11:15
1974 жылғы түлектердің кездесуі! Встреча выпускников 1974 года!

Ағымдағы жылдың 29 тамызында Павлодарда қуанышты да ұмытылмас оқиға болды. Көп жылдардан кейін Амангелді орта мектебін 1974 жылы бітірген түлектер кездесті. Жарты ғасырды артқа тастап қауышқан Амангелді орта мектебінің түлектері бірін-бірі мейірлене құшақтап, сағынысып көрісіп кездесті. Алыс-жақыннан келген түлектердің елді мекендерінің географиясы өте кең: Алматы, Астана, Павлодар, Ақсу, Ертіс, Омбы (РФ). Түлектер ауылда жүрген кездерін, мектеп қабырғасындағы, балғын балалық шақтың қызықты естеліктерімен бөлісіп, әзіл-қалжыңдарын, әңгімелерін ортаға салып, мәз-мейрам, көтеріңкі көңіл-күйде кездесу кешін өткізді. Олардың барлығы дерлік зейнет жасында болса да, кезінде өз таңдап, игерген мамандықпен абыройлы еңбек еткен. Кейбірі әлі де еңбек етіп жүрген жайы бар. Кездесу бағдарламасы қызықты өтті, оған мерекелік банкет, лимузинмен Павлодар қаласын аралау және теплоходпен Ертіс бойымен серуендеу кірді.Өкінішке қарай, бұл кездесуге мектеп бітірушілердің бәрі бірдей қатыса алмады. Егер кейбіреулері белгілі бір себептермен келе алмаса, біразы келмеске кеткен.
1974 жылдың  түлектеріне алдағы көп жылдарға мықты денсаулық тілейміз!
Жарайсыңдар!
Жарты ғасыр өтсе де кездесуге болатындығының үлгісін көрсеттіңдер!

Встреча выпускников 1974 года!

29 августа текущего года в Павлодаре прошло радостное и незабываемое мероприятие. Спустя полвека встретились выпускники Амангельдинской средней школы 1974 года, радость была огромной, ведь они сумели встретиться не смотря ни на что. География населенных пунктов, откуда приехали выпускники, очень обширная: Алматы, Астана, Павлодар, Аксу, Иртышск, Омск (РФ). Выпускники делились интересными воспоминаниями о времени, проведенном в рожном селе, школьных годах, детстве, вспоминали смешные истории из школьной жизни, вспоминали своих учителей. Одним словом, встреча прошла на самом высоком уровне. Все они находятся в пенсионном возрасте, они достойно трудились во благо страны по той профессии, которую выбрали в свое время. Некоторые из них работают до сих пор.  Программа встречи была насыщенной, в нее вошли праздничный банкет, экскурсия по городу на лимузине и прогулка по Иртышу на теплоходе. К сожалению, не все выпускники приняли участие в этой встрече. Иных уж нет, некоторые не смогли по ряду причин приехать на встречу.
Желаем выпускникам 1974 года крепкого здоровья на долгие годы!
Молодцы!
Вы показали пример другим выпускам, что можно встретиться даже спустя полвека!

Кездесуге қатысқандардың тізімі
Список участников встречи

1.Базыгулова Айман, Павлодар 
2.Бахтиярова Зайра, Астана
3.Баяхметова Дәметкен, Алматы
4.Бекеева Ботагоз, Иртышск
5.Еділбаев Ғалымжан, Павлодар
6.Иманжанов Кабайдулла, Павлодарский район
7.Кажмагамбетова Жаңыл, Алматы
8.Нургалиева Кульгаим,  Астана
9.Сарсенова Төлеу, Ақсу 
10.Сартымбекова Қарлыға, Омск
11.Сатыбаева Қарлығаш, Омск

 

Қараулар: 609 | Қосқан: Admin
Пікірлер саны: 0
Пікірлерді тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]