Ағымдағы жылдың 29 тамызында Павлодарда қуанышты да ұмытылмас оқиға болды. Көп жылдардан кейін Амангелді орта мектебін 1974 жылы бітірген түлектер кездесті. Жарты ғасырды артқа тастап қауышқан Амангелді орта мектебінің түлектері бірін-бірі мейірлене құшақтап, сағынысып көрісіп кездесті. Алыс-жақыннан келген түлектердің елді мекендерінің географиясы өте кең: Алматы, Астана, Павлодар, Ақсу, Ертіс, Омбы (РФ). Түлектер ауылда жүрген кездерін, мектеп қабырғасындағы, балғын балалық шақтың қызықты естеліктерімен бөлісіп, әзіл-қалжыңдарын, әңгімелерін ортаға салып, мәз-мейрам, көтеріңкі көңіл-күйде кездесу кешін өткізді. Олардың барлығы дерлік зейнет жасында болса да, кезінде өз таңдап, игерген мамандықпен абыройлы еңбек еткен. Кейбірі әлі де еңбек етіп жүрген жайы бар.
...
Әрі қарай оқу »