Баяхметовтар
20.05.2023, 17:10

Адамның өмір жолы – бір ғана туған жермен шектелмейтін, сан мекенді аралап, сан түрлі тағдырмен тоғысатын ұзақ сапар. Кейде бір ауылда балалық өтсе, енді бір өңірде жастық қалыптасады, ал басқа бір жерде өмірдің ең ауыр да, ең қымбат сабақтары беріледі. Сол жүрген жерлердің әрқайсысы адам жадында өзінше із қалдырады. Бір жерде адал еңбекпен танылсаң, бір жерде адамдардың мейірімін, бір жерде тағдырдың қаталдығын сезінесің. Жол үстінде кездескен жерлестер, замандастар мен туыстар тағдырды бөліскен серікке айналады. Олармен бірге көрген күндер уақыт өте келе сағынышқа, жүрекке сақталған естелікке ұласады. Осындай сан қилы өмір сүрген мекендер мен адамдар тағдырды шыңдап, адамды адам етеді. Бұл әңгіме – сол жолдың, сол өмірдің бір үзік шежіресі.
1916 жылы шыққан патша жарлығына сәйкес 19-43 жас аралығындағы,  ұлты орыс емес, барлық  ер адамдар белсенді армия аймағында қорғаныс құрылыстарын орналастыруға және тыл жұмыстарына шақыртылды.Сол уақыттың ағынымен Қарқаралы тумасы, руы қаракесек 16-17 жасар Баяхмет (құжат бойынша 19-да делінген екен) Омбы облысына жіберіліпті.  1917 жылы большевиктер төңкеріс жасап, «боссыңдар, үйлеріңе қайтыңдар!» дегенімен, сол жақта қалуға шешім қабылдапты. Ұзын бойлы, қызылшырайлы, көрікті, сымбатты, денсаулығы мықты жігіт орыс тілін де жақсы меңгеріп алыпты, сонысымен Омбы саудагерлерінің назарына түсіпті. Солардың бірімен достасып, тамырлас болғасын саудагер  досы үйіне шақырып шаруашылық  жұмыстарына бас - көз болшы деп үйіне тұрғызады.
25 жасында Баяхмет Ұлжан деген қызға үйленеді. Қыздың қолында күтуде екі қарт адам бар екен: әкесі туған бауыры-інісімен,  қожалар тегінен екен. Ұлжанның шешесі ерте қайтқан көрінеді. 
1926 жылы Баяхмет пен Ұлжан ұлды болады, кейін қыздары Сапия мен Қапия дүниеге келеді.
Қапия туған жылы, 1939 жылы, Баяхмет туған еліне Қарқаралыға барып қайтам деп жолға аттанады. 
Жылы жаққа кеткен  құстар да жыл сайын өз жерлеріне оралады, туған жерге деген сүйеспеншілік  жүздеген шақырымға ұшуға мәжбүр етеді. Адамда, кіндік қаны тамған жерін сағынып, әрқашанда туған жеріне оралуды   аңсайды. Ұзақ жолды жаяулап, жалпылап Баяхмет анасы мен бауырына жетеді. Уақыт өтіп бара жатты, Баяхметтің кеткеніне бір жылдай болып қалды. Ұлжан балаға да, қарттарына да,  шаруасына да өзі жүрді, мәңаттағы туыстары (апалары Қойсана, Мағжан, Нағжан, Бұлжан, інісі  Әндріш) гүбірлесе бастады күйеу балаларын анажақтан жібермей жүрмесін деп, бірақ 1940 жылы Баяхмет келді. 
Ағайындарынан құр қол келмеді. Салт  мінгенін мініп, айдағанын айдап, бір үйір жылқымен кепті және жол бойы жалғыз болмасын деп  інісі Әубәкір еріп келіпті. Аман-есен үйіне келіп, Баяхмет інісі жанында болса жақсы болар еді, қалама деп үміттенгенімен Әубакір еліне кетіп қалыпты. Себебі, жүріс-түрысы қазақи болған екен: сыртқа шықса қолында құмғаны және ұзын етекті шапан, баста түлкіден малақай, аяқта мәсі, ал бұл жақтын ерлерінің киім үлгісі де көстем-шалбар, ботинка, пальто болса  сөздері де көбінесе  түсініксіз, орысша. Бір-екі ай жүріп, бұл жерді жерсіңбей Қарқарылыға оралыпты. Көп ұзамай Ұлы Отан сөғысы басталады. Сол кезде Баяхметте қатты ауырып, дүниеден озыпты. 1943-1944 жылдарда Әубакірден бірнеше рет хат келіп түрыпты, бірінде «үйлендім, екі балам бар» деп жазыпты,кейінгісінде «соғыстамын» депті. Содан кейін Ұлжан ешқандай хабар алыспапты. Кіші қызы Қапияның бала кезінде естігені «Әубакір тірі болса іздеп келуші еді, соғыста өліп қалған шығар» – деп шешесі айтып отыратыны  есінде қалыпты.  Осылайша, Қарқаралымен қарым-қатынас мәңгілікке үзіледі. 1970 жылдарда Кабышкен барған екен, бірақ ешқандай із таба алмай қайтып келіпті. Мүмкін Әубакірдің балалары осы күнде бар шығар, ол жағы белгісіз.... 
Әкесі қайтыс болғаннан кейін анасы мен қарындастарының қамқоршысы Кабышкен болды. Бала кезінен үй шаруасына көмектесе жүріп сабағында үздік оқып 7 сынып бітірген. Жыр, дастандарды оқып сауаттылығын дамытып,  латын   жазуын менгерген Қабышкен «Айман-Шолпан», «Қобланды» т.б. пластинкаларды тыңдауды ұнатқан. 
Соғыс жылдарында, 14 жасынан Омбы облысы Дробышев ауданы Жарымбет ауылында барлық тыл еңбеккерлерімен бірге тракторшы болып еңбек етті. 
1946 жылы Дробышев совхозы – қой өсіруші совхозы атанды, сондықтан ауылдың түгел ерлері қой шаруашылығымен айналысты. 
Қабышкен де табысты еңбек етті. 30 жасында Шортамбай, Кулдиден, Қанат, Еділ, Екі-Ағаш, Медет, Құрымбел, Ақанкөл және т.б. қазақ ауылдары кіретін ауылдық кеңесте алдыңғы қатарлы шопан болды. Аудан бойынша қой мен ешкі саны – 16500 және жүн қырқуда бір қойдан – 3,1 кг жүннен шығады екен. 
Күнделікті өмірде «жоспар» және «социалистік жарыс» деген жаңа сөздер пайда бола бастайды. 
1956-1961 жылдардағы социалистік жарыстардың жоғары көрсеткіштері үшін Қабышкен 1961 жылғы наурызда Новосибирск қаласында өткен Сібір өлкелерінің, облыстарының және автономиялық республикаларының ауыл шаруашылығы озаттарының кеңесінің қатысушысы болды.
1961-1971 жылдары Жарымбет ауылында зоотехник лауазымын атқарды.
1948 жылы ауыл мұғалимасы Кенжекеймен отау құрып, шаңырақ көтереді, балалы болады. Бір  ұл Бекмырза және бес қыз Әсия, Дәметай, Салтанат, Накаш, Балкен дүниеге келеді.
1961 жылы 55 жасында анасы Улжан қайтыс болады. Қабышкен, тамыры Қарқаралы болғандықтан, Қазақстанға қарай ат басын бұрып, 1971 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданы Амангелді совхозына қоныс аударады. Әуелден Қабышкенге Қарақұдық (айтуы Қараудық) ауылы ұнапты, бос үйлер болмағасын, Жүрсінов Теміртас: «Жуырда  центрге көшкелі жатырмын, менің үйім босайды» дегесін, сол үйге тоқтап, екі аптадай отбасымен сол үйде бірге отырыпты. Содан соң Теміртас көшпейтін болып, Қабышкен бала-шағасымен «Птичниктегі» бос тұрған үйге кіріпті. Совхоз директоры Мищенко В.В. бір отар қойды алдына салып беріп, осы үйді ремонттатып, қуана-қуана қарсы алыпты. Қараудыққа көшіп келгенде танысқан  Бекмырза мен Шәмшиқамар 1972 жылы үйленеді. Қабышкен: «Жалғыз ұлым үйленіп жатыр» – деп аянбай тойға барын салады. «Ешкім шақырусыз қалып қоймасын» – деп Ресейдегі  туыс-нағашылар, бөлелер, көрші – Қараудық,  Бекмырзаның мәдениет саласындағы Ертіс өңірінің әнші – күйші әріптестері, тай тұяғы қалмастан бәрі келеді.
Шәмшиқамардың әкесі Аманжол 1963 жылы қайтыс болғандықтан жанұясын ағасы Амангелді қамқорлыққа алады. Амангелді саудамен араласқан, қолы өтімді, жер-жерлерге аты әйгілі, атақты  саудагерлердің бірі болған, күні – түні үйіндегі «лапкесінен» саудасын жүргізіп отырған. Шәмшидің айтуы бойынша  түнгі сағат үштерде центрден жаяу первоцелинник-орыстар  араққа келіп, есік қағады екен, сонда Амангелді қорықпай лапкесін ашып, әлгілермен әңгімелесіп, сұрағандарын беріп, түн ішінде де саудасын жүргізе береді екен.  Соғысты көрген, қан-майданды өткен, өліммен қарама-қарсы кездескен Амангелді – Ұлы Отан Соғысының ардагері, 1943 жылы госпитальге түседі. Госпитальде  бірге болған Северное аулының тумасы Әбілда құданың сөзінен: «Немістермен атысып-соғысып болғасын, кейін шайқас орынға медбикелер, дәрігерлер барып  өлгендерді бір жаққа, жарақат алғандарды госпитальге жіберуге жинайды екен. Амангелдінің басына снарядтың осколкасы тиіп есінен талып жатқанда «өліп қалған» делінген екен, бір кезде қыңсылаған дауысты біреулері естіп, тірі екенғой деп, медбикелер басы қан болғасын бинт орап, госпитальге апарып тастайды, Амангелдінің шыдамдылығы мықты болар, үндемей жата бергесін ешкім жоламайды, врачтардың қолдары да операциялардан босамайды. Солай бірнеше күн шыдап-тосып, обходта дәрігерлер келгенде Амангелді басындағы повязкасын жұлып алып бас дәрігердің аяғының алдына лақтырыпты: «Міне, басым құрттап жатыр, күні-түні жыбырлайды, ешқайсын қарамайсыңдар!». Сонда повязкадағы аппақ құрттар жерде (еден  үстінде) жайылып кетті» – деген Әбілда құда.  Шұғыл тұрде  барлық дәрігерлер жиналып операция жасап емдепті. Негізі, шайқас жаз мезгілінде болған, ессіз жатқан Амангелдінің басындағы жарақатқа масалар қонып содан құрттаған. Бертінде тақиясын шешкенде басының қақ ортасында терең ой-шұңқыр көрініп тұратын. Оң жақ аяқ – тізесі де  жарақаттанған еді, тростьпен жүретін. Шәмшиқамарды  өз баласындай жақсы көріп, ат үстінде шаптыртып, тайдың құлағымен ойнатқан, жақсы тәрбие берген. Қайын  атасы Қабышкен келінінің малға деген ептілігін байқап, осы қасиетін үнатып, жақсы көріп, қой бағуға қызы Даметаймен бірге алып жүрді: «Мен демалғанда көмекшілерім боласыңдар» – деп. Сақман кезінде де Даметай екеуі көмектеседі екен. Ал, клубқа концерт келгенде, би кештері өткізілгенде Шәмши рок-н-рол, вальс билеп,  Бекмырзаның «Урал» мотоциклынан қалмай, артистермен бірге «Белики» деген, керемет табиғат орнына серуенге шығады екен. Жастық шақтарында тойлатып-думандатып, бір де қызықтан қалмаған екен.  
1973 жылы «Птичниктегі» үйде тұңғыш немересі Айгүл туады. Қабышкен тағы көл-гөсір қылып шілдехана жасайды. Ол кезде әлді тұрған, молшылыққа батқан, Ордалы отбасыларының бірі болып тұрған шақ, абырой бар. Сол  жылдар Баяхметовтар үйінің ең бақытты  жылдары екен.
1974 жылы Баяхметовтар орталыққа көшіп келеді. Коңыстанған үйлері жұмыс бабымен басқа аулға  көшкен парторг Жумадилов Каиржанның үйі кең, биік, айналасы жасыл ағаш болды. Көршілес осындай үлкен үйде жаңадан келген парторг Елеусизов Аблай семьясымен түрып жатты. Екі үйде де телефон және тұрмысқа лайықты су өткізілген екен. Осы үйде немерелері Айгүл мен Әділет өсіп-жетілді, 2000 жылға дейін қалаға көшкенше тұрды....
Соңғы жылдарда  Қабышкен  фуражир лауазымына ауысып 1983 жылға дейін еңбек етті. 1976 жылы қызы Әсия жас маман, зоотехник Бултыков Елтаспен тұрмыс құрды. Хутордағы үйлерінде балалары Шнар, Ника (Нығмет), Динара туды. Ұзын бойлы, көрікті және өте нәзік, қара шашы белінен түскен Әсия бухгалтер болып №1 отделениеде, сосын  аулдық сельсоветте жұмыс істеді. Шәмши мен Дәметай қой бағып көмектессе,  Әсия фуражирлық есептерін ылғи жасап беретін. Қабышкен балаларын  жақсы көріп маңдайларынан иіскейтін. Қабышкен өзі соғысқа қатыспағанымен, құдалары фронтовиктер болды. Әсияның қайын атасы да Шантай құда Ұлы Отан соғысының ардагері, қарапайым, кішіпейіл, өте мейірімді адам болатын, үлкендермен де, кішілермен де тіл табысу білетін. Немерелерін Шнар, Ника мен Динараны тым жақсы көретін, қатты сағынғанда келіп, бірнеше күн жатып кететін. Әр мерекелерде открытка жазып жіберетін. Қабышкен-құдасымен дәм-тұзы жарасып, барыс-келіс, қонаққа шақырыс жиі-жиі болып тұратын. Елтастың елі Опытная станция Қызылжар ауылы болатын. Қабышкен құдаларына қонаққа барғанда 20-25 адамын ертіп жүретін, оның ішінде өзінің екі қарындасы Сапия мен Қапия ешқашан қалмай,бірінші қатарда жүреді. Екеуін  «құдашалар» деп Амангелді-құда да, Шантай-құда да аса құрметтеп,  мәз-мейрам болып жатады, екі қызда «құда болсаң шыда» деп әзілдесіп, ойнап-күліп, көңілді (веселые) құдашалар атанған.
1978 жылы Дәметайға да құда түсіп, оны да тұрмысқа аттандырады. Салтанат Амангелді орта мектебінен кейін Павлодар қаласындағы экономист мамандығы бойынша техникумын аяқтап Алматыдағы Шаруашылық институтында, Накаш Павлодар қаласының педагогикалық институтында, ал Балкен  Целиноград қаласында құрылыс техникумда оқыды. 
Балаларын аяқтарына нық тұрғызып, отағасы-Қабышкен 1983 жылғы күзінде 57 жасында қайтыс болды. Әкесінен кейін жылдық асын бере сала Бекмырза да бұл өмірден өтті. Денсаулығы нашарлап жүрген Шәмшиге үйдің тұрмыс-тіршілігін қолға алуға тура келді. Қайын атасы мен жұбайы қайтар  жылдарда көп ауырып, емханаға жиі жататын.
   Бірде тағы емханадан келетінде үйге көрші-қолан, тума-туыстар жиналып қалып, бәрі Шәмшидің хал-жағдайын сұрап, құшақтап, жыласып-сипасып,  у-шу, абыр-сабыр болып жатқанда Ника (Ныгмет) жайда ешкімде жұмысы жоқ, өзі-өзімен ойнап отыратын 3 жасар бала, Шәмши тәтесінің жанына амандасайын деп барып тұр екен, бірақ тәтесі оған қарамай, келіп жатқан адамдармен сөйлесіп, назар аудармапты, Ника «қашан маған қарайды» деп, тұрып-тұрып ақырын: -«Тәте, маған Ника деп айтшы» - депті. Сол кезде ғана Шәмши кішкентай Никаны көріп, құшағына қысып, жылап жіберіпті «еңкейген шалдан кішкентай балаға дейін сәлем беріп қадірлейтініне көзі жетіпті».  Жанындағы  барша жүртта Никанын батылдығымен бауырмалдылығына риза болды. Бұл қызықты тамашалаған Қабышкеннің бөлесі Сарсенбинов Сауын (Кабышкен Саукен деп еркелететін)  бертінге дейін Никаны көргенде: «Тәте, маған Ника деп айтшы» деп күлетін.  
Сырт көзбен қарағанда, Қабышкеннің тағдырымен  немерелері Айгүл мен Әділеттің  тағдырының сәйкес келетін жері – нағашы елінде өскендері.  Немерелері  Айгүл мен Әділет жетімсіреп қалған кезде нағашы аталары  Амангелді және Қайыр, Қабдолла, Шайдолла нағашылары қамқоршы болды. Нағашы апалары Құралай, Айменай, Ақлима да жылулықтарын аямай, көп жақсылық  жасап, шаң жуытпай, еркелетіп өсірді.
Бүгінгі күні Бекмырзаның балалары  Айгүл мен Әділет, Құдай жеткізіп, әр қайсысы өз шаңырақтарының ұйытқысы болып отыр. Екеуі де жоғары білімді. Айгүл ұстаз, Әділеттің қызметі зауытта. Адлет екі ұл тәрбиелесе, апасы екі қызын өсіріп, жеткізді. Үлкен қызы Зарема мұғалім болып істейді, кіші қызы Нұрана студент. Ал, аталарының аты өшпес – ұрпақты жалғастыратындар әрине Әділет  және ұлдары Алдияр  мен  Аспандияр. Әулеттің шежіресі Жеті атаға күндердің бір күнінде толықтырылады деген үміт бар.
         Құдабай  → Баяхмет → Қабышкен → Бекмырза → Адлет 
                                                                                                  ↓        ↓
                                                                                        Алдияр     Аспандияр
         
Өткен өмірге ой жүгірткенде, бәрі бір сәттей ғана көрінеді. Бірақ сол қысқа сәттердің ішінде тұтас бір ғұмыр, талай еңбек, талай үміт пен арман жатыр. Бұл әулеттің тарихы – маңдай термен келген нанның, сабырмен өткерілген қиындықтың, адамдық қасиеттің тарихы. Өмірдің ауыр өткелдерінен сүрінбей өткен жандар артында ұрпақ қалдырды, ал ұрпақ – сол өмірдің жалғасы. Немерелер мен шөберелер ата-баба жолын білсе, өткеннің ізі ешқашан өшпейді. Естеліктер – тек өткенді еске алу емес, болашаққа аманат. Әрбір айтылған әңгіме, әрбір сақталған есім – әулеттің тірі шежіресі. Осындай ғұмырлар арқылы өмірдің мәні тереңдей түседі, ал өткен күндер жүректе мәңгілікке қалады.     
                                                                     

 Авторы     Айгүл Бекмырза

 

 

Баяхметовы

      В 1916 году был опубликован царский указ, по которому всё нерусское мужское население в возрасте 19-43 лет должно было быть «реквизировано» для работ по обустройству оборонительных сооружений в районе действующей армии и тыловые работы. По велению того времени, Баяхмет, уроженец Каркаралы Карагандинской области из рода каракесек, совсем юношей (16-17 лет, но по документам 19 летним) был направлен в Омскую область. После  революции 1917 года, когда его уже ничего не удерживало, он принял решение остаться. 
      Высокий, статный, красивый, отличавшийся крепким здоровьем Баяхмет научился говорить по-русски, чем и привлек внимание омских купцов. Подружился он  с одним из них, стал работать у него в усадьбе управляющим по хозяйственным делам. 
      В 25 лет женился на девушке Улжан, у которой «на руках» были два старика: престарелый отец со своим братом, были они из қожа. Матери уже давно не было, она умерла. 
      В 1926 году у Баяхмета и Улжан родился сын Кабышкен, потом дочери Сапия и Капия. В год, когда родилась дочь Капия в 1939 году, Баяхмет решил навестить оставшихся в   Каркаралы  маму и братишку. Ведь, даже птицы, улетающие на юг, каждый год возвращаются на свою Родину, хотя, казалось бы, можно было остаться жить там, где всегда тепло, но любовь к родному краю заставляет их пролетать сотни километров, чтобы вернуться. Человек, любящий Родину, как птица, всегда стремится вернуться туда, где была перерезана его пуповина. 
       Путь был не близкий: пешком, а где на попутках  долго добирался он до Каркаралы.  Прошло около года. 
       Улжан с тремя детьми и стариками сама управлялась  по дому,  по хозяйству, а  её  родня (сестры Қойсана, Мағжан, Нағжан, Бұлжан, брат Әндріш), жившие не по далеку, переживали за сестру «вдруг зять не вернется, вдруг не отпустят его», но в 1940 году Баяхмет приехал. Родственники  подарили ему лошадей в количестве пяти – шести штук (бір үйір).  Он  привел с собой братишку Аубакира, чтобы он был всегда с ним  рядом. Аубакир ходил в чапане, в малахае, а здешние одежды отличались современностью, говор, часто русский, тоже был непонятен. Не смог молодой человек привыкнуть к новому быту и уехал обратно. Началась  ВОВ. К сожалению, война оборвала все связи с Аубакиром.  Дальнейшая судьба его неизвестна. Остается фактом, что он, зная о семье брата, в последующие годы никак не связался с ними. В 1943- 1944 годах, когда уже Баяхмета не было (он умер перед  началом ВОВ), Улжан несколько раз получала письма по военно - полевой почте. Аубакир писал, что он на войне, что тогда, после возвращения в Каркаралы,  женился, и есть у него жена и родились двое детей. Больше никаких вестей от него никогда не было. «Наверно погиб на фронте, был бы жив, он обязательно пришел бы к нам» – в полголоса рассуждала Улжан. Таким образом, навсегда были потеряны связующие нити  с Каркаралы.
      После смерти отца забота за маму и сестер ложится на плечи  Кабышкена. С  детства  помогая по хозяйству в доме, а потом и в колхозе, совмещал и учебу в школе.  Закончил  7 классов, писал в основном на латиннице.  Очень  любил читать жыры и дастаны, а когда появились первые радио-проигрыватели на ножках, любил по несколько раз прослушивать  пластинки «Қобланды», «Айман-Шолпан» и т.д.  Характер был властный, все делал так, как сам считал нужным, в чужом уме не нуждался. Ставил цели – добивался, за дело брался – всегда получал результат. Благодаря этим качествам заслужил к себе уважение, обеспечив тем самым себе достойную жизнь. В годы войны, в свои 14 лет, вместе со всеми тыловиками трудился в своем ауле Жарымбет Дробышевского района Омской области, трактористом.
      В  1946 году был образован Дробышевский совхоз овцевод (со слов старых жителей) и  мужчины - аулчане занялись овцеводством. Успешно трудился и Кабышкен. В свои 30 лет  был уже передовым чабаном в Аулсовете, в который  входили казахские селения Шортомбай, Кульдинен, Канат, Едиль, Еке-Агач, хутора Медет, Курумбель, Аканкуль и т.д. ( Примечание: Аулсовет № 6 в 1937 году влился в Октябрьский сельский совет, перед началом Великой Отечественной войны объединял 13 мелких казахских аулов). 
       В  колхозах района насчитывалось овец и коз – 16500, настриг шерсти составлял - 3,1 кг с овцы. В обиходе сельских жителей появляются новые слова «план» и «соцсоревнование».
      За  высокие показатели в соцсоревнованиях 1956-1961 годов Кабышкен был делегирован участником совещания передовиков сельского хозяйства краев, областей и автономных республик Сибири, состоявшегося в г.Новосибирске в марте 1961 года. С 1961 по 1971 годы работал зоотехником в селе Жарымбет, где и прожил с семьей долгие годы.
       Женился  он в 1948  году на сельской учительнице Кенжекей. У них родились дети Бекмырза, Асия, Даметай, Салтанат, Накаш и Балкен. В 1961 году на 55 году жизни умерла мама Улжан. Погоревав о тяжелой утрате, Кабышкен начал подумывать о родных краях своего отца, ведь все эти годы жили они в ауле с нағашылар (с родственниками по материнской линии) и для начала решил переехать в приграничную Павлодарскую область. 
      Таким образом в 1971 году  с семьей переехал в Казахстан, в совхоз им. Амангельды на «Птичник», где было два дома.  Один  стоял ближе к Амангельды, а второй стоял дальше и во вторую  половину дома, где до сих пор живет бабушка Каралюс , поселилась семья Баяхметовых. 
      Директор совхоза Мищенко В.В. предложил Кабышкену  работу чабаном, дал отару овец. Тем временем, в 1972 году женился сын Бекмырза на девушке Шамшикамар с соседнего Каракудука. У девушки на тот момент уже не было в живых своего отца, заменял его – дядя,  брат отца Амангелды. Он был зажиточным, уважаемым и очень известным в окрестности человеком. При доме держал магазин, занимался торговлей.
       Кабышкен сыну сыграл пышную свадьбу, гостей понаехало как с ближайших сел, так и с российских. От души веселились, пели и плясали и веселили гостей артисты с районного Дома культуры. Кому, как не им  хозяйничать! Жених-то их  коллега – культработник, завклуба совхоза. До утра играла живая музыка «эстрада», а потом выезд на природу в «Белики» и «Сегіз пішен». Свадьба  длилась и продолжалась целую неделю пока не разъехались все гости.
      Как оказалось невестка Шамшикамар любила лошадей и была лихой наездницей.  Вместе  с золовкой Даметай,  начала помогать свекру в его работе с отарой. Были они его первыми помощницами,  целыми днями пасти овец им было в радость.  И Кабышкен целиком и полностью доверял им отару. Помогали они и  во время окота овец на сахмане. Словом  был семейный подряд. 
       В 1973 году, в том же доме на «Птичнике» родилась внучка Айгуль. И опять повод собрать гостей, и снова гулянка!  В общем жилось всем весело и беззаботно.
