Всего материалов в каталоге: 54
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 »

Қадыров Жылқыбай Бейсембайұлы

Күні кеше мынау өмір тірлікте аралас, құралас жүрген, жаныңа етене жақын адам туралы өткен шақпен айтудан қиыны жоқ, шығар. Қазір мәңгілік мекенінде болғанмен ол туралы жылы лебізіңді білдіру міндетің секілді болады да тұрады екен. Қолға қалам ұстаған уақыттан бері, бірге жүрген, қызметтес болған талай ағалар, жолдас жоралар туралы жазғаныммен, Жықаң туралы (өзім осылай атаушы едім) жазбаған екенмін. Сол олқылықтың орнын толтыру мақсатында Жылқыбай Бейсембайұлы Қадыров жайында көрген-білгендерімді, есімде қалған кездесулер қақысында кештеу болса да, көппен бөлісуді жөн көрдім.Ертіс ауданында анау билік басында отырғандардан бастап, шалғайдағы ауыл аралығында Жықаңды

История
2
424
Admin
27.05.2023
0

Жанұя - бақыттың тірегі. Сүлейменұлы Әлмұхамбет (Әлкен) отбасы.

Ардақты әкем, асқар тауым, ақылшым момын еді. Кусаинов Әлкен, шын аты Әлмухамед Сүлейменұлы, руы Құлатай Қыпшақтан тараған Байжігіт. 1918 жылы Ертіс ауданы Павлодар облысы Ақсу ауылында дүниеге келді.Балалық шағы осы ауылда өтті. Өмірінің соңына дейін осы ауылда тұрды. Әкеден ерте жетім қалса да, еңбектеніп өз қатарынан қалмай өсіп өнді. Ауылда жұмыс бітпейтінін барлығымыз білеміз. Әкеміз ерте еңбек ете бастады, себебі күн көру мен бірге жетімдіктің дәмі ашшы екені анық. 1930 жылы Ақсу ауылының бастауыш мектебін бітіріп, сауатын ашты, әріп танып, жазу мен оқуды білді. Есейе келе ауылдың негізінде құрылған «Жаңа таң» колхозында жұмыс істей бастады.

История
0
388
Admin
25.05.2023
0

Махмет Қажмағамбетұлы

Біздің әкеміз, Махмет Қажмағамбетұлы, 1928 жылдың 9 мамырында бай әрі еңбекқор отбасында дүниеге келген. Оның атасы Науке Аралбайұлы ұлан-ғайыр жайлаулардың иесі болған, патша заманындағы ресми құжаттарда Шолақсай ауылының иесі ретінде тіркелген еді. Кейін кеңес өкіметі тұсында сол ауыл Амангелді совхозының екінші бөлімшесіне айналды. Біздің бабамыз Науке патша заманында Меккеге қажылыққа барып, қасиетті жерлерден оралған соң дүниеге келген ұлын Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) құрметіне Қажмағамбет деп атаған. Ата-бабаларымыздың малы көп болғандықтан, оларға қарауға бөгде адамдарды жалдайтын. Сол арқылы ауылдастарының көптеген ата-әжесі большевиктер ұйымдастырған ашаршылықтан аман қалды. Бірақ адамдардың қызғанышы алғыс орнына тыныш әрі бақытты өмірді бұзды: 1937 жылы «жұмысшы мен шаруалар елі» деген елде репрессия басталды.

История
1
405
Admin
01.04.2023
0

Сәуірбаев Мұхаметәлі

Сәуірбаев Мұхаметәлі 1931 жылы Омбы облысы Русская Поляна ауданы Қаратал ауылында дүниеге келген. Әскерге шақырылғанға дейін Смайылова Нұрбикемен отбасы құрған. Смайылова Нұрбике Ахмедияқызы 1932 жылы Көкшетау облысы Қызылту ауданы Херсон ауылында дүниеге келген. Жас отбасы 1963 жылға дейін Омбы облысы Русская Поляна селосында тұрған. Кейінірек Ертіс ауданы Амангелді совхозына көшіп келеді. Бұл жерде механизатор-тракторист болып жұмысқа орналасады. Сәуірбаевтар 3 бала тәрбиелеп өсірді. Сәуірбаев Мұхаметәлі өте мейірімді, әділетті, әр адамға қол үшін беруге дайын адам болды. Еңбек жолында өте адал, жауаптыболғаны үшін бірнеше рет мақтау грамоталарымен 

История
0
304
Admin
25.03.2023
0

Мусапиров Қайкен Әміреұлы

Мусапиров Қайкен ақсақал 1922 жылы 1 мамырда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Жаңатаң колхозында, қазіргі Амангелді ауылының кезіндегі Ақсу бөлімшесінде дүниеге келген. Бір жасқа толмай әкесінен айрылып, он жасында анасынан жетім қалып, Қайкен ақсақал Ертіс ауданындағы балалар үйінде тәрбиеленіп, 7 жылдық мектепті тәмамды. 1942 жылы Ертіс аудандық әскери комиссариятына шақырылып, қызыл әскер қатарына қосылды. Сол жылдың 16 маусымында әскери антын қабылдап,Қиыр-шығыс шекарасында әскери қызметін атқарып, жеңісті сонда қарсы алды.1945 жылы Жапонияға қарсы соғысқа қатысты. 1945-1948 жылдары Қиыр-шығыс Тынық мұхиттық округі, Подгорный заставасында сержант

