Елеусізов Абылай Темірханұлы
24.11.2022, 08:01

Адам үшін адал еңбек еткен жері – өмір бойы жадтан өшпейтін, жүрекке мәңгі ұя салған қасиетті мекен. Сол топырақта балалары өсіп, еңбектегі  жауапкершілік сезімі адамның болашақ тағдырына жол ашады. Әр ауылдың өз тарихы бар, ал сол тарихты жазатын – адал еңбек еткен азаматтар. Жерлестермен бірге кешкен күндер, ортақ мүдде жолындағы тынымсыз тірлік адамды елге жақындата түседі. Тұрып жатқан өлкенің тынысын сезініп, оның дамуына үлес қосу – үлкен азаматтық парыз. Ел есінде қалатын тұлғалар – атақ үшін емес, халық үшін қызмет еткен жандар. Олар елге жасаған еңбегімен бағаланады. Осындай азаматтардың ғұмыры сол ауылдың тарихының бір бөлшегіне айналады. Солардың бірі – өз өмірін соңғы деміне дейін адал еңбекпен өрнектеген Абылай Темірханұлы Елеусізов.
Әке – ұлы есім, ұлы сөз.  Ана – ұлы адам, қасиетті жан. 
Еркек атаулының ең кұрметтісі – Әке. Бір кішкентай отбасынан бастап, үлкен бір мемлекетті басқару, қорғап, көзінің қарашығындай сақтау әкенің міндеті әрі борышы. Әкені асқар тауға теңейтін дана халқымыз. Оның ұлылығымен қадір-қасиетін үрпақтан-ұрпаққа ұғындырып келеді. Сол сияқты. Бүгін әке жайлы сөз қозғауға бел будық. 
Абылай Темірханұлы Елеусізов 1938 жылы 22 наурызда Омбы облысы Шарбақкөл (Щербакуль) ауданы Жұмабай ауылында дүниеге келген.
Отбасында алты баланың ішінде  төртінші, ұлдың үлкені болған.          Бала кезінен білімге өте құмар болып үнемі ізденіп, өздігінен оқыған екен. Аталған елдімекендегі мектепте жақсы оқып, орта білім алды. «Мұғалім бол» деп, үлкендердің батасын алған ол 1956 жылы Омбы педагогикалық училищесін бітіріп, бастауыш сынып мұғалімі мамандығына ие болды. Ауылына оралып, мектепке жұмысқа тұрды. Бірақ көп ұзамай, мамандығынан қателескеніне көзі жетті. 
1961 жылы агроном-егін өсіруші мамандығы бойынша Омбы С.М.Киров атындағы ауылшаруашылық институтын оқып, бітірді. Бұл оқу орны сол кезде ең мықты жоғары оқу орнының бірі болып саналатын: 54 кафедра, 2 оқу-тәжірибе шаруашылығы, 86 оқу зертханасы, 600мыңға жуық кітабы бар кітапханасы болатын. Дәріс берушілер құрамында профессорлар, ғылым докторлары, доценттер, ғылым кандидаттары еңбек еткен. Бұл оқу орнына түсу кез келген адамның қолынан келмейтін. Орыс ұлтты студенттердің арасында жалғыз қазақ баласы болып білім алды. Сүйенетін аға-көкелері жоқ болып, өзіне ғана сенетін ол күні-түні кітаптан басын көтермей дипломға қол жеткізді.
Оқуын бітіріп, сол жылы Омбы облысы Шарбақкөл ауданы Үлкен Ысқақ ауылында дүниеге келген Қазанғакова Зейнелғарап Жетпісбайқызы екеуі бір біріне ғашық боп отбасын қүрады. Зейнелғарап әкесі Қазанғаков Жетпісбай - Ұлы Отан соғысының ардагері, Карелия майданының арнайы шаңғы бригадасының атқышы болды. Анасынан ерте айырылып, өгей шешесінен жылулық көрмеген ол, орта білім алып, тұрмыс құруға шешім қабылдады. Ақылы мен пайымы терең ана балаларын үнемі әкені сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отыратын. «Әкең ренжіп қалар», «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында» деп әкеге құрмет, қызмет етуге балаларын бала кезінен дайындап отырып,   отбасына әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болатын.
