2026 жылғы 4 ақпанда Павлодар қаласында жерлесіміз, алып күш иесі Нұрлан Қазбекұлы Көпбергеновтің өмірі мен спорттағы жарқын жетістіктеріне арналған «Күрлеуіттің баһадүр перзенті» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Тағылымды шара Торайғыров атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана қабырғасында ұйымдастырылып, әдебиет сүйер қауым мен спорт саңлақтарының басын қосты. Жиналған жұртшылықтың барлығы да туған жердің мерейін асқақтатқан азаматтың өнегелі өмір жолы жайлы сыр шертетін еңбектің жарық көруіне куә болуға келді.«Күрлеуіттің баһадүр перзенті&
...
Әрі қарай оқу »