История
0
397
Admin
25.03.2023
0

Бейсембаев Айткеннің отбасы

Бейсембаев Айткеннің (Айтмұхаммед) ата-тек əулеті Ертіс өңіріндегі Омбының Сағал бөлімшесіндегі қыпшақтардан бастау алады. Бұл əулет Омбы облысы аумағына ХІ ғасырдан қоныс аударған. Іргесі XVI ғасырдың басындағы «Сағал зираты» атты əулеттік қорымдардың бірі Бозан ауылының маңайында орналасқан. Бұл əулеттің атақты да қайталанбас тұлғаларының бірі XVIIІ ғасырдағы қазақ- жоңғар соғысында танылған Түгел батыр. Батырдың ұрпақтары бүгінгі күндерге дейін Ресей мен Қазақстанның Омбы жəне Павлодар облыстары аумақтарында өмір сүреді. 1875 жылға дейін сағал-қыпшақтар Cағал-қыпшақ болысына қарасты саналатын. Айткен Бейсембаев 1923 жылы мамырдың 9-шы жұлдызында Ресейдегі 

История
0
356
Admin
24.03.2023
0

Кәкім Қажмағамбетұлы

Жер бетінде адамдардың жүрегінде мәңгі сақталатын ерекше әсер қалдыратын орындар бар. Кәкім атамыз үшін осындай орын – туған жері, Павлодар облысындағы Амангелді ауылы еді. 1950-жылдардың ортасында тағдыр оны қайта осы жаққа әкелді, және дәл осы жерде оның өмірінің ең маңызды, еңбекке толы әрі бақытты кезеңі өтті.Амангелдіде өткізген жылдарға арналған естеліктер – жай оқиғалар тізбесі емес, дала шөптерінің иісімен, шексіз кең дала көріністерімен, оттың жылылығымен және ауылдастарының ізгі ниетімен өрілген тірі өмірдің әдемі көрінісі. Амангелді ол үшін тек картаның бір нүктесі емес, рухының туған жері болды. Мұнда әр күн адал еңбек, отбасыға қамқорлық және өз ісіне берілу мәнімен толы еді.Осы 

История
2
379
Admin
14.03.2023
0

Мурзалиновтар әулеті

Атамыз Амангелді Мырзалыұлы 1916 жылы Павлодар обылысы, Ертіс ауданы, Қарақұдық ауылында қолөнер шебері, ұстаның отбасында дүниеге келген. Руы – құлатай қыпшақ, оның ішінде байжігіт. Атамыз балалардың үлкені, одан кейін інісі мен қарындасы бар еді. Балалық және жасөспірімдік шақтары туған өлкелерінде өтті. Ол кезде Қарақұдық ауылы үлкен ауыл болды, өзінің ауыл басшылығы, мектебі, дүкені бар. 40 жылдары Амангелді колхозының орталығы болды.7 жылдық мектебі болғандықтан маңайындағы ауылдардың мектеп жасындағы балалары Қарақұдыққа келіп оқитын.1941 жылдың тамыз айында атамыз әскер қатарына шақырылып, майдан даласына аттанды. 120 атқыштар полкінің атқыштар

История
0
372
Admin
12.03.2023
0

Степановы

В летописи каждой страны есть события, по масштабу имеющие глобальный, а по историческим параметрам эпохальный характер. Для Казахстана и других независимых государств бывшего Союза таким событием стало освоение целины. Только за год с марта 1954 по март 1955 года в Казахстане было организовано 337 совхозов, одним из таких совхозов был и совхоз Амангельды, созданный в Иртышском районе Павлодарской области. На освоение целинных земель приехало много людей из разных регионов, тогда большой и дружной страны, – СССР. Среди тех, кто прибыл, были и будущие родители Виктора Степанова: Нина Дмитриевна Шубина и Владимир Тихонович Степанов, судьба их 

История
0
334
Admin
27.02.2023
0

Ахметовтар отбасы

Менің әкем Ахметов Зәйкен құжат бойынша 3.05.1927 жылы туған. Амангелді ауылының жанында 3 км. Қашықтықта орналасқан кішкентай Қарақұдық атты ауылда дүниеге келген.Аталған ауылдың 7 жылдық мектебін бітірген, ұстазы Балтабаев Жауда ақсақал болған. Әкем есепке өте жүйрік болған, сыныптағы қыздардың есептерін шығарып береді екен. Мен бастауыш сыныпта оқығанда маған да көмек қолын созатын. Ұлы Отан соғысы басталғанда небәрі 14 жаста болатын. Соғысқа қатысқан жоқ, бірақ жеңіске өз үлесін қосқан. Жолдасы Бейсекеев Базарбай екеуін Теміртау қаласына заводқа жұмысқа жіберген.Сол заводтың прокатный цехінде жұмыс істеген. Елдің үлкендері Қарағанды шахтасында деп 

История
0
387
Admin
27.02.2023
0