       В 1974 году семья переселилась на центральную усадьбу совхоза Амангельды в отдельно стоящий дом, в котором до их переезда жила семья парторга Жумадилова Каиржана. Рядом стоял  такой же второй дом  Елеусизовых. Дома эти были  с очень высокими потолками,  площадью  100 кв метров,  и с огромной территорией  двора. В  доме  был  телефон, была подведена вода, за домом был  палисадник, где цвели  акации, смородины красная и черная (садовая), а в самой середине палисадника рос «кудрявый» клен, в соседстве с высокими тополями. 
      В этом доме выросли внуки Айгуль и Адлет и жили до отъезда в город,  до 2000 года…. 
       В дальнейшем Кабышкен перевелся фуражиром. На  этой должности он достойно проработал до 1983 года.  К этому времени и дочери Асия и Даметай обзавелись семьями.
       Асия работала бухгалтером отделения №1, потом бухгалтером в сельском совете.  Всегда  помогала отцу с фуражирскими отчетами. В 1976 году вышла замуж за молодого специалиста-зоотехника Бултыкова Елтаса. Они  тоже проживали в совхозе Амангельды. Первым их домом  была квартира на хуторе, где родились дети Шынара, Ныгмет и Динара.  Старшую Шынарку с детства на хуторе все знали и по-особенному любили. От других детей отличалась она прямолинейностью, остроумием и храбростью. Да и соседи все были добрые: Туяқ  әтәй и Жібек тате, Қайныш-Шакар, Саттар-Қарлығаш, Аманжол-Люба, Ғалымжан-Күміс, Степановы, Мусины, Балыковы, Айтмагамбетовы. 
       Даметай с семьей жила в Кутузовском совхозе.
       Салтанат, после Амангельдинской средней школы окончив на отлично Павлодарский экономический техникум, продолжала обучение в институте Народного хозяйства  в г.Алма-ата.
       Накаш училась в Павлодарском пединституте, а Балкен в Целиноградском  строительном техникуме. 
      Вырастив и поставив всех своих детей на ноги, осенью 1983 года Кабышкен, в 57 лет покинул этот мир.
      После годовщины смерти отца, ушел и Бекмырза из жизни. На этом и закончилась беззаботная и праздная жизнь в доме Баяхметовых. Началась другая жизнь. Было тяжело в доме без мужчин. Пришлось Шамшикамар  все тяготы жизни преодолевать самой. Помогали братья Кабдолла и Шайдолла, а там подросли и дети.
      Дети Бекмырзы - дочь Айгуль и сын Адлет  сами встали на ноги, выучились, получили высшее образование. Айгуль работает учителем, Адлет трудится на заводе. У обоих свои семьи и дети. Айгуль воспитывает двух дочерей: старшая Зарема пошла по стопам мамы - тоже педагог, младшая Нурана студентка. 
     На  сегодняшний день продолжателями рода Баяхмета являются «внуки - их жизни продолжение»  Адлет и его уже взрослые сыновья Алдияр и Аспандияр. Недалек и тот день, когда  имена их сыновей  займут заветную седьмую позицию в генеологическом древе –шежіре - и будет у рода Баяхметовых «жеті ата»!    
         Құдабай  → Баяхмет → Қабышкен → Бекмырза → Адлет 
                                                                                                    ↓        ↓
                                                                                          Алдияр     Аспандияр
Ведь, испокон веков казахи трепетно относились к своему прошлому и традициям. Почтительное отношение к истории прививалось через знание Жеті ата, к сожалению, родословная Баяхметовых подверглась «трансформации» в советский период, но они всегда помнят о своих корнях, считают, что незнание семи предков – признак сиротства. 
«Жақсы әкенің аты жаман балаға қырық жыл азық»  - «Имя хорошего отца кормит плохого сына сорок лет», в этом 2023 году  исполнится 40 лет с даты смерти Кабышкена, а в 2024 году Бекмырзы». 
                                                                                                                   

Автор  Айгуль Бекмырза
 

 

Категория: История | Добавил: Admin
Просмотров: 112 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/5


Всего комментариев: 0
Verify you're human *: