Шонбай Қеңесұлы 1-ші мамырдың 1929 жылы Ұйымдасу(Победа) ауылы, Ново-Варшавка ауданы, Омбы облысының тумасы. Руы қыпшақ (соның ішінде Бұлтың-Қожан-Байғұтты) Сол ауылда бастауыш білімін 1-4 класты оқуын бітіреді.Өсе келе Омбы облысы Краснодар совхозы Үркенбай (Золотухино) ауылына көшеді. Жастық шағы сонда өтеді. Атамыз ерте есейді, көп ауыртпашылықты көрген адам. Кішкентай кезден өз үлкендерінен еңбекқорлыққа, бауырмалдыққа, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауына тәрбиеленген еді. 9 жасынан бастап ТЫҢ -да жұмыс істейді. Көбі соғысқа кеткен әке-ағалардың жоғын көрсетпей, ауылдарда су болмаса, құдық қазып т.б. үлкен жұмыстарды атқаратын. Соғысқа кеткен әке-ағалардың аналарына көмек қылатын. 18 жасынан әскерлік борышын 3 жыл Башқұртстанда (УФА) атқарып келді. Атамыз біздің қазағымыздың ең жақсы дамыған малшаруашылығымен айналысқан еді. Өз елінің көшбасшысы (передовик) болатын. Жақсы еңбек сіңірген үшін атамызға жаңадан москвич машина берілді.Қандай жұмыспен айналыспасын адал еңбекпен жұмыс істеп алды болып жүретін. Өзінің бауырым дегенге жанашырлық танытып жүрген.
1955 жылы қазақтың салт-дәстүрін ұстанып жүрген үлкендеріміз, қонақжайлылықты ұмытпай көрші ауылдармен араласып тұратын. Сол кездерде атамыз әжемізді бір көргеннен ұнатып, аталастырылып қояды. Көпке қалдырмай атамыз Шонбай Қеңесұлы Гүлбағдан (Шаян) Кәрімқызымен Ақлақ ауылы Тавречан ауданы Омбы облысынан отау құрады. Бірінші тұңғыш перзенті 1956 жылы Базархан есімді баласы, одан 1959 жылы Әубәкір, 1962 жылы Зейнелқабиден, 1963 Асқар туады, 1965 жылы Күлбарам қызы, 1970 жылы Бағлан қызы,1974 жылы Бауыржан кенже баласы дүниеге келеді. Өз туған жерінде бақытты өмір сүріп жатар еді. Өз ауылында малшаруашылығы жабылып қалды. Бірден Павлодар облысы Ертіс ауданы Ленин ауылына көшіп келуіне ұсыныс жасалады. Содан жолға шыққан атамыз Ғазиз Ахметұлын кездестіреді. Сол кезде Амангелді ауылында Ғазиз Ахметұлы совхоз директоры болған еді. Сол кісінің шақыруымен 1976 жылы атамыз Шонбай мен інісі Құнанбай атамыз Амангелді ауылына ауыстырылып көшіп келеді. Қең байтақ елінің малын бағумен айналысатын болады. Атамызға үй-жер берілді. Бірден өзінің еңбекқор, іске адал, жұмысқа берілген жан екен көрсете білді.
Есімде ...
Газетке шыққаны, диплом, орденмен марапатталған, алғыс хаттары жетерлік!
Атамыз аға-шопан (шабан) болып жұмыс істеді. Атамыз таңнан кешке дейін жұмыс десе бірінші қоятын жанның бірі болатын. Баяғыда аталарымыз отпуск -демалысқа , санаторийге жіберсе де бармайтын дейм... Қандай берік адамдар болатын! Айтатын көп)...
Әке жағынан сондай әр баласын тындай білетін,ер балаларын ер мінезді, шындықты жақсы көретін, бір-біріне серік, тірек болып жүруін талап ететін.
Есімде...
Әр отбасыда бау- бақша болатын. Көктем басталысымен көше таза болу керек, картоп салу керек, жазға қарай жерді қопсытып арам шөптен арылту, немере -балалары көмектеспесе болмасқа, күзге қарай жинау, сонда атамыздың картоптың маңында бір арам шөп табу қиынға түсетін.
Жемісін тек кім көп көмектескен ғана , ең көп қап картоп алатын. Атамыздың үйінде қуырған картоп жие жейтінбіз. Картоптың біреуі алақаныма сыймайтын, үлкендігі-ай.
Есімде...
Інілерімді (Данияр мен Бахтиярды)атам өте ерте тұрғызып алып, жайлауға шығып, шөп шапқыздырып, кешке масаға жем болған, ат арбамен малға азық әкелетіні бар еді...
Амангелді ауылының қонақ келуі, қонаққа бару таусылмайтын, әр адамға әжеміздің есігі ашық болатын.
Бие саууға әр келіншектің қолынан келмейтін, әжеміз бізге бал қымыз т.б. түрлі дәмдермен қымыз ішетініміз бар еді. Содан кейін піспе шелектегі қымызды тоқсан тоғыз рет кезек-кезегімен пісетінбіз. Шіркін, таза табиғи тағамдарымыз-ай!
Баяғыда әр қыз балаға қол өнерге үйрететін.Шаян әжеміздің тон - пальто тігуі, өзіне болсын әдемі матадан көйлек пішіп тігіп алуы,ешкі жүнінен нәски тоқуы, жастық үстіне кестелеуі, бөстек, құрақ көрпелері, алашадан әр баласына арнап, қазіргі кілем орнына сияқты соқтырып, әдемі кестелеп тоқуы әлі есімде... Сонда алаша тоқимын десе , көрші -құрбыларын үйдегі келін-қыздары шықырылып бір үлкен процесті жүйені бітіріп тастайтын. Қазақтың салт-дәстүрі ұмытылмай жүретін.Ең үлкен немересіне деген алашасы арнауы бар...
Атамызбен бірге жидек (қарақат) жинауды жақсы көретінбіз. Таңертең шықсақ кешке малдың келуіне дейін келу керек едік. Әр үйдегі отбасы бірден түсініп, ана-әжеміз болсын сиыр сауып келіп, бәріміз кешке тату -тәтті отбасымен жиналып, тәтті шай ішіп отыратынымыз бар еді. Амангелді ауылы өте шуақты болып көрінетін, үлкендерді сыйлау, қонақжайлылық, ырым-жырымдар, салт-дәстүрлер, соғымның, тойлардың жыры бітпейтін! Күнде той десем де қателеспеспін.
Ата-әжеміздің немересіне деген еркелікті қатты сезіндік!
Еш бір қаққандарын сезінбеппіз!
Бұдан асқан бақыт жоқ дейм...
Немересі Кымбат Базарканқызы жазған.
|