Сансызбай Амангелдіұлы Кабжалялов 1964 жылы 1 қаңтарында Ертіс ауданының Амангелді аулында дүниеге келді. 10-сынып оқуын бітіріп, Омбы қаласында жүргізуші мамандығын оқытатын профтехучилищеге түсті. Әскерде борышын өтеп келген соң, екі жыл Омбыдағы Попов атындағы радиозауытта жүргізуші-сынақшы болып жұмыс істеді. Інісі Дүйсембай Омбы мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, қарындастары Алмагүл және Айгүл Павлодар педагогикалық институтқа түскендіктен, 1986 жылы Сансызбай отбасымен қайтып туған ауылына оралды. Жұмыс жолын кірпіш зауытында жалғастырды, кейін совхоз автогаражының жүргізушісі және комбайнер болып жұмыс жасады. |
Амантай (Амангелді) Кабжалялов 1942 жылы Ертіс ауданының «Пушкин» аулында дүниеге келген. Ажеке ұлын Қабжалалді соғысқа шақыртқан, бірақ броньмен қалып қайтып келгенінде, жаңадан туған ұлының атын Амангелді деп қойған екен. Ол кезде ауылда бастауыш мектеп ғана болатын. Амантай «Жаңа таң» аулында үш классты бітіргеннен кейін, ауылда оқу болмай, балалар саны толмай, көрші Ресейдің «Қаратал» аулында 4 классты бітірді. Содан кейін Ертіс қазақ орта мектебінде оқыды. 10 классты бітірген соң ауылда мұғалім болып қызмет жасады. Семей қаласының пединститутында сырттан оқып, тарих пәнінің мұғалімі болды. |
Ажекеұлы Қабжәләл 1900 жылы Ертіс ауданының «Ақсу» аулында дүниеге келген, кейін «Ақсу» аулы негізінде «Жаңа таң» колхозы құрылды. Молдадан сабақ алып, араб жазуы мен оқуына үйренген. Кейін өзі де балаларды оқытқан. Ол кісі, жоғарғы білім алмаса да, өз талпынысымен сауатын ашқан. Сол кездегі шыққан әдеби кітаптар үйінде көп болатын. Ажеке ұлы Қабжәләл Абайдын өлеңдерін, Сұлтан Махмұттың өлеңдерін жатқа айтып отыратын. |
Бұл видеодағы көріністер тарих қойнауына кеткен. Бірақ көп жылдан кейін қарап отырғанда көп адамдар, көп нәрсе еске келіп, адам баласын толқытады екен. Көше адамға толы, үлкендеріміз әлі арамызда, елімізде той...Наурыз мейрамы. Кадры с этой записи уже давно стали историей. Однако, когда смотришь спустя много лет, многое вспоминается, и наступает ностальгия. Улицы полны людей, все еще живы, у нас праздник... праздник Наурыз. |