Сәуірбаев Мұхаметәлі
25.03.2023, 10:04

Сәуірбаев Мұхаметәлі 1931 жылы Омбы облысы Русская Поляна ауданы Қаратал ауылында дүниеге келген. Әскерге шақырылғанға дейін Смайылова Нұрбикемен отбасы құрған. Смайылова Нұрбике Ахмедияқызы 1932 жылы Көкшетау облысы Қызылту ауданы Херсон ауылында дүниеге келген. Жас отбасы 1963 жылға дейін Омбы облысы Русская Поляна селосында тұрған. Кейінірек Ертіс ауданы Амангелді совхозына көшіп келеді. Бұл жерде механизатор-тракторист болып жұмысқа орналасады. Сәуірбаевтар 3 бала тәрбиелеп өсірді. Сәуірбаев Мұхаметәлі өте мейірімді, әділетті, әр адамға қол үшін беруге дайын адам болды. Еңбек жолында өте адал, жауаптыболғаны үшін бірнеше рет мақтау грамоталарымен марапатталды.

Үлкен қызы Айтжамал Омбы облысы Русская Поляна ауданы Қаратал ауылында 1958 жылы дүниеге келіп, 3 жасында қайтыс болды. Орташа қызы Бақытжамал осы ауылда 1960 жылы 4 желтоқсанында дүниеге келді. Қазір Омбы облысында тұрады. Ұлы Ыдрыс 1964 жылы 3 маусымда Павлодар облысы Ертіс ауданы Амангелді савхозында туған. Қазір Омбы облысы Горск ауданы Алексеевка ауылында тұрады. Ең кіші қызы Нұржамал 1966 жылы 13 тамызда Павлодар облысы Ертіс ауданы Амангелді савхозында туған. Қазіргі кезде Омск қаласында тұрады.Мұхаметәлі ата 50 жасында өмірден озды. Өкінішке қарай немерелерін көре алмады. Қазір 10 немересі, 7 шөбересі бар. Немерелері Омск, Астана қаласында тұрады.

Нұрбике апа 9 немересңн көріп, 75 жасында қайтыс болды.

Санат: История | Добавил: Admin
Қараулар: 235 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]