25.03.2023, 09:14 | |
1950 жылы Омбы облысы, Русская Поляна ауданы, Қаратал ауылының тумасы Қайкен атаның ұлы Қабдолла Қайкенұлы Мусапиров мектеп аяқтауымен Ертіс ауданы, Северный савхозының СПТУ – 54 оқу орнына түсті. 1972 жылдың көктем айында Ертіс ауданының әскери коммисариятымен әскери қатарына шақырылды. 1974 жылы әскер қатарынан үйге оралып, туған аулында механизатор болып, көп кешікпей шопыр қызметіне жұмысқа ауысады. 2003 жылы Көкшетау облысы, Қызылту ауданына қоныс аударып, 2016жылы зейнеткерлік демалысқа шығады. Өкінішке орай 2021 жылы жазында дүниеден өтеді. Қайкен атамыздың екі ұлы Мусапиров Бағдат Қайкенұлы және Мусапиров Сағдат Қайкенұлы еліміздің энергетика саласында ГРЭС-2 станциясында «Электроцех» бөлімшесінде еңбек етеді. Мемлекетіміздің дамуына зор үлес қосқаны үшін«Электроцех» бөлімшесінің шебері Мусапиров Бағдат Қайкенұлына Қазақстан Республикасының Құрметті Энергетигі атағы, ал Мусапиров Сағдат Қайкенұлына «Ерен Еңбегі Үшін» медалі берілді. Кенже ұлы Мусапиров Ерболат Қайкенұлы Екібастұз қаласының «Восточный» разрезінде құтқарушылар отрядында бөлімше бастығы болып еңбек етуде. Осы салада адал еңбегімен, еліміздің дамуына зор үлес қосқаны үшін«Кеншілер даңқының I-ші, ІІ-ші және ІІІ-ші дәрежелі» ордендерімен марапатталды. Ең үлкен немересі Дюсенов Ардақ Бекзадаұлы «Богатырь» разрезінде локомотив машинисі қызметін атқарады. Ардақ, «Кеншілер даңқының» ІІ-ші және ІІІ-ші дәрежелі ордендерінің иегері. Бұл Қайкен атаның балалары мен немерелеріне берген тәрбиесімен, отбасылық құндылық, жауапкершілік, гуманизм сезімін сіңіргендігін көрсетеді. Қайкен ата көзі тірісінде 20 немере сүйген. «Ат тұяғын тай басар»- деп, бүгінгі күнде Қайкен атаның 28 немересі, 53 шөбересі, 2 шөпшегі өсіп келеді. Қайкен атаның үлкен ұлының отбасы Көкшетау қаласында, қыздарының бірі Астана қаласында, ортаншы қызы Ресей Федерациясының Омск қаласында тұрады.Қайкен атаның қалған балалары Екібастұз қаласында тұрып жатыр. Екі немересі Ресей Федерациясының Амурск қаласында тұрса, қалған немере-шөберелері Қазақстанның әртүрлі қалаларында тұрып жатыр. 1995 жылдың 2 маусымында Мусапиров Қайкен дүниеден өтіп, Амангелді ауылы, Ақсу мазарында жерленген. Наградалары мен марапаттары: «Еңбек ардагері» медалі «Германияны жеңгені үшін» медалі (1945 жылғы 9 мамыр); «Жапонияны жеңгені үшін» медалі(1945 жылғы 30 қыркүйек) «Кореяны азат еткені үшін», «Армия мен флотқа 30 жыл» (1948 жылғы 24 қазан) | |
Қараулар: 240 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |