Кажикатовтар әулеті
23.07.2023, 21:14

Кажикатов Иманбай Жазықбайұлының өмір жолы – өткен ғасырдың ауыр да қилы кезеңдерінің айнасы, бір әулеттің тағдырына түскен сындарлы сынақтар мен маңдай тер еңбектің шежіресі.Кажикатов Иманбай Жазыкбайұлы 1935 жылы 20-наурызда Қарақұдық ауылында дүниеге келген. Сол кездері Амангелді атындағы колхоз еді. Иманбай Жазыкбайұлының әкесі 1941 жылдың басында біреудің көрсетуімен репрессияға ұшырап, 10 жылға сотталып кетті. Кейін, хабар-ошарсыз кетті.Ол кезде әкеміз бес  жаста болды, қарындасы Қуандық бір жаста еді, әкесінен ерте айырылды. Қалима анасы қиыншылыққа  төзіп, жалғыз өзі өсірген. Өзінің күйеуің оралмайтының сезіп, он жылдан кейін екінші рет Есмағанбет деген азаматпен тұрмыс құрады. 1946 жылы жиырма бесінші кыркүйекте Жасқайрат Есмағанбетұлы  туылады.  Жасқайрат он үш жасында әкесінен айырылады.   Қалима әжеміз екінші рет қиындыққа тап болады. Сол кезде, колхоздың наубайханасында жұмыс істеген, пісірген нан-бәліштері өте дәмді болатын. Кешке қарай барлық көрші әйелдер балалармен бірге ыстық нан мен шай ішуге асығатын. Қиын жылдар болса да, дастархандары мол жайлы болатын, көршілермен тату – тәтті өмір сүретін. Жасқайраттың әкесі соғыс ардагері, атақты жылықышы, ауылдағы сыйлы азаматы болатын. Жасқайрат әкесіне тартып, қырық жыл бойы жылқышы болған. Қазіргі таңда Жасқайрат ағамыздың ұлы Нұрбек ата ізін қуып, Амангелді ауылында жылқы бағады.
Сол жылдары колхозда жеті жылдық  мектеп болатын. Мектеп бітіргенен кейін, әкеміз Қалима анасының батасын алып, Ертіс ауданына жол жүрді. Ертіс ауданыны аудан оталығында  жүргізушілер курсына оқуға түседі.  Курсты аяқтаған соң 1953 жылдары «Русская Поляна» ауданындағы «Қаратал» атты колхоз төрағасының жүргізушісі болып қызмет еткен. Ол жылы колхоз төрағасы Момынов Иманғали деген азамат еді. Біраз жылдардан кейін Ертіс ауданындағы Ақсу ауылына  жүргізуші болып, қайтып келген.                        
Жұбайы Кажикатова Алтын Ахметқызы  01.10.1937 жылы «Русская Поляна»  ауданындағы Самырза  ауылында  дүниеге келген, бүгінгі таңда ол ауыл жоқ. Әкеміз Иманбай мен анамыз Алтын екеуі  танысып,  кездесіп, бір – біріне ғашық болып 1955 жылы шаңырақ құрады.   
1962 жылы «Ақсу» ауылындағы тұзды көлге қарай Бурчак орналасқан еді, соны пайдаланып саман кірпіштер соғып, сол жылы «Амангелді» ауылының орталық алаңында «Садовое» көшесінде ауыл болып, асар жасап, саман үйін тұрғызады. Кейін «Ақсу» ауылынан орталыққа көшіп кетеді. 
Шешем Алтын «Амангелді» ауылында әр түрлі жұмыстарда қызмет еткен. 1964 жылдары бақшада көкөніс өсіруші болып жұмыс істеді, сол кезде совхозда алма бақшасы болатын. 
1964 жылдары мен, інім Жүсіп екеуміз анамызға алма, қызанақ, қияр жинауға көмектесуге баратынбыз. Бригадир жұмыстың аяғында жемістерді үйге алуға рұқсат беретін. 
Мен, баласы Жүніс  1972 жылы жазғы демалыста Ақсу ауылында  үш  ай бойы әжемнің үйіне барып, сол үйде тұрып, совхоздың бұзауларын бағатынмын.  Келесі жылы совхоздың қойларын тұзды көл жағында бағып тұрдым. Бала болсам да  ата- анама ақша тауып, өзіме және бауырларыма мектепке киім алуға көмектесетінмін. Анам Алтын өз балаларымен мақтан тұтатын, себебі: балалары кішкентай кезден-ақ еңбекқор болған. 
Әке-шешеміз сегіз бала тәрбиелеп, бізді өсіп жеткізу үшін  қара мал, қой-ешкі, тауық, қаз-үйрек ұстаған болатын. Қазіргі таңда біз  Павлодар және Астана қалаларында қызмет ету үстіндеміз. Мен үлкен баласы Жүніс зейнеттемін. Ата-анам жастайымнан еңбекке баулап өсірді. Мектепте 35 жыл бойы ұстаз болып жұмыс істедім. Сонымен қоса басқа да салаларда көп жылдар қызметте болдым.  Жазғы демалысымда құрылыста қосымша табыс тауып, отбасымды асырап жүрдім.  Жолдасым Зейнеп балабақшада, тұңғышым  Динара Астана қаласында ҚР Әділет министрлігінде, ұлым Данияр  ҚР Қорғаныс министрлігінде, екінші қызым Альмира  Халық Банкте қызмет етуде.  Балаларымның барі отбасы құрған, бала-шағасы бар. Осы күнде үш немерем және төрт жиенім бар.
Жүсіп Иманбайұлы ол да зейнеткер, кезінде полиция қызметкері болып жұмыс жасаған. Жолдасы Маржан екеуі отбасы құрғалы  41жыл болды. Екі баласы үш немере мен төрт жиендері бар.
Жамбыл Иманбайұлы Амангелді ауылынан Павлодар қаласына өз отбасымен көшіп келгеніне 24 жыл өтті. Осы жылдар бойы құрылыс саласында аянбай еңбек өтуде.
Қыздары: Роза, Салтанат, Гульжанат Павлодар қаласында өздерінің шағын жеке кәсіптерімен айналысып отыр. Бағлан Нұртау атты Павлодар қаласында орналасқан ресторанда бас  аспазшы болып қызмет етуде. Баян балабақшада жұмыс жасаған, қазіргі күні басқа салаға ауысты.
Ұзақ жылдар бойы Кажикатов Иманбай Жазыкбайұлы совхозда еңбек етіп, еңбегі елеулі, халқына қалаулы тәжірибелі жүргізуші болды. 1972 жылғы 2 қарашадағы Ертіс ауданының райондық аудан кеңесінің Жарлығы бойынша, ынтасы  мен еңбекқорлығы үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды, алғашқы тың игерушілердің бірі болды. 
Иманбай Жазыкбайұлының  анасы Қалима Қарақұдық зиратында жерленген.
Алтын Ахметқызының анасы Тлеуке Ақсу зиратында жерленген.
Ерлі-зайыптылар  Иманбай Жазыкбайұлы және Алтын Ахметқызы Павлодар қаласының маңындағы Жетінші ауылындағы кәбірстанда жерленген. 
Қуандық Жазықбайқызы Қөкшетау облысы, Қойтас ауылының зиратында  жерленген. 
Жасқайрат Есмағанбетұлы Амангелді зиратында жерленген. 
Рамазан айында ата-аналарымызға әрдайым дұға тілеп отырамыз. Жатқан жерлері жарық болсын!



Кажикатов Жүніс Иманбайұлы

Категория: История | Добавил: Admin
Просмотров: 179 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/5


Всего комментариев: 0
Verify you're human *: