20.04.2020, 00:30 | |
Аудан оқу бөлімінің бастығы Шарипов Аманбол Құлмырзаевич бір келгенде Амангелді ауылы – қазақ ауылы, мектепті неге қазақ тіліне ауыстырмайсың деген пікір айтты. Бұл қиын процесс болды. Мектепте және институтта орысша оқыған мамандарға өте қиын болды. Осы орайда ұстаздарға қайта дайындау курстарынан өтулеріне тура келді. Қазақ тілі мұғалімдері қажет болып, басқа қазақ ауылы мектептерінен Әбілманова Жібек Шажановна, Балажанова Ақжайық Мағытайқызы, Аушенова Рымтай Аманболқызы, Аушенов Медет Аманболұлы, Кажикатова Раушан шақырылды. Шәкірт тәрбиелеу ісінде аталған ұстаздармен қоса келесі мамандардың еңбегі көп болды. Олардың қатарында Жанасова Кабира Кайдаровна, Кажатова Бағиран Айтжановна, Балтагулова Гүлнара Каримовна, Асылбаева Майшарап Наурызбаевна, Сагитжанова Гүлден Космановна, Бахтиярова Фарида Әбілмажиновна, Карагатеева Алтын Сағатовна, Нургалиева Торғын, Бейсембаева Роза, Көпбергенов Нұрлан Қазбекович, Көпбергенова Ляззат Матаевна, Көпбергенова Сәуле Казбековна, Сейітов Қажым, Иманжанов Рамазан, Шарыкбаева Шакар Шарыкбаевна, Төлеш Мекебаевна, Жумабаева Нафиса Боранбаевна, Еділбаева Айжан, Сарсенова Шынар Бектасовна, Тукенова Ағжан, Қызкенов Ақылбек, Арғынбаев Жанат Төлешович, Амангельдинов Бауыржан Қайырович және т.б. бар. Өкінішке қарай, балалар тәрбиесінде орасан зор еңбек еткен химия пәнінің мұғалімі Бибігүл Мүталаповна қазіргі уақытта арамызда жоқ. Бөлімшелерден келген балалар интернатта тұрды. Әр жанұядан шыққан балалардың тәрбиесімен айналысу жұмысында Асылбаев Теміртөлеу Мұқатайұлының және Тлектес Амановнаның еңбектері зор болды. Мектеп ұжымы совхоз жұмысына араласып отырды. Бұл орайда Бекеев Халел Садвакасович, Карыбаев Теміржан Қайыржанұлының және Кажикатов Жүніс Иманбаевичтің еңбетері зор. Қиыншылығы мен қызығы мол мектеп өміріндегі жұмысты Намыс Мұқатайұлы әрқашан жылы лебізбен еске алып отырады. Намыс Мұқатаевич Амангелді орта мектебінде 25 жыл жұмыс істеп, оның 20 жылын мектеп директоры ретінде қызмет атқарды. Намыс Мұқатайұлы жоғары дәрежелі ұстаз, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі. Бірнеше аудандық және облыстық оқу орындарының грамоталарымен марапатталды. 2001 жылы Павлодар қаласына келіп №22 және №39 мектептерінде физика пәнінен сабақ беріп, 2005 жылы зейнетке шықты. Намыс Мұқатайұлы бірге істеген әріптестеріне шексіз алғысын білдіреді. Ақпарат берген Асылбаев Р.Н.
| |
Қараулар: 925 | Загрузок: 1 | |
Всего комментариев: 0 | |