Бейсов Базархан Шонбайұлы
11.05.2023, 16:03

Осы елім тыныш, жерім аман болып, әр отбасыма Алланың нұры жауып, деніміз сау болып, барлық арман-тілегіміз орындалып, көретініміз той, жейтініміз семіз қой болсын.Жолымыз ақ, Алла тек қолдап жүруін сұраймын.Бейсов Базархан Шонбайұлы Омбы облысы, Краснодар совхозы, Золотохина ауылында 1956 жылы, қыркүйек айының 8-ші жұлдызында дүниеге келді.  Золотохина ауылында 1-сыныпқа барып, бастауыш білімін алды. Кейін Қарашоқты орталығында 5-сыныпқа қадам басып, 10 сыныпқа дейін оқыды. Мектепті бітірісімен, 1974 жылы Москаленский ауданындағы "Ветеринарный училищеге" оқуға түсті. 1976 жылы "ветеринарный фельдшер" мамандығын оқып бітірді. Оқуды тәмамдап, 1976 жылдың мамыр айында Мирный ауданына 2 жылдық әскерге аттанды. Әскери жылдары түрлі іс-сапарларға барып жүрді.
Әкеміздің 1976 жылдың маусым айында ата-анасы мен туыс-туғандары Қазақстан еліне жер аударады. Осылайша, Бейсовтар әулетінің Амангелді ауылында жаңа өмірі басталады.Базархан әкеміз де әскерлік борышын атқарып, Амангелді ауылына келеді. Жас жігіт әскерден кейін милицияға түсем деп арман етеді, алайда ата-анасының дегеніне көніп, ауылда ветеринар болып қалып қояды. Ол жылдары ауылда қызықты өмір қайнап жатыр еді. Жаңа таныстық, шулаған жастар, әр сенбі-жексенбі сайынғы той. Осылайша, Базархан әкеміз 1978 жылдың тамыз айынан бастап өз жұмысына кірісіп кетеді. Ақсу,  Шолақсай отделенияларында, Орталық отделенияда жұмыс жасайды. Жұмысына қыста атпен, жазда мотоциклмен күн-түн демей барып-келіп жүрді. Әкеміз ауылда өзінің мамандығына деген еңбекқорлығымен, ауылға деген сыйластығымен көрінді.
Осы жылдары жары-Құралай Амангелдіқызымен  танысады. Жастар 1981 жылы отау құрады. Базархан әкеміз 3 баланың әкесі атанады: 1983 ж. Қымбат есімді қызы, 1985 ж. Данияр есімді ұлы, 1986 ж. Бахтияр атты ұлы дүние есігін ашады.
Кейін Базархан әкеміз Семейге ветеринарлық дәрігерді жоғарылатып оқуға жіберіледі. 1990 жылдары ауылда жұмыс болмай, көп адамдар көшіп кетеді.  Әкеміздің стажы көп болғаннан кейін мал дәрігері болып жұмыс істей береді. 2003жылы қала жаққа қарай көшіп келеді.2019 жылы жұбайы екеуі көп жылдар бойғы еңбектерінің жемісін көріп, зейнетке шығады. Қазіргі таңда әкеміздің 6 немересі бар. Павлодар қаласында балалары салып берген үйде бала-шағасының қызығын көріп, бақытты ғұмыр кешті... Бірақ, өкінішке орай Алла тағаланың жазуымен өмірден ерте кетті. 2024 жылдың 13 қыркүйекте дүниеден озды. Әке бала үшін асқар тау. Әкенің орны бөлек. Әке қамқоршы, шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағушы , тәлім -тәрбие беруге де ұмытпайтын,ұл- қыздарын еркелетіп жүретін жан.
Қысқаша айтқанда, 
Отбасының жүрегі,
Бір өзіңіз әкешім.
Қорғаны сіз, тірегі, 
Ардақты жан әкешім!

Жазған Кымбат Базарқанқызы

Категория: История | Добавил: Admin
Просмотров: 42 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.0/5


Всего комментариев: 0
Verify you're human *: