08:24
Конституция күні. День Конституции.

Биыл Қазақстан халқы ел тарихындағы аса маңызды белестің бірі – Конституциямыздың қабылданғанына 30 жыл толуын атап өтуде. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата Заңымыз еліміздің егемендігін нығайтып, мемлекетіміздің саяси-құқықтық жүйесін қалыптастырған басты құжат болды.Конституция – Қазақстан халқының ортақ мүддесін айқындаған, бірлігіміздің берік іргетасына айналған тарихи шешім. Онда әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтары, мемлекетіміздің демократиялық даму жолы, билік тармақтарының өзара теңгерімі айқын жазылған. Осы арқылы Қазақстан құқықтық мемлекет ретінде қалыптасып, әлемдік қауымдастық алдында өз бағытын нық танытты. Осы отыз жыл ішінде Ата Заңымыз елдің дамуында сенімді бағдаршам болды. Конституцияға негізделген заңдар мен реформалар қоғам өмірінің барлық саласын қамтып, тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне жол ашты. Әсіресе, азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, білім мен ғылымды дамытуға, мәдениет пен ұлттық құндылықтарды сақтап, өркендетуге зор ықпал етті.

Конституция күні – бұл әрқайсымыз үшін мемлекетіміздің тәуелсіздігін, елдігімізді, бірлігімізді еске салатын, демократиялық құндылықтарға деген сенімді нығайтатын мереке. Ол жас ұрпаққа отансүйгіштік пен жауапкершілікті дәріптеп, болашаққа сеніммен қарауға жетелейді.

Осы айтулы мерекеде барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің еңсесі биік, мемлекетіміздің мерейі үстем болсын! Әділетті Қазақстан құру жолындағы қадамдарымыз баянды болып, тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін!



В этом году народ Казахстана отмечает знаменательную дату – 30-летие Конституции. Принятая 30 августа 1995 года на общенародном референдуме, наша Конституция стала основным документом, укрепившим независимость страны и определившим политико-правовую систему государства.

Конституция – это исторический выбор народа Казахстана, символ нашего единства и прочный фундамент согласия. В ней закреплены права и свободы каждого гражданина, демократический путь развития страны, а также принцип баланса ветвей власти. Благодаря этому Казахстан утвердился как правовое государство и уверенно заявил о себе на международной арене.

За три десятилетия Основной закон был надежным ориентиром на пути развития страны. На его основе были приняты законы и проведены реформы, охватившие все сферы общественной жизни и открывшие новые перспективы для процветания независимого Казахстана. Конституция сыграла особую роль в улучшении социального положения граждан, развитии образования и науки, сохранении и приумножении культуры и национальных ценностей.

День Конституции – это праздник, напоминающий каждому из нас о независимости, государственности и единстве народа, укрепляющий веру в демократические ценности. Он воспитывает у молодого поколения любовь к Родине, ответственность за будущее и уверенность в завтрашнем дне.

В этот знаменательный день сердечно поздравляем всех граждан Казахстана с 30-летием Конституции Республики! Пусть наша страна всегда будет сильной, процветающей и справедливой! Пусть шаги на пути к построению Справедливого Казахстана будут успешными, а независимость – вечной!

 

Категория: Саясат | Просмотров: 152 | Добавил: Admin
Всего комментариев: 0
Verify you're human *: