18:26
Туған жерімізге арналған әндер керек

Осы тақырып бойынша мамыр айында, ауылымыздың тойына дайындық басталған кезде чатта жазып едім, себебі кез келген мерейтойға кешенді түрде дайындалған жөн. Бірақ сол кезде уақытымыз аз болғандықтан осы мақаладағы тақырып шегерілді, бірақ күн тәртібіне алып тастаған дұрыс емес. Жақында Амангелді чатында туған ауылымызға жасанды интеллект шығарған әнді тыңдадыңыздар. Жалпы жаман емес сияқты, себебі адам бірден музыканың әсеріне түсіп қалады, бірақ шикілік өте көп және көзге ұрып тұр. Осы тақырыпқа байланысты біраз ойларымды алға салайын деген ниетпен осы мақаланы жазып отырмын. Туған ауылымызға арналған әндер жазу жайында ойланып, қолға алғанымыз жөн сияқты, жерлестер Керек! Қазір жасамасақ, жылдар өте осы тақырып, мүмкін, қайта көтерілмес. Өйткені музыка арқылы адамның жүрегіне жол табатын естелік, туған жерге деген махаббат пен құрмет сезімі беріледі. Мұндай әндер ел-жұртты біріктіріп, кіндік қаны тамған мекенге деген ортақ сүйіспеншілікті, мақтаныш сезімін күшейтеді.Бұл шығармаларды өлең мен әуен жазуға бейімі бар өзіміздің жерлестеріміз де, кәсіби ақындар мен композиторлар да жаза алады. Ең бастысы – бұл іске жүйелі, ашық әрі әділ түрде қарау. Алғашқы қадамнан-ақ нақты баға шегі белгіленуі тиіс. Бір өлеңге немесе музыкалық шығармаға 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейінгі мөлшер ең оңтайлы деп есептеймін. (Бұдан көп ақша сұрайтындарға қарамау керек). Мұндай талап авторлар мен орындаушылар тарапынан бағаның негізсіз қымбаттауына жол бермейді, қазір осы шығармашылық бағыттағы табысы көп болмаса, онда олар келісуге баруы әбден мүкмін. Ақындарды түсінуге болады, бірақ бізді де түсінуге болады, көп ақшаны жинау тезірек болады, ал бір әнге 400 мың, одан да көп ақша салу тым қымбат. Алдын ала айқын көрсетілген баға баршаға тең жағдай жасап, келіссөз жүргізуді де жеңілдетеді.
Сонымен қатар, таныс ақындар мен композиторларға хабарласып, оларды шығарманы ерікті түрде немесе жеңілдетілген шартпен жазуға үгіттеуге де болады. Көп жағдайда шынайы өтініш пен ізетті қарым-қатынас шығармашылыққа ең үлкен ынталандыру болатыны белгілі. Павлодар облысында жүрекке жететін, мағыналы да мазмұнды ән жаза алатын талантты жандар аз емес. Олардың туындылары жергілікті халыққа жақсы таныс әрі рухани тұрғыдан жақын.
Ең бастысы – әндер ауылымыздың тарихы мен болмысына терең бойлап, оның мінезін, рухын дәл бейнелеуі керек. Жалпы алғанда, кемінде үш ән жазылуы қажет. Соның алғашқысы «Амангелді вальсі» деп аталып, лирикалық, әуезді, салтанатты әрі естелік шараларға лайық болуы тиіс. Бұл ән ауылдың музыкалық рәмізіне айналуы әбден мүмкін.
Ал қалған екі ән көңілді, ширақ, ырғақты сипатта жазылғаны жөн. Олар той-думанда, ауылдық мерекелерде, дастарқан басында қосылып айтуға ыңғайлы болуы керек. Мұндай әндер тез жатталып, көп ұзамай шын мәніндегі халықтық туындыға айналады. Ән мәтіндерінде туған ауыл, оның адамдары мен салт-дәстүрлері туралы қарапайым да жылы сөздер шынайы естілуі маңызды.
Егер әндер жазылып қалған жағдайда біздің мықты орындаушымыз Ибрагим Қабдоллаұлы бар. Біреуді іздейтін қажеттілік жоқ. Ал содан кейін ауылдастарымыздың тойларында, кез келген мерекеде орындала бастап, әдетке айналады.
Бұл жобамыздың санаулы күндерде немесе бірнеше айдың ішінде жүзеге асып кетпейтінін нақты түсінуіміз қажет (егер солай болып жатса – тіпті керемет!). Сондықтан оған бірнеше ай, тіпті жарты жыл уақыт бөліп, жүйелі түрде жұмыс істеп, бар күшімізді салып іске асыруға ұмтылуымыз керек.
Қолға алып көрейік, ағайын!

Қабжан Шорманұлы

P.S. Мен өзім де таныс ақын, композиторлармен сөйлесіп көремін. Кім біледі, мүмкін, келісіп қалар.

Нам нужны песни, посвященные родному селу

Эту тему я поднимал в мае месяце, когда начиналась подготовка к празднованию 70-летия нашего села. Тогда времени на реализацию этого проекта чисто физически не было времени. А эта тема актуальная. Ведь помимо хлеба насущного надо думать и о пище духовной. Итак, предлагаю вернуться к этой теме. Важно задуматься о создании песен, посвящённых нашему родному селу, ведь именно через музыку передаются память, любовь и уважение к малой родине. Такие песни способны объединять земляков, укреплять чувство общности и гордости за место, где мы родились и выросли. Сочинить эти произведения могут как местные жители, умеющие писать стихи и музыку, так и профессиональные поэты и композиторы. Главное — подойти к этому делу организованно и прозрачно. С самого начала необходимо обозначить чёткие ценовые рамки. Оптимальной считается сумма от 50 до 100 тысяч тенге за стихотворение или музыкальное произведение. Это позволит избежать необоснованного завышения цен со стороны исполнителей и авторов. Чётко обозначенная стоимость создаст равные условия для всех и упростит процесс договорённостей.
Кроме того, можно обратиться к знакомым поэтам и композиторам и постараться уговорить их написать произведение на добровольной или льготной основе. Нередко искренняя просьба и уважительное отношение становятся лучшим стимулом для творчества. В Павлодарской области немало талантливых людей, способных создать достойные и душевные песни. Их творчество хорошо известно и близко по духу местным жителям. Важно, чтобы песни были написаны с пониманием истории и характера нашего села. Всего необходимо сочинить не менее трёх песен.
Первая из них должна носить название «Амангельдинский вальс» и быть лиричной, мелодичной, подходящей для торжественных и памятных мероприятий. Эта песня может стать музыкальным символом села. Две другие песни должны быть более ритмичными и живыми. Они предназначены для исполнения в компании, за праздничным столом или на любых мероприятиях. Такие песни легко запоминаются и быстро становятся по-настоящему народными. Важно, чтобы в них звучали простые и тёплые слова о родном селе, его людях и традициях. Реализация этой идеи станет значимым вкладом в культурную жизнь села и сохранение его духовного наследия. 
Эти песни нужны будут всем: тем, кто и сейчас живет в селе, тем, кто по воле судьбы проживает в других селах и городах района, области, страны и за пределами Казахстана.
Надо четко понимать, что этот наш проект не получится в считанные дни или месяцы (Если получится, то прекрасно!), поэтому надо работать над ним в течение нескольких месяцев, полгода, но постараться реализовать его.
Давайте попробуем сделать это!

Қабжан Шорманұлы

P.S. Я тоже начну с сегодняшнего дня переговариваться со знакомыми поэтами и композиторами.

Категория: Мәдениет | Қараулар: 108 | Қосты: Admin
Пікір саны: 2
2 Кымбат • 19:52, Кеше
0
Удачи вам
1 Кымбат • 19:51, Кеше
0
Удачи всем
Verify you're human *: