Жасқайрат Қамшыбайұлы 1944 жылы 17 мамыр айында Павлодар облысы, Краснокут ауданы, Ново-Троицк ауылында дүниеге келді. Руы Арғын, Қанжығалы Күшпен. 1971 жылы Ертіс ауданы Павлодар облысы Аманкелді ауылына отбасымен көшіп келіп, Павлодар облысының әкімшілігінің нұсқауымен экономист мамандығы бойынша қызмет етті. Целиноград ауылшаруашылық институтын бітіріп, сол мамандық бойынша еңбек етті. Еңбекке адалдығымен халыққа қызмет етті. Халықтың қалауымен рабочком қызметін 4 жыл атқарды. Рабкомпредседателі, зоотехник қызметтерін адал орындаушы еді. Қызметін таза, адал атқарған азаматтың бірі. Павлодар қаласының Зоотехника техникумына 1959 жылы түсіп, 1963 жылы бітірді. Техникумда оқып жүріп, классикалық күреспен айналысып, Қазақ ССР чемпионы атанады. Шымкент қаласына 57 кг салмақпен күреске түседі. Еркін күрестен спорт шеберіне кандидат атағына ие болады.
1963-1966 жылдар арасында Совет Армиясы қатарына міндетін атқарады. Москва қаласында ЦСКА құрамасында Еркін күрестен үш дүркін чемпионы атанып, әскери қзметкер арасында алған атақтары бар. Әскерде СССР спорт шебері атағын алған.
|