Абылай, еңбек жолын Омбы облысы Нововаршав ауданында бастады. Жас маман тек білімімен ғана емес, еңбекқорлығымен,елді басқаруға қабілетімен көзге түсті. Новоивановка, Жар-Ағаш ауылдарында агроном, кейін ауыл басқарушысы (управляющий) болып жұмыс істеді. Сол жылдары Мұрат (1962ж.), Жанат (1963 ж.), Самат (1965 ж.) атты ұл балалары және Гүлнар (1967 ж.) қызы дүниеге келді.
1967 жылы Қазақстанға қоныс аударды. Павлодар облысы Ертіс ауданы Кутузово ауылына агроном болып жұмыс істеуге келді. Ең бастысы жұмысында ауылшаруашылық өндірісін сауатты басқарып және оны үнемі жетілдіре білді. Сондай-ақ, оның міндеттеріне егіс және егін жинау жұмыстарын жоспарлау, ауылшаруашылық жұмыстарының кестесін әзірлеу кірді. Ұйымдастырушылық қабілеті мен педагогикалық дағдылары оған тек жермен және онда өсірілетін нәрсемен ғана емес, сонымен бірге қызметтестерімен адами қарым-қатынаста да көмектесті.
Кутузово аулыныда 1970 жылы Индира және 1973 жылы Бибигүл қыздары туылды. Балалары естеліктерінен: «Әкеміз бен анамыздың жас кезінде достары өте көп болатын. Біздің бала кезімізде олар  үйде жиі жиналатын. Әкем мен анам Шәмшінің әндерін жақсы көріп, бірге шырқайтын. Әкемнің қолынан гармонь түспейтін. Сол музыкалық қабілеттері бізге де дарыған. Біреуіміз гармонь, біреуіміз гитара, ал біреуіміз домбырамен ойнап, ән айтуды жақсы көреміз. Қыстың ұзақ кештерінде анамыз тоқыма тоқып, біреуіміз ән шырқап, біреуіміз әдеби кітап оқып, кішкентайларымыз асық ойнап уақыт өткізетінбіз...бәрі есімізде». 
1974 жылы жоғары әлеуеті, ұйымдастырушылық қабілеті мен кәсіби білімі бар жауапты, сауатты, білікті маман ретінде Аблайды Темірханұлы Ертіс ауданының Амангелді ауылында партия басшысы (парторг) етіп тағайындалады. Совхоз басшысымен бірге кәсіпорынды басқаруға қатысады. Лауазымы ауысқанымен совхоздың егін егу, оны жинау кезіндегі қызу жұмысының ортасында жүреді. Ел аузында «пирожковоз» аталатын автокөлігі совхоздың жайқалған кең жерлерінің бір шетінен екінші шетіне дейін жүретін. Гүлнар Абылайқызы естелігінен: «Қыз баланың біріншісі болғандықтан ба мені өзімен бірге жиі алып жүретін. Бір күні таң ата салысымен сол автокөлікке мені отырғызып бригадалардың біреуіне алып барды. Күз кезі болатын. Комбайн, тракторлар жұмысын бастауға дайын тұр. Әкем жұмысшылармен бір мәселені талқылап, қатты-қатты дауыстары шықты. Комбайындар бір қатарға тұрып, теңіздегі кемелер секілді, қозғала бастады. Маған барлығы қызық. Бірнеше бригадаға барып шығып, машинаға қайта отырдық және  совхоз конторасына келдік. Қара былғары есігі бар әкемнің кабинеті екінші қабаттың ең соңғы кабинеті болатын. Кабинетке тағы да адамдар жинала бастады, мен түсінбейтін тақырыпқа тағы да талқылаулар басталды. Шаршаған мен, қатты шыққан дауыстарға қарамастан былғары диванға жатып, ұйықтап кеттім. Көзімді ашсам, кабинетте темекінің көк түтіні, әкем үстел басында бірдеңе жазып отыр. Далада кеш батып кеткен. Осылай әкеммен өткен бір күнім есімде әлі күнге дейін сақталған». 
Жұмысы лайықты бағаланып, 1973 жылы Павлодар облыстық атқару комитеті мен облыстық кәсіподақ комитетінің қаулысымен ол «1973 жылғы социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісімен марапатталды, ал 1974 және 1975 жылдары Амангелді ауылдық еңбекші депутаттар Кеңесінің депутаты болып сайланды. Еңбек жолында қай жерде жұмыс істесе де, өзін бастамашыл және жігерлі көшбасшы ретінде көрсетіп, өзіне және бағыныштыларға талапшыл, адамдарға қамқор болып, жалпы құрметке ие болды. Өзінің қысқа ғұмырында көп нәрсені жасауға үлгермей кетті. Өкінішке орай, 1976 жылы қайғылы жағдайда 38 жасында өмірден өтті.
         Абылай Темірханұлы – отбасының  ар-намысын ең бірінші орынға қоятын адам болатын. Сонымен қатар, балаларында отбасының абыройына дақ түсірмеуге тәрбиелеген. Жақсы оқысаң, керемет маман иесі болсаң, халыққа пайдаң тисе бізге содан асқан бақыт жоқ дейтін. 
         Абылай Темірханұлын осы күйінде әрдайым есімізде сақтаймыз және мақтан тұтамыз. Ол туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. 
Жолдасынан айырылған кезде Зейнелғарап апа алты баламен жалғыз қалды. Үлкені 8-сыныпта оқитын, ал кенжесі – 3 жаста. Өзі 34-те.   Безухова Валентина Ивановна бастаған совхоз балабақшасында алғашқыда «няня» болып, кейін аспазшы болып жұмыс істеді. Тамақ пісіру әр әйел адамның міндеті. Бірақ жүз балаға жуық үлкен қазанға дәмді, аса сұйық емес, аса қою емес, балалардың тісіне жұмсақ тағам пісіру әр адамның қолынан келмес. Балабақшаның есігін ең бірінші ашатын адам- ол аспазшы. Таңғы сағат 6-да балалардың таңғы асын дайындайды. Таңғы асынан кейін түскі тамағын дайындауға кіріседі. Барлық тағамдар тек қана дәмді емес, сонымен қатар балалар ағзасына тиімді болу керек. Балалар түскі ұйқысынан тұрғанша тәтті тағамдары дайын болады. Кейбір ата-аналар тағамның рецептін сұрайды , себебі балалар үйге келіп анасына «балабақшадағыдай дайындашы» -дейді екен. 
Өмір бойы балабақшада енбек еткен, оны әріптестері, ауылдастары жылы лебізімен еске алады. Жумыс істеп жүріп, үйдегі шаруаның  бәрін жасады, үлкен отбасында ешкімді назардан тыс қалдырмады. Қандай қиыншылық көрсе де, көз жасын балаларына көрсетпейтін. Мал астығын қысқа даярлау, көмір-отын түсіру, малға ие болу, тағы да сол сияқты отағасы міндеттері ананың мойнына жүк болып түсті. Осы кезде ауыл азаматтары  көмек бере отырып, Абылай Темирханович кезінде бізге қамқоршылық жасаған-дейтін. О дүниеде жүрсе де әкенің жақсы аты отбасына қамқор болатын.
Жұмыста күні бойы тамақ пісірумен айналысса да ,үйге  келіп өз балаларына одан да дәмді тамақ пісіретін. «Анамыздың пісірген нанының дәмі әлі аузымыздан кетпейді.Нанның иісі бүкіл үйге тарағанда біз дайындалып отыратынбыз, себебі табадан тасыған нан қыртысы ыстық кезінде өте дәмді болатын. Сол нанның қыртысын, таласып тұрып, оған сары майды жағып тұрып жегенде бізден бақытты адам болмайтын.»-дейді балалары.
Зейнелғарап апа мейірімді, ақылды, мінезі мықты әйел. Қиындықтарға қарамастан, ол балаларын құрметке лайықты адамдар етіп өсірді және тәрбиеледі, бәріне білім берді. Ұлды ұяға, қызды қияға қондырды. Бұл нәзік әйел көп нәрсені бастан кешірді, бірақ оның жарқын, сүйкімді бетінде өмірге наразылықтың ізі жоқ. 80-ге келіп, өмірге деген қызығушылығын жоғалтпады. Кітапханадан осы күнге дейін жаңа кітаптарды алып, білімге құштарлығын жоғалтпады.
Қазіргі уақытта Зейнелғарап апа лайықты демалыста. Балалары, немерелері мен шөберелері оған жиі келіп, араласып, оның дәмді тағамдары мен тәтті өнімдерін тамсана, қуана жейді.
«Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңды өтей алмайсың». Ана сияқты бақытыңды ойлап, табаныңа кірген тікенді маңдайына кіргенін қалайтын адам жоқ. Шын бақытыңды ойлап, жанын құрбан етуге даяр жалғыз адам ол — Ана. Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген балалары – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалайды.

