахметов Жанас, анасы – Сейітахметова Тайфа туыстар мен замандастар арасында ғана емес, ауылдастарының да ерекше құрметіне бөленген жандар болатын. Олар өз отбасы мен ұрпағына сыйластық пен түсіністікке, туыстар мен жақындарға деген сүйіспеншілікке, адалдық пен кішіпейілділікке, мейірім мен жанашырлыққа тәрбиеледі. Осы асыл қасиеттер Құндақпай Жанасұлының бойынан да өмір бойы көрініс тауып отырды. Балалық шағы соғыстан кейінгі қиын кезеңге тап келді. Сол кездегі жоқшылық пен ауыр тұрмыс жағдайы 

История
0
445
Admin
25.06.2023
0

Тұяқ Қажмағамбетұлы

Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі,сонымен қатар бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. 1937 жылғы маусымның 13-і күні бізге ардақты да аяулы әке болатын Қажмағамбетұлы Тұяқ дүние есігін ашты. Руы Орта жүздегі Қыпшақ, оның ішінде Бұлтың, оның ішінде Құлатай қыпшақтың тармағы Көзбек. Әкесі Қажмағамбет өз заманының әлді тұратын адамдарының бірі еді, бірақ қазақ халқы тағдырында болған ұжымдастыру атты кезеңде, репрессия құрбаны болып, басқа төнген қиындықтар әсерінен зардап шегіп, ерте қайтыс болды. Әкеміз Тұяқ болса, сол бір қаралы күннен 40 күн өткенде туған еді. Тумай жатып әкесінен айырылған баланың сол кездері қиындыққа толы болды:  

История
2
418
Admin
21.06.2023
0

Мейірбан біздің әулетіміз. Сағадиевтер.

Туған жер – адам баласының өмір жолындағы ең алғашқы әрі ең қасиетті ұғымдардың бірі. Ол – ата-бабаның табаны тиген, ұрпақтың ізі қалған киелі мекен. Әр адамның тағдыры туған жерімен, өскен ортасымен, сол ортада ғұмыр кешкен үлкендермен тығыз байланысты. Туған ауыл – тек қоныс емес, ол – тұтас бір әулеттің тарихы, сан тағдырдың тоғысқан алтын бесігі. Сол ауылдың әр төбесі мен жотасы, әр көшесі мен қора-жайы үнсіз ғана өткен күндердің куәсіндей сыр шертеді. Адам есейген сайын туған жердің қадірін тереңірек сезінеді, оның әрбір сәті сағынышқа айналады. Өйткені туған жер – ата-ана үні естілген, бабалар ізі қалған рухани кеңістік. Сол жерде қалыптасқан мінез, алған тәрбие адамды өмір бойы жетелеп 

История
0
57
Admin
12.06.2023
0

Кудириновтар әулеті

Өмір дегеніміз – өткен күндердің тізбегі ғана емес, ол жүректе сақталған естеліктер мен туған жерге деген мәңгілік ризашылықтың жиынтығы. Әр адам үшін атасы мен әкесі ғұмыр кешкен ауыл – жай ғана мекен емес, тұтас бір тағдырдың бастауы. Сол ауылда қуаныш пен қиындық қатар жүріп, еңбек пен бірлік өмірдің мәніне айналады. Ата-бабамыз табанын тіреген жер – біз үшін қасиетті, себебі сол топырақта олардың маңдай тері мен адал еңбегі жатыр. Көп жылдар бойы бір ауылда тұрып, елмен етене араласу – үлкен өмір мектебі. Осындай ортада қалыптасқан адам туған жердің қадірін ерте түсінеді. Мен үшін де Амангелді совхозы – атам мен әкемнің тағдырымен біте қайнасқан, ерекше ыстық мекен. Бұл ауылда олардың жастық 

История
0
364
Admin
10.06.2023
0