
Ата-баба – өз отбасы мен елінің тарихына орасан зор үлес қосқан тұлға. Ол – тек ата-баба емес, сол дәуірдің өшпес символы. Бұл ретте, біздің атамыз, Қажат Байниязұлы туралы сөз қозғағымыз келеді. Қажат Байниязұлы 1912 жылғы дүниеге келді. Балалық және жастық шағы кейін Амангелді ауылына қарасты болған Шолақсай, Ақсу, Қарақұдық ауылдарында өтті. Ол кез түрлі саяси құбылыстарға толы кез еді. Көп ұзамай, 1914 жылы басталған Бірінші дүниежүзілік соғыс дүниені дүр сілкіндірді. Көбі үшін болашақ бұлыңғыр болып көрінді. Қажат Байниязов ол кезде әлі бала еді, десе де ол еш қиындыққа мойымай, ерте жастан жұмыс істей бастады. Ол ұлы өзгерістер мен жарқын болашақтан үмітін үзбеді. Сауатын ауылдың молласынан ашып, төрт сынып бітірді. Жақын жерде білімін әрі қарай жетілдіретін мектеп болған жоқ еді.
1941 жылғы маусымда Ұлы Отан соғысы басталғанда оны Павлодар облысындағы Ертіс ауданының әскери комиссариатына шақырды. Қажат Байниязов 4-жеке теміржол полкінде қызмет еткен. Соғыс кезінде теміржолдағы әскерилердің жұмысы өте қауіпті әрі жауапты болған. Себебі олар артиллерия бомбасы мен жау бомбасының атылып жатқанына қарамастан, қажет оқ-дәрілер мен жұмыс күшін дер уақытында жеткізіп отырды. Мысалы, КСРО теміржол министрі Н.Конарев өңдеген «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы теміржолшылар» атты кітапта:
«Майдан жылдарында жау авиациясы ірі теміржол өткелдеріне, станцияларға және басқа объектілерге 20 мыңға жуық рейд жүргізді, 100 мыңдаған бомбаны тастады. Соған қарамастан майданда теміржолшылар үлкен көлемдегі қажет заттарды тасылмалдады. 1941 жылдың күзіндегі Мәскеудің ұлы шайқасына дайындық күндері теміржол пойыздары болат тас жолдары арқылы Сібір және Қиыр Шығыстағы дивизия арасында тез қатынауға тырысты. Қаһарман теміржолшылар, тіпті, жау қоршап алған Ленинградқа да азық-түлік пен қару-жарақ жеткізді. Сталинград түбіндегі жауды жою үшін пойыздар арқылы қарулар, оқ-дәрілер және азық-түлік тасыды, әскерилер қатынады. 1943 жылы Курск буліндегі шайқас кезінде еш кедергісіз әскери пойыздар мен көліктер тасымалданды. Олардың ең ауқымды әскери операциясы 1944 жылғы шабуылдау сәті мен 1945 жылы майданның аяқталуы кезінде жүзеге асырылды. Жалпы, соғыс жылдарында майданға 443 мыңнан астам пойыз жеткізілді. Тасымалдау жұмысы үшін 20 миллион вагон қажет болды. Сол себепті теміржол әскери қызметкерлерінің еңбегін бір сөзбен ғана бағалау өте қиын», – деп жазылған. Ол қаһармандардың ішінде біздің атамыз Қажат Байниязов та болды.
Германияның жеңілісінен кейін Қажат Байниязов Кеңес әскері сапында Қиыр Шығыстағы қақтығыстарға қатысып, Жапонияға қарсы болған соңғы шайқастарды бастан өткерді. Қан майданның ауыр тпалығын арқалаған жауынгер 1946 жылғы қараша айында әскерден босап, туған топырағына табан тіреді. Сол жылы Пушкин ауылының тумасы, қазіргі Ағашорын ауылы, Бәтима Әмірханқызымен отау құрып, өмірдің жаңа белесін бастады. Соғыстан кейін елге оралған ол туған ауылында маңдай терін төгіп, бейбіт еңбектің берекесін көрді, жұртына адал қызмет етті. Ол бригадирлердің «Жаңа Таң» атты колхозында жұмыс істеді. Сонымен бірге көктемгі дала жұмыстары, жем-шөп жинау және күзгі астық жинау жұмыстарын жүргізді. 50-жылдардың басында Қарақұдық ауылындағы Амангелді атындағы колхоздың төрағасы болып тағайындалды. Себебі Амангелді совхозы құрылған кезде ол тәжірибесімен, белсенді болуымен және таптырмайтын күш-қуатымен ерекше көзге түскен еді. Фермада бригадир, менеждер сияқты түрлі салада қызмет етіп, еңбегін жалғастырды. Зейнетке шықса да, 1981 жылға дейін аянбай еңбек етіп, тер төкті. Ерен еңбегінің арқасында ол бірнеше рет алғыс хат пен марапатқа ие болды. Отанына, еліне, халқына істеген адал қызметі үшін Қажат Байниязов ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденіне, Г.К.Жуков медаліне, Еңбек Қызыл ту орденіне, ие болды. Сонымен бірге В.И.Лениннің 100 жылдығына орай «Ерен еңбегі үшін» медалін, «Еңбек ардагері» медалін және тағы басқа марапаттар алды.
Қажат Байниязов тек қазақ халқының емес, өзінің шағын мемлекеті - отбасының тіреуі болды. Жары Бәтима Әмірханқызымен отау құрып, екеуі 7 бала, 11 немере және 12 шөбере тәрбиелеп өсірді.
Байниязова Батима Амирхановна Ертіс ауданы Пушкин ауылында туып-өскен. 1946 жылы үйленді. Сауыншы болып жұмыс істеді, ал балалары дүниеге келгенде бала тәрбиесімен
Үлкені - Қажатов Қайыржан Қажатұлы 1947 жылы туған. Мектепті бітіргеннен кейін армияда қызмет етті, содан кейін агроном болып жұмыс істеді. 1970 жылы Жоғары партия мектебіне жіберілді. Одан әрі Торғай облысы, Арқалық кентіне жіберілді. 1990 жылдың аяғында оңтайландыру процесінде аймақ жабылды. Қайыржан туған өлкесіне оралып, одақ ыдырағанға дейін Иса Байзақов ауылында парторг болып жұмыс істеді. 2000 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін мектеп директоры болып тағайындалды. 2019 жылы 72 жасында қайтыс болып, Иса Байзақов ауылында жерленген.
Қажатова Биғайша 1949 жылы дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін ол педколледжге түсіп, зейнеткерлікке шыққанға дейін мұғалім, мектеп директоры болып жұмыс істеді. Аудандық мәслихаттың бірнеше дүркін депутаты болды. Ол құрметті мұғалім болды. 2021 жылы қайтыс болып, Астана қаласында жерленді.
Қажатов Қайырбай 1951 жылы туған. Оқуды бітіргеннен кейін әскерге кетті, содан мұғалім, басқарушы, бригадир болып жұмыс істеді. 2005 жылы Кайманачиха ауылының әкімі болып тағайындалды, онда 2008 жылға дейін қызмет атқарды. Амангелді ауылында қайтыс болып, жерленген.
Байниязов Боранбай 1957 жылы дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін әскерде қызмет етті. Механизатор, механик, кірпіш зауытының директоры болып жұмыс істеді. 2001 жылы Амангелді ауылының әкімі болып тағайындалды. 2011 жылдан бастап Павлодар қаласының Қазақстандық электролиз зауытында жұмыс істеді, онда зейнеткерлікке шыққанға дейін қызмет атқарды. Қазіргі уақытта зейнеткер, Павлодар қаласында тұрады.
Байниязова Айман 1960 жылы дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін институтқа түсіп, Павлодар қаласының түрлі мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта зейнеткер, Павлодар қаласында тұрады.
Байниязов Теміржан 1964 жылы дүниеге келген. Мектептен кейін Кеңес Армиясында қызмет етіп, техникумға түсті. Техникумды бітіргеннен кейін трактор-дала бригадасының бригадирі болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Өскемен қаласында тұрады.
Қажатов Темеш 1967 жылы дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет етіп, одан әрі институтқа оқуға түседі. Бітірген соң Амангелді ауылында агроном болып жұмыс істеді. 2000 жылдарының басында Мемлекеттік өсімдіктер карантины инспекторы болып жұмыс істеді. Аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды. Қазіргі уақытта Ертіс ауданының аумағындағы ЖШС директоры, Павлодар қаласында тұрады.
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын өнегелі тәрбие – адамның тұлға ретінде қалыптасуы мен оның әлеуметтік дағдыларына тікелей әсер ететін негізгі фактор. Зерттеулер көрсеткендей, балалардың дамуы мен олардың болашақ өмірдегі жетістіктері ата-ана мен ата-әженің тәрбиелік стиліне, рөліне байланысты. Мұны біздің ата-апаларымыз жақсы түсінді, сол себепті артынан қалатын ұрпағының тәлім-тәрбиесіне аса қырағы болды. Өздері тағдыр тауқыметін көрсе де, балаларына махаббат пен ізгілікті, білім мен ғылымды дәріптеуге тырысты. Олар сүйіспеншілік пен құрметке, еңбек етуге, адал болуға, үлкендерді сыйлауға, білім мен ғылымды қуып, елдің дамуына үлес қосуға, табиғатты сүюге баулыды. Оқуға жақын баласына Абайдың қара сөзін, Шәкәрімнің дастанын оқып, шаруаға пысық баласына табиғаттың тылсым дүниелерін таныстырып, табиғатты аялауды үйретті. Олар бұл өмірдегі әр адамның өз миссиясы бар екенін түсіндірді. Соның арқасында бүгінде олардың әр ұрпағы қоғамда өз орны бар тұлға болып қалыптасты. Ата-бабаларымызды мақтан тұтамыз. Оларға алғысымыз шексіз.
Мұндай ұлы тұлғаларды ешкім ешқашан ұмытпайды!
Ақпаратты бергена Кажатова А.Т.


Наградалары:

|