Атамыз Амангелді Мырзалыұлы 1916 жылы Павлодар обылысы, Ертіс ауданы, Қарақұдық ауылында қолөнер шебері, ұстаның отбасында дүниеге келген. Руы – құлатай қыпшақ, оның ішінде байжігіт. Атамыз балалардың үлкені, одан кейін інісі мен қарындасы бар еді. Балалық және жасөспірімдік шақтары туған өлкелерінде өтті. Ол кезде Қарақұдық ауылы үлкен ауыл болды, өзінің ауыл басшылығы, мектебі, дүкені бар. 40 жылдары Амангелді колхозының орталығы болды.7 жылдық мектебі болғандықтан маңайындағы ауылдардың мектеп жасындағы балалары Қарақұдыққа келіп оқитын.1941 жылдың тамыз айында атамыз әскер қатарына шақырылып, майдан даласына аттанды. 120 атқыштар полкінің атқыштар