26.11.2022, 11:40 | |
Темірбай Сләмұлы Бекжігітов 1950 жылы 2 қыркүйекте Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1955 жылы отбасы әкесінің туған елі Ертіс ауданы Ақсу ауылына көшіп келген. 1957 жылы Ақсу қазақ бастауыш мектебіне 1 сыныпқа барып 1961 жылы үздік бітірген. 1961-1965 жылдары Амангелді сегізжылдық мектебінде оқып, үздік бітіріп, 1965-1967 жылдары Омбы облысы Павлоград ауданы Южное орта мектебінде оқып, 1967 жылы Омбы педагогикалық институтына оқуға түсті. 1972 жылы математика факультетін тәмәмдап, Тавричан ауданы Любомировка орта мектебіне жолдамамен мұғалімдік жұмысына қабылданды. Сол мектепте 40 жыл бойы мұғалім, мектептің оқу меңгерушісі болып 2012 жылы зейнетке шықты, Ресей мемлекеттік еңбек ардагері атағын алып. Сол 40 жылдың бойында мұғалімдік жұмыспен қатар көп қоғамдық жұмыс атқарды партия ұйымының хатшысы, партия комитетінің мүшесі, кәсіподақ комитетінің төрағасы, аудандық кәсіподақ комитетінің мүшесі, бүкілодақтық «Білім» қоғамының бастауыш ұйымының төрағасы, аудандық әдіскерлер одағының төрағасы ретінде. Ауыл, аудан кеңестерінің депутаты болып сайланған. Қоғамдық жұмыс және үздік оқу-тәрбие қызметі үшін неше түрлі құрмет грамоталарымен марапатталды мектеп, аудан, облыс, министрлік деңгейде. Мұғалім-әдіскер атағының иегері. Зейнетке шыққасын шежіре жинаумен айналысып, бастапқыда Ақсу, Қарақұдық, Амангелді ауылдарындағы жерлестерінің шежіресін құрастырды. Одан бұл жұмысты ұлғайтып, әріптестер тауып, Құлатайдан тараған Қожан Қыпшақ шежіресін электронды кітап қылып дүниеге шығарды. Павлодарлық "Ертіс"телеарнасына сұхбат. "Омбы қазақтары" қоғамының 20 жылдық мерей тойында.
| |
Қараулар: 317 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |