25.02.2023, 09:56 | |
Майданнан 1945 жылы үйіне, аяулы жарына оралды. Содан әкеміз ауылдың шаруашылығында тынымсыз еңбек еткен. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаңда, қарызыңнан құтылмайсың» - деген сөз бар. Ата-анамыздың 3 ұлы және 5 қызы дүниеге келді. 1946 жылы Қадиша есімді тұңғыш қыздары дүниеге келді. Соғыстан кейінгі қиын уақытта, медицинаның әлсіздігі, дәрі-дәрімектердің тапшылығынан тұңғыштары сәби кезінде қайтыс болды. 1948 жылы Халел есімді ұл бала, 1951 жылы Қазиза (Шакар) есімді қыз бала, 1954 жылы Маншакар есімді қыз бала, 1956 жылы Қайролла есімді ұл бала, 1959 жылы Тойжан есімді қыз бала, 1962 жылы Даметкен есімді қыз бала, 1965 жылы Қабдолла есімді ұл бала дүниеге келді. Өкінішке орай, кенже баласы Қабдолла 2014 жылы қыркүйек айында дүниеден өтті. 1987 жылға дейін біз Ақсуда тұрдық. Бұнда тек қана бастауыш мектеп болатын. Сондықтан қалған сыныптарды Аманкелді ауылында оқыдық. Аманкелді мен Ақсудың арасы жеті шақырымдай жер болатын. Әкеміз бізді сабаққа ат шаңамен апарып- әкелетін. Біз үшін ол үлкен қуаныш болатын. Қыздардың үлкені Қазиза мектеп бітірген соң, мұғалімдікке оқуға түсті. Апамыз үшін қуандық, оны мақтан еттік. Ол кезде оқуға түсудің оңай болмағаны белгілі. Екінші апамыз Маншакар медицина училищесін бітірді. Ұлын ұяға, қызын қияға дегендей, барлығымыз да (балалар) шаңырақ көтеріп, өз балаларымызды жеткізіп, немере бағып отырған жасқа да жеттік. «Қариялар азайып бара жатыр» демекші, сонау сұрапыл соғыстың сұмдығы мен сұрқиясын көзімен көрген, қан майданда от кешіп, қар жамылған сарбаздардың, бүгінгі ардагерлер қатарының күн өткен сайын сиреп қалғаны өкінішті. Ұрпақтары еліне бостандық сыйлауға үлес қосқан батырлардың ерліктері мен өнегелі өмірін біліп жүрсе екен, өздері көрмесе де, жадына түйіп жүрсе екен деп армандаймыз. Балалары және немерелері осындай әкесі мен атасы алдында бас иіп, оны мақтан тұтады! ОЛ БІЗДІҢ ЖҮРЕГІМІЗДЕ МӘҢГІЛІК !!! Ата-анамызды сағына еске ала отырып, топырағы торқа, жандары жәннатта нұрлансын деп Алладан тілейміз. Балалары, немерелері
| |
Қараулар: 260 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |