Әрбір отбасының тарихы – бұл ұрпақтың тағдыры мен өмірлік жолдарының айнасы. Әулет – тек қана туысқан адамдардың жиынтығы емес, бұл ата-бабамыздан қалған дәстүр, ізгілік пен еңбек үлгісі, жан жылуы мен даналық сабақтарының ұрпаққа беріліп отыратын алтын көпірі. Кез келген әулеттегі әр адам – сол үлкен ағаштың бір бұтағы сияқты: бір-біріне тірек, өмірлік сабақ пен қолдауды ұсынады. Шайхиндар әулеті де осындай қазынаға бай, өнегелі отбасы. Бұл әулет ұрпақтарын адал еңбекке, отансүйгіштікке, адамгершілікке баулыған. Әрбір отбасы мүшесі өзінің өмір жолында үлкен жауапкершілікті сезініп, туған ел мен жерге деген махаббатты көрсетті. Тарихы мен тағдырын еске алған сайын, олардың еңбегі мен қажыр-қайраты бізге үлгі болады. Өмірдің қиындықтары мен қуанышты сәттері бұл әулеттің мүшелерін біріктіріп, бір-біріне деген махаббатты нығайтты. Әрбір туыстың жасаған ісі мен қалдырған ізі болашақ ұрпаққа бағдар, өмірлік сабақ болып қала береді. Шайхиндар әулеті – туған жерді қадірлеу, отбасы құндылықтарын сақтап, ұрпаққа өнеге көрсету арқылы өмірдің мәнін көрсеткен атаулы ұрпақ.
Шайхин Дүйсембай 1930 жылы Омбы облысы, Русская Поляна ауданының Қаратал ауылында (Новосанжаровка совхозының бөлімшесі) дүниеге келген. 1964 жылы отбасымен Павлодар облысы, Ертіс ауданына қарасты Ақсу ауылына (Амангелді совхозының бөлімшесі) қоныс аударды. 1990 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін әртүрлі жауапты қызметтерде еңбек етті. Ол ешқашан мансап қуып, атақ-даңқ іздеген жан емес, бар ғұмырын адал еңбекке арнады. Керемет әке, ардақты жар бола білді. Мінