Сайттың жұмыс істеуіне қолдау көрсеткен баршаңызға шексіз алғысымызды білдіреміз! Бар болғаны бір күннің ішінде сатымыздың атауы мен жылдық тарифтік жоспардың ақысын төлеуге қажетті қаражат жиналды.Біздің сайт 2011 жылдың қаңтар айында Амангелді ауылына арналған болашақ электрондық деректер базасы ретінде құрылды. Бүгінгі күні сайтқа жүздеген бет жазба ақпарат, мыңнан аса суреттер т.б. жүктелген. Жалпы деректер қоры ретінде өз функциясын атқаруда. Шамамен сол кезеңде сайттың домендік атауы да сатып алынды. Содан бері домен атауы бөгде адамдардың иелігіне өтіп кетпеуі үшін оны жыл сайын жаңартып келемін, себебі ауылымыздың атауымен байланысты өзге домен нұсқаларының барлығы дерлік әлдеқашан иеленілген.
«Оптималды» тарифтік жоспарын қосқаннан кейін бізге келесі мүмкіндіктер қолжетімді болды: жарнаманың болмауы, деректердің автоматты түрде резервтік көшірмесін жасау, «Премиум» деңгейіндегі антивирустық қорғаныс, сайттың мобильді нұсқасы, көзі нашар көретін жандарға арналған арнайы нұсқа (қаріпті үлкейту мүмкіндігімен), басқару панеліндегі жарнаманың болмауы, статистика есептегішті алмастыру, мобилдік нұсқасы қолжетімді, жергілікті пайдаланушыларды қосу және басқа да қызметтер.
Қазіргі уақытта сайтта тоғыз бөлім жұмыс істейді, қажеттілікке қарай олардың санын арттыруға мүмкіндік бар. Сайтты қолдау және техникалық сүйемелдеу жұмыстарын біз өз күшімізбен, ақысыз негізде жүзеге асырып келеміз. «Фотосуреттер» бөлімінде бүгінде 1254 сурет орналастырылған, ал сайттағы фотоматериалдардың жалпы саны 1500-ден асады. Сайтта тіркелген әрбір қолданушы фотосуреттерді, бейнематериалдарды және өзге де файлдарды өз бетінше жүктей алады. Модерациядан өткеннен кейін бұл материалдар барлық пайдаланушыларға қолжетімді болады.
Қорыта айтқанда, ортақ веб-ресурсымызды қолдаған барша жанға зор ризашылығымызды білдіреміз. Төменде қолдау көрсеткен қатысушылардың тізімі, қосқан үлестері көрестілген.Қаражат жинау бір мың теңгеден басталған еді, кейбіреу жерлестер көбірек берді.
Қолдау көрсеткендер тізімі:
1.Айтмагамбетов Талгат 1000
2.Маймышева Майра 1000
3.Султанов Асылбек 1000
4.Едильбаева Алма 1000
5.Елеусизов Самат 1000
6.Кажмагамбетов Берик 1000
7.Шайхин Бейсембай 1000
8.Сатыбаев Сунгат 1000
9.Нуркенов Канат 2 000
10.Султанова Жанаргуль 1000
11.Сарсенов Талгат 2 000
12.Кажкенов Шайдулла 1000
13.Асылбаев Руслан 1 000
14.Журсунова Бибигуль 1000
15.Асылбаев Еркебулан 1000
16.Тасжанова Майра 2 000
17.Кадыров Жомарт 10 000
18.Майманов Мурат 2 000
19.Мусапиров Багдат 1000
20.Бахтияров Елеш 1000
21.Кабжалялов Дюсембай 1000
22.Баймышев Руслан 1000
23.Едильбаев Галымжан 1000
24.Муканов Берик 1000
25.Кадержанов Олжатай 1000
26.Бекенов Асхат 1000
27.Мусапиров Ибрагим 2000
28.Алиева Гульнара 1000
29.Есмагамбетов Анарбек 1000
30.Журсунов Амангельды 1000
31.Куккузов Дюсенбай 1000
32.Камагорова Зейнель 1000
33.Камагорова Анна 1000
34.Нейфельд Алекс 1000
35.Калиева Айнара 1000
36.Кадержанов Серик 1000
37.Бейсекеев Жолдыбай 1000
38.Бултыков Елтас 1000
39.Бейсембаев Рашид 2000
40.Сагадиев Бакыт 1000
41.Баймышев Рустем 1000
42.Жампиисов Каырбек 1000
43.Асылбеков Дастан 1000
44.Текжанов Кайрат 1000
45.Муканова Камар 1500
46.Бисембай Р 2000
47.Жанбырбаева Баглан 1000
48.Абылкалыков Құдайберді 1000
|