2026 жылғы 4 ақпанда Павлодар қаласында жерлесіміз, алып күш иесі Нұрлан Қазбекұлы Көпбергеновтің өмірі мен спорттағы жарқын жетістіктеріне арналған «Күрлеуіттің баһадүр перзенті» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Тағылымды шара Торайғыров атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана қабырғасында ұйымдастырылып, әдебиет сүйер қауым мен спорт саңлақтарының басын қосты. Жиналған жұртшылықтың барлығы да туған жердің мерейін асқақтатқан азаматтың өнегелі өмір жолы жайлы сыр шертетін еңбектің жарық көруіне куә болуға келді.«Күрлеуіттің баһадүр перзенті& ... Әрі қарай оқу »
Амангелді ауылдық округінде әкімнің сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша округ әкімі болып Шарманова Алмагүл Сейсенбайқызы сайланды. Шешім округ тұрғындарының ашық дауыс беруі нәтижесінде қабылданды. Шарманова Алмагүл Сейсенбайқызы әкімдік міндеттерін 2026 жылғы 3 ақпаннан бастап атқаруға кірісті. Ол 1984 жылғы 15 тамызда Амангелді ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын білім беру саласында бастап, сол жерде алғашқы басқарушылық және ұйымдастырушылық тәжірибе жинақтаған. 2022 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейін Алмагүл Сейсенбайқызы Амангелді ауылдық окру ... Әрі қарай оқу »
1957 жыл. Ақсу ауылында мектеп қайтадан есігін ашты. Бұрын болған мектептер 40-шы жылдардың соңында жабылып қалған екен. Хамза деген азамат мұғалім болып істепті, менің естуімше. 1957-ші жылға дейін Ақсудың балалары басқа жерлерде оқыған, Қарақұдық ауылында, Ленин ауылында, Ертіс поселкасында, тағы басқа мектеп бар жерлерде. Бара алмағандары оқымаған. Сол 1957-ші жылында елге жаңа мұғалім келді, Халиуллин Мұхаметқали деген азамат, Үлгілі ауылының тумасы, қазақ пед училищесін бітірген. Келе біздің әкеймен жақын араласып біздің үйде пәтерде тұрды. Әрине ол кезде п ... Әрі қарай оқу »
Осы тақырып бойынша мамыр айында, ауылымыздың тойына дайындық басталған кезде чатта жазып едім, себебі кез келген мерейтойға кешенді түрде дайындалған жөн. Бірақ сол кезде уақытымыз аз болғандықтан осы мақаладағы тақырып шегерілді, бірақ күн тәртібіне алып тастаған дұрыс емес. Жақында Амангелді чатында туған ауылымызға жасанды интеллект шығарған әнді тыңдадыңыздар. Жалпы жаман емес сияқты, себебі адам бірден музыканың әсеріне түсіп қалады, бірақ шикілік өте көп және көзге ұрып тұр. Осы тақырыпқа байланысты біраз ойларымды алға салайын деген ниетпен осы мақаланы ... Әрі қарай оқу »
Нартуган – один из наиболее древних праздников кочевых тюркских народов, насчитывающий несколько тысяч лет. Его встреча приходится на время зимнего солнцестояния – с 21 по 25 декабря. Историки считают, что праздник сохранил память людей об эпохе оледенения северного полушария Земли. Праздник вырос из культа Солнца и перевести его можно как Рождение Солнца (Нур/Нар – свет, солнце, туган – рожденный), что символизирует победу сил света и добра над тьмой и злом. Чтобы не случилось катастрофы конфликтующих сил, номады в эти дни совершали спец ... Әрі қарай оқу »
Сайттың жұмыс істеуіне қолдау көрсеткен баршаңызға шексіз алғысымызды білдіреміз! Бар болғаны бір күннің ішінде сатымыздың атауы мен жылдық тарифтік жоспардың ақысын төлеуге қажетті қаражат жиналды.Біздің сайт 2011 жылдың қаңтар айында Амангелді ауылына арналған болашақ электрондық деректер базасы ретінде құрылды. Бүгінгі күні сайтқа жүздеген бет жазба ақпарат, мыңнан аса суреттер т.б. жүктелген. Жалпы деректер қоры ретінде өз функциясын атқаруда. Шамамен сол кезеңде сайттың домендік атауы да сатып алынды. Содан бері домен атауы бөгде адамдардың иелігіне өтіп ке ... Әрі қарай оқу »
Қадірлі жерлестер мен сайтымыздың қонақтары! Сіздерді 25 қазан — Қазақстан Республикасының Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке – халқымыздың тәуелсіздікке деген асқақ рухы мен ел тағдырындағы тарихи бетбұрысты бейнелейтін ең қастерлі күндердің бірі. Осы күні біз өткенге тағзым етіп, болашаққа сеніммен қараймыз, өйткені әрбір жетістігіміздің бастауы – сол ерлікке толы, елдікке бастар шешімде жатыр. Бүгінгі бейбіт өміріміз, кемел келешекке ұмтылған азат еліміздің еңселі жетістіктері – тәуелсіздіктің ақ таңы атқан сол кү ... Әрі қарай оқу »
1 қыркүйек – баршаға қуаныш сыйлайтын Білім күні! Бұл күн – жаңа оқу жылының басталуымен ерекшеленіп қана қоймай, ұрпақтың болашағына бағыт-бағдар беретін, жас ұланға қанат бітіретін мерейлі сәт. Осы күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін жаңа өмірдің, жаңа арман мен үміттің есігі ашылады. Ал білім жолында жүрген жас өрендер үшін бұл – алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруға тағы бір мүмкіндік. Ұстаздар үшін – шәкірт тәрбиелеу мен
...
Әрі қарай оқу »
Биыл Қазақстан халқы ел тарихындағы аса маңызды белестің бірі – Конституциямыздың қабылданғанына 30 жыл толуын атап өтуде. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата Заңымыз еліміздің егемендігін нығайтып, мемлекетіміздің саяси-құқықтық жүйесін қалыптастырған басты құжат болды.Конституция – Қазақстан халқының ортақ мүддесін айқындаған, бірлігіміздің берік іргетасына айналған тарихи шешім. Онда әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықта
...
Әрі қарай оқу »