Тұңғышы – Мұрат Абылайұлы
1962 жылдың 15 маусымында Омбы облысы, Нововаршавка ауданы, Новоивановка ауылында дүниеге келді. 1969 жылы Кутузов ауылы мектебіне бірінші классқа барды. Он жылдық оқуынан соң 1979 жылы Амангелді мектебін бітірді.
Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдайды және оған құрметпен қарайды. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді және адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі.
Адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады.  
Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз.  Мұрат бала кезінен техникаға жақын еді. Анасы оның жоғары оқу орнынан білім алғанын армандайтын.Анасының сөзін жерге тастамай мектеп бітіріп, Омбы қаласындағы ауылшаруашылық техникумына  оқуға түседі. Бірақ көңілі толмай, оқуын тастап кетеді. 1980-1982 жылдары Монголия елінің Гоби шөлінде әскери борышын өтеді.
1982-1983ж Северное СПТУ оқып бітірген соң ауылға келді. Ауылда автогаражға көлік жүргізуші болып орналасты. Мұрат 1991-2013 жылдары жеке шаруашылықта механизаторлық салада еңбек етті. Механизатор – ауылдағы ең қажетті мамандық. Мұрат  ауыл шаруашылығындағы барлық техникада жұмыс істеп қана қоймай, оны өзі жөндеп, техниканың қыр-сырын білген. Жылдың кезеңіне қарай ол әрі тракторшы, әрі комбайыншы, әрі жүргізуші, әрі механик, әрі слесарь болып жұмыс істейтін.Ең қызу жұмыс – көктемде егін егу, күзде егін жинау.Ал қыста – техниканы жөндеу, көктемгі жұмысқа дайындау. Жалпы бұл жұмыс әр адамның қолынан келе бермейді. Күннің ыстығына, суығына, жаңбыр, дауылына қарамастан олар жұмысын тастап кетпейді, себебі уақытылы егінді жинап алмаса, бір жылдық жұмысы зая кетеді, астықтан айырылады.  Мұрат өз ісінің шебері болатын. Ең тәжірибелі механизаторлардың бірі болып саналды. Жауапкершілігімен, еңбекқорлығымен, төзімділігімен, кәсіби шеберлігімен көзге түскен ол бірнеше рет өндіріс озаты ретінде дипломдармен, сыйлықтармен марапатталған.
1987 жылы Амангелды ауылы тумасы Сагадиева Гүлбарам Сабырқызы екеуі шаңырақ көтерді. Гүлбарам 1972-1982 жылы Амангелді мектебінде оқыды. Оқу бітірген соң Омбыда Шина зауытында жұмыс істеді. Ауылға қайтып келісімен көп жылдар бойы аспаз болып еңбек етті.
1988 жылы қызы Гүлмира, 1989 жылы қызы Альмира, 1999 жылы ұлы Әлжан дүниеге келді. Гүлбарам екеуі  екі немере сүйді: Жұмабек (2008ж), Асанали (2017ж).
Ауырған соң жеңіл жұмысқа шықты. 2018ж қайтыс болды.Отбасы бүгінгі күні Павлодар қаласында тұрады.

Жанат Абылайұлы
1963 жылдың 18 маусымында Омбы облысы, Нововаршавка ауданы, Жар-ағаш ауылында дүниеге келді. 1970ж Кутузовский совхозы мектебіне бірінші сыныпқа барды. 1980ж Амангелді мектебін бітіріп, осы жылы Павлодар индустриялық институты, энергетикалық факультетіне оқуға түсті.
1983ж 3 курсты бітірген жылы, аяқ асты оқыс жағдайдан жиырма жасында қайтыс болды.

Самат Абылайұлы
1965 жылдың 2 ақпанында Омбы облысы, Нововаршавка ауданы, Жар-ағаш ауылында дүниеге келді. 1972ж Кутузовский совхозы мектебіне бірінші класқа барды. 1982 ж. Амангелді мектебін бітірді. 
1982-1983 ж. Ертіс ауданында автошкола бітіріп, көлік жүргізуші күәлігін алды. 1983-1985 ж. әскери борышын өтеді. 1985 ж. әскерден келісімен Амангелді ауылында комсорг және спорт әдіскері қызметтерін атқарды. 1987-1992 ж. Омбы қаласында әкесі оқыған Омбы Ауыл шаруашылық институтына оқуға түседі, мұнда 5 жыл оқып зоотехник мамандығын алды. Оқуын аяқтаған соң диплом алып ауылға қайтып оралды. 1992 ж. Амангелді ауылының 1 отделение зоотехнигі болып тағайындалды. 1993 ж. Амангелді совхозында банкроттық рәсімі басталды. Мал шаруашылығы жабылды: қара мал, жылқы, қой қарыз есебінен шығарылды, қалғаны халыққа үлес бойынша таратылды. Әкесі сияқты үлкен бастық боламын деп армандаған. Өкінішке орай, оқығаны, алған мамандығы талапсыз қалды.1993ж бұл салада болашақ болмаған соң жаңа құрылған Қазақстан Республикасының Павлодар облысы кеденіне қызметке орналасты.Амангелді кеден бекетінің бас маманы болып қызметін бастады.2001 жылы уақыт талабы бойынша «КИПМО» Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітіріп, заңгер мамандығын иеленеді. 2004 жылы Павлодар қаласында Раушан Ғұмранқызы екеуі кездесіп отбасы құрды. Раушан Ғұмранқызы Ертіс ауданы, Иса Байзақов ауылында дүниеге келген. Бұдан кейін Бескепе (Артемовка) ауылында тұрды. Бүгінгі күнде Шаңырақ мекемесінде есепші қызметін атқарып жатыр. Екі баланы тәрбиелейді: қызы Айгерім (2004ж) және ұлы Әділ (2006ж).
Кеден одағының құрылуына және Ресеймен шекарадағы кеден бекеттерінің жабылуына байланысты кеден органдарында 20 жыл қызмет жасағаннан кейін 2013 жылы қысқартылды. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар қаласында ЖШС «KSP Steel» менеджер-логист жумысын атқарып жатыр. 
 Гүлнар Абылайқызы
1967 жылдың көктемінде отбасының үлкен қызы Гүлнар Омбы облысы, Нововаршавка ауданы, Жар-ағаш ауылында дүние есігін ашады. Мектеп табалдырығын Амангелді ауылында аттайды. Кішкентайынан білімге зерек, озат оқушы, спортқа белсенді, өнерге алғыр болып өседі. 1984жылы мектепті аяқтап, Павлодар қаласының Педагогикалық институтының математика – физика мұғалімі мамандығын алып аяқтайды. 
1989 жылы оқу орнының бағыттауы бойынша жас маман еңбек жолын Павлодар облысы, Ертіс ауданының Абай ауылындағы мектептен бастайды. Тағдырдың жазылуымен осы ауылға  бағытталған жас маман еңбек пәнінің мұғалімі Аубакиров Аликжанмен бір мектепте жұмыс жасап, 1991 жылы шаңырақ көтереді. Жұбайының туған ауылы Семей облысы, Көкпекті ауданы, Луговое ауылына көшіп, осы ауылдың мектебінде ұстаздық жолын жалғастырады. 1992 ж Салтанат атты қыздары туылады. 
1997 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шалқар елдімекеніне көшуге шешім қабылдайды. 1999ж ұлдары Жәнібек дүние есігін ашады. 1997жылдан қазіргі күнге дейін үздіксіз Шалқар ауылының мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып, ал жолдасы еңбек пәнінің мұғалімі болып еңбектенуде. Жалпы 34 жылдық педагогикалық еңбек өтілі бар Гүлнар мен Аликжан ауданның мықты, беделді ұстаздары, ауылдың құрметті азаматтары. Оқушылары облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері.  

Индира Абылайқызы
Индира 1970 жылдың 1-тамыз күні Ертіс ауданы Кутузов  ауылында дүниеге келді.Амангелді ауылында орта білім беру мектебін бітірді. 1987 жылы Павлодар педагогикалық институтының математика және физика факультетіне оқуға түсті. Сонан соң Амангелді мектебінде физика, математика пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Әр түрлі замандарда мұғалім мамандығы ең қүрметті сонымен қатар ең ауыр мамандық болып келеді. Жас өспірімдерді заман талабына сай, рухани бай және жауапкершілігі мол тұлға етіп тәрбиелеу – бұл оңай жұмыс емес.Индира сабақ берген, сынып жетекшілік еткен оқушылар мұғалімін үлкен алғыспен естеріне түсіреді.
 1998 жылы Павлодар қаласына көшкен соң, Орталық балалар кітапханасына орналасып, кітапханашы болып жұмыс істеді. Индира өзін заман талабына сай екі тілді де жетік меңгерген  білікті маман етіп көрсетті. Соның нәтижесінде  орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ақпараттық библиографиялық бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындалды. Ол білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуы¬на, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда өлшеусіз үлес қосып жүруде.

Кенже Бибігүл Абылайқызы
Бибігүл әулеттің кенжесі, ерке қызы.1973 жылының 13-қаңтар күні Ертіс ауданы Кутузов ауылында дүниеге келді. 1980 жылы Амангелді ауылының орта мектебінің 1-сыныбына барды. 10 жыл оқып 1990 жылы мектепті тәмәмдайды. Сол жылы «Павлодар кооператив техникумына» сатушы мамандығына оқуға түседі. Оқу бітірісімен ,1991 жылы Амангелді ауылына Рабкооп-қа жұмысқа орналасып, 3 жыл шамасында істеп шығады.1994 жылы Ертіс ауданы Голубовка ауылы тумасы Қаиржанов Талғатқа тұрмысқа шығып, Талғаттың ауылына қоныс аударды.1995 жылы Беласар атты ұлы, 2003 жылы Данияр атты ұлы  дүниеге келді. Кең пеілді кішкентай ауылында бақытты тату-тәтті 1994 жылға дейін өмір сүріп, қимай, отбасымен Павлодар қаласына көшіп келеді. 2021 жылы немере сүйеді.
Бибігүл өте қонақжай, қолы ашық, кең жүректі адам. Әрқашан да айналасындағы адамдарға қол ұшын созып,барынша қолдап жүреді.Қазіргі таңда жылдар бойы еңбектерінің жемісін көріп, қара шаңырақта бақытты ғұмыр кешуде.

 

ЕЛЕУСИЗОВ АБЛАЙ ТЕМИРХАНОВИЧ

Елеусизов Аблай Темирханович родился 22 марта 1938 года в селе Жумабай Щербакульского района Омской области.  В 1956 году  окончил Омское педагогическое училище, по специальности - учитель начальной школы. В 1961 году Окончил Омский сельскохозяйственный институт им. С.М. Кирова, по специальности – агроном полевод. Свою трудовую деятельность начал в совхозе Новоивановка, село Жар-Агаш  Нововаршавского района Омской области, где начинал работать агрономом, затем управляющим. В 1967 году уезжает работать агрономом в совхоз Кутузовский Иртышского района Павлодарской области. Главным в его работе было грамотное управление сельскохозяйственным производством и его постоянное совершенствование. А также, в его обязанности входило планирование проведения посевных и уборочных работ, разработка графика сельскохозяйственных работ. Организаторские способности и педагогические навыки, помогли ему в работе не только с землей и с тем, что на ней выращивается, но и в отношениях с людьми, которые работают на земле.
В 1974 году как ответственного, грамотного, квалифицированного специалиста, обладающего высоким потенциалом, организаторскими способностями и    профессиональными знаниями его назначают партийным руководителем в совхоз Амангельды Иртышского района.
Наряду с руководителем совхоза, отец участвует в управлении предприятием. Работа была по достоинству оценена, в 1973 году постановлением Павлодарского   облисполкома и облсовпрофа он награждается знаком «Победитель социалистического соревнования 1973 года», а в 1974 и 1975 годах он избирается депутатом Амангельдинского сельского Совета депутатов трудящихся. За свою короткую трудовую деятельность, где бы он ни работал, проявил себя инициативным и энергичным руководителем, был требовательным к себе и подчиненным, заботливо относился к людям, чем снискал всеобщее уважение. Очень многое он не успел сделать.
К сожалению, в 1976 году в возрасте 38 лет его жизнь трагически оборвалась.
Вот таким мы его помним и гордимся им.
Светлая память о нем навсегда в наших сердцах.

                                         Анамыз Елеусізова Зейнелғарап Жетпісбайқызы

Біздің анамыз Елеусізова (Қазанғакова) Зейнелғарап Жетпісбайқызы Омбы облысы Шарбакүл ауданы Үлкен Ысқақ (Бараба)  ауылында дүниеге келген. Анамыздың әкесі (нағашы атамыз) Қазанғаков Жетпісбай – Ұлы Отан соғысының ардагері. Карелия майданының арнайы шанғы бригадасының атқышысы болды.   1961 жылы әкеміз Елеусізов Аблай Темирханұлы екеуі отбасы құрды. Өкінішке орай әкеміз 1976 жылы 38 жасында өмірден өтті. Әкемізден айырылған кезде анамыз алты баламен жалғыз қалды: Мұрат, Жанат, Самат, Гүлнар, Индира, Бибигүл. Мұрат ауырып қайтыс болды, Жанат 20 жасында маркұм болды. Гүлнар Алматыда, Самат, Индира, Бибигүл Павлодар қаласында түрып, жумыс істейді.
Наша мама, Елеусизова (Казангакова) Зейнелгарап Жетписбаевна родилась в селе Большой Искак (Бараба) Щербакульского района Омской области. Ее отец, наш дедушка – ветеран Великой Отечественной войны, был стрелком в особой лыжной бригаде Карельского фронта.
Наш родители создали семью в 1961 году. К сожалению, в 1976 году отец в возрасте 36 лет ушел из жизни. Когда отца не стало, мама осталась одна с шестью детьми на руках. Мурат, Жанат, Самат, Гульнар, Индира, Бибигуль. Мурат умер от болезни, Жанат погиб в возрасте 20 лет. Гульнар с семьей живет в Алматы, Самат, Индира , Бибигуль живут и работают в Павлодаре. Мама всю жизнь трудилась в детском саду, добрым словом вспоминают о ней коллеги и сельчане. Работая,  она успевала и по дому, никого не обделяя вниманием в своей большой семье. Несмотря на трудности, выпавшие на ее долю,  эта добрая, интеллигентная женщина с сильным характером вырастила и воспитала нас достойными людьми, дала всем образование. Мурат после армии остался в селе помогать маме, Жанат окончил  1 курс Индустриального института, Самат, Гульнар, Индира также получили высшее образование, Бибигуль окончила кооперативный техникум.
Сейчас мама на заслуженном отдыхе. Дети, внуки и правнуки часто приходят навестить ее, пообщаться и полакомиться ее вкусной едой и выпечкой, которая всегда готова к их приходу.
Анамыз балабақшада жүмыс істеді, үйде бәрін жасады. Үлкен отбасында ешкімді назардан тыс қалдырмады. 1 және 2 дәрежелі Ана медальдары бар. Анамыз мейірімді, ақылды, мінезі мықты әйел. Қиындықтарға қарамастан, ол бізді құрметке лайықты адамдар етіп өсірді және тәрбиеледі, бәріне білім берді. Самат, Гүлнар, Индира жоғары білім алды. Бибигүл кооперативтық техникумын бітірді. Бұл нәзік әйел көп нәрсені бастан кешірді, бірақ оның жарқын, сүйкімді бетінде өмірге наразылықтың ізі жоқ.Қазыр анамыз зейнеткер. Балалар, немерелер мен шөберелері оған жие келіп, араласып, оның дәмді тағамдары мен кондитерлік өнімдерін тамсана, қуана жейді.

Дети
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: История | Добавил: Admin
Просмотров: 469 | Загрузок: 1 | Рейтинг: 5.0/5


Всего комментариев: 0
Verify you're human *: