Жанұя - бақыттың тірегі. Сүлейменұлы Әлмұхамбет (Әлкен) отбасы.
20.05.2023, 11:30

Ардақты әкем - асқар тауым, ақылшым момын еді. Кусаинов Алкен, шын аты Әлмухамед Сүлейменұлы, руы Құлатай Қыпшақтан тараған Байжігіт. 1918 жылы Ертіс ауданы Павлодар облысы Ақсу ауылында дүниеге келді.Балалық шағы осы ауылда өтті. Өмірінің соңына дейін осы ауылда тұрды. Әкеден ерте жетім қалса да, еңбектеніп өз қатарынан қалмай өсіп өнді. Ауылда  жұмыс бітпейтінін барлығымыз білеміз. Әкеміз ерте еңбек ете бастады, себебі күн көру мен бірге жетімдіктің дәмі ашшы екені анық. 1930 жылы Ақсу ауылының бастауыш мектебін бітіріп, сауатын ашты, әріп танып, жазу мен оқуды білді. Есейе келе ауылдың негізінде құрылған «Жаңа таң» колхозында жұмыс істей бастады. 1940 жылы әскер қатарына шақырылды.

1941 жылы Ұлы Отан Соғысында Ирандағы ЖШҚА әскери тобы құрамында қатысты. 1941 жылы 25 тамызда Қызыл Армия жасақтары құрамында «Келісім» арнайы операциясына қатысып, Қызыл Армияның тұрақты бөлімшелері Иранға кіріп, елдің стратегиялық маңызды нысандарын басып алды. Әскери операцияны Каспий флотилиясының авиациясы бар кемелерінің және екі дивизия мен британ әскерлерінің үш бригадасының қолдауымен 16 кеңестік дивизия (оның ішінде 1 танк) күштері алты күн ішінде жүргізді. 30 тамызда кеңестік және британдық бөлімшелер түйіспе сызығына жетті. Шығындар аз болды - КСРО-да 40 адам, Ұлыбританияда 22 адам қаза болды. Иран армиясының шығыны – 800 адам қаза тапты. 68-ші Қызыл Тулы таулы атқыштар дивизиясының құрамындағы 139-артиллериялық полкі, Қызыл Армияның барлық басқа бөлімшелері сияқты, одақтастардың құрал жабдықтары мен техникасын Лендлиз арқылы Кеңес Одағына жеткізуді қамтамасыз етті, сонымен қатар 1943 жылы елдердің басшылары арасындағы келіссөздердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Тегерандағы антигитлерлік коалиция. Құсайынов Әлкен 68-ші Қызыл Тулы таулы атқыштар дивизиясының құрамында 139-артиллериялық полкте жүргізуші болып қызмет еткен. Дивизия 58-ші атқыштар корпусының құрамында болды. 1944 жылдың қаңтарында 68-ші таулы атқыштар дивизиясы Закавказье майданының 4-ші армиясының құрамына берілді. 1946 жылдың наурыз-мамыр айларында 58-ші атқыштар корпусының бөлімдері (оның құрамына 68-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы кірді) Махачкала орналасқан КСРО-ға Ираннан шығарылды. 1946 жылдың мамыр-шілде айларында 58-ші атқыштар корпусының дирекциясы, корпус бөлімдері және 68-ші таулы атқыштар дивизиясы таратылды. Құсайынов Әлкен 1946 жылы мамырда демобилизацияланған

Әскерден аман-есен оралып елге келіп, еңбектеніп өз талабымен машина, трактор жүргізуді меңгерді.

Көп жылдар тракторшы болып еңбек етті. Жер жыртып, шөп шауып, елге еңбегі сіңді.

Үкімет еңбегін бағалап грамоталармен, медальдармен марапаттады.

1946 жылы асыл анам Мариям Мәмішқызына үйленді. Өмірде үш бала сүйді. Әкем Алкен мен анам Мариям тату-тәтті өмір сүрді Елдің беделді, сыйлы жанұяларының бірі болды. Өздерінің енбекқоррлығыменен ешкімнен кем болмай өмір сүрді. Анам Мариям сондай мейірімді, кішіпейіл еді, он саусағынан өнер тамған, сырмақ, алаша, құрақ көрпе тігетін. Көп жылдар сауыншы болып еңбек етті. Үздік сауыншы болды. 1947 жылы тұнғышы Таймыс дүниеге келді. 1964 жылы Амангелді сегізжылдық мектебін бітіріп, Омбы ауылшаруашылық техникумына зоотехникалық бөліміне түсіп, диплом алып, ауылға оралып зоотехник, одан Амангелді совхозының  1-ші бөлімшесінің меңгерушісі  жұмысын атқарды. Жас болса да жұмысына ұқыпты, білімді, жақсы қызметкер болды. 1968 жылы Сара Сейітқалықызы жеңгеймен отбасын құрып, үш перзент көрді Құрмет, Дәулет, Жаннат. 1972 жылы Омбы ауылшаруашылық институтының зоотехникалық факультетіне оқуға түсті. Таймыс сондай сабырлы, бауырмашыл, еңбекқор азамат болды. Әттең ғұмыры қысқа болды, жиырма жеті жасында дүниеден озды. Әкем мен анамның екінші баласы Қайрат атты ұл болды, үш жасында қызылшадан қайтып кетті. Үшінші қыз бала мен, Роза-Раушан, 1953 жылы дүниеге келдім. Біріншіден төртінші сыныпқа дейін Ақсу бастауыш мектебінде, 5-8 сыныпты Амангелді сегізжылдық мектебінде оқыдым. 9-11 сыныпты Омбы облысы Ново-Санжаровка мектебінде тәмәмдадым. Әрі қарай оқуды педагогика колледжында сырттай оқып, бастауыш сыныптарда сабақ бердім. 23 жыл қызмет жасадым. Содан 8 жыл балабақшада тәрбиеші болып қызмет атқардым. Қазір зейнеттемін, Алланың берген бес баласы бар Аблай, Айнаш, Дінмұхамет, Мади, Бағда Павлодар қаласында тұрып жатырмын. Таймыс Әлкенұлының үлкен баласы Құрмет 1969 жылдың 14 тамызда дүниеге келді. Амангелді орта мектебін, одан Павлодар индустриалды институтын тәмәмдап, Амангелді ауылына келіп инженер қызметіне орналасып, Қарағанды экономикалық университетінің заңтану факультетін бітіріп, заңгер мамандығын алды. Одан шекарада кеден инспекторы, капитан шенінде 8 жыл қызмет жасады. Жұмысына тиянақты, беделді, сыйлы болды. Павлодар қаласына көшіп келгеннен кейін Құрмет «Руқан» шатыр материалдары зауыты логистика және жабдықтау бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды. 1995 жылы Ермағамбетова Тәттігүл Кеңесбайқызына үйленді. Үш бала көрді Алишер, Сәбила, Аружан. Тәттігүл Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында кітапхананы дамыту бөлімінің әдіскері болып жұмыс істейді. Құрмет 49 жасында дүниеден көшті.

Таймыс Әлкенұлының екінші ұлы Дәулет 1971 жылдың 6-шы сәуірде дүниеге келді. 1991 жылы Ермак дене шышықтыру техникумынын бітіріп еңбек жолын Амангелді орта мектебінде дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық мұғалімі болып бастады. 1992-1999 жылдары Павлодар № 7, 24 мектептерде сол пәндердің мұғалімі ретінде еңбек етті. 1999 жылы ауылға оралып, Амангелді орта мектебінде дене шынықтыру мұғалімі және әскери жетекші ретінде қабылданды. 2001 жылы  Амангелді орта мектебінің директоры болып тағайындалды. 2004 жылы Павлодар университетін дене шынықтыру мұғалімі мамандығы бойынша тәмәмдады. 2011 жылдың наурыз айынан бастап Нұр-Отан партиясының Ертіс аудандық бөлімшесінің төрағасының бірінші орынбасары болып еңбек етті. 2011 жылдың шілде айынан бастап 2021 жылдың шілдесіне дейін Амангелді ауылының әкімі болып қызмет етті. 2021 жылдың 25 шілдеден бастап Ертіс ауылының әкімі. Дәулет өз жұмысын жақсы атқарады, қызметте беделді, кішіпейіл, жауапкершілігі мол. Жанұясында үш бала сүйіп отыр. Марал, Даяна, Жансая деген тәп тәтті қыздар, бір немересі бар Хамза деген жігіт. Жолдасы Гуля Жылқыбайқызы математика, информатика пәндерінің мұғалімі.

Әлкенұлы Таймыстың үшінші баласы қыз, аты Жаннат бір жасқа бір ай қалғанда әкесі қайтыс болды. 1990 жылы Қызылжар орта мектебін бітіріп, сол жылы Павлодар педагогикалық институтының филология факультетіне түсіп, 1995 жылы бітірді. Еңбек жолын 1995-1997 жылдары Қызылжар орта мектебінде бастады. 1998 жылдың қаңтарынан 2000 жылдың тамызына дейін Павлодар қаласындағы №12 орта мектепте, 2001 жылдың қазан айынан 2017 жылдың тамызына дейін Павлодар экономикалық колледжінде жұмыс істеді. 2006 жылдың қазан айында күндізгі бөлім меңгерушісі, 2012 жылдың қыркүйегінде қызметке ауыстырылды. директордың оқу ісі  жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Тұрғылықты жерімнің ауысуына байланысты 2017 жылдың қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін Астана қаласындағы 31 мектеп-гимназиясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет етіп келеді.

Әлкен әкемді тәрбиелеп өсірген Бибіш әжеміз еді. Әжеміз сондай қымбат адам болды. Әжемнің өзінен туған Қасымхан деген ұлы болды. Оспанов Қасымхан 1925 жылы Ақсу ауылында дүниеге келген, әкесі Райбекұлы Оспан, анасы Ахметжанқызы Бибіш. Қасымхан Қарақұдық аулының жетіжылдық мектебін бітіріп Ертісте ауданында трактористың оқуына кеткен. Ұлы Отан соғысы кезінде 17 жастағы Қасымханды ауылдың бір бастығы өз баласының орнына соғысқа жіберген деп үлкендер айтады. Үйге ата-анасымен қоштастырмастан Ертістен соғысқа аттандырып жіберген. Сол кеткеннен үйге оралмады. 1945 жылы 4 наурызда ұрыс даласында қаза болған. Калининград облысы Дустервальде деревнясында жерленген. («Боздақтар» кітабі, 135 -ші бет).

Әкем мен анам, әжем бізге ұлттық құндылықтарды, кішіпейілдікті, қонақжайлықты кішкентайымыздан сіңірді. Ауылда тұрғанда да, бертін Амангелдіде де әкеміз бие байлайтын, қымыз әрдайым үйде болатын.Ауылдастар, елге келген қонақтар біздің үйге әдейі келіп әңгіме-дүкен құрып,  рахаттанып қымыз ішетін. Ол бір ерекше жақсы рәсім еді. 

Әкем Әлкен балаларын өсіріп, өндіріп, немерелерін сүйіп, жеткізіп Алланың берген қуатымен 77 жасында, анам Марьям 52 жасында Фәниден Бақиға көшті. Мен осындай әкем мен анам болғанына ризамын мақтан тұтамын. Көп тәрбие алдым.

Жатқан жерлерің жарық болсын әкешім, анашым.

Мұқағали Мұқатаев «Ей, өмір» өлеңінде өте дұрыс айтқан екен:

Дүниенің ағын да, қарасын да
Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да                                                                                     
Қарасымен шамаң жоқ таласуға  
Ей, өмірім зымырап барасың ба?

                                                                       
Роза-Раушан Әлкенқызы

 

 

 

Санат: История | Добавил: Admin
Қараулар: 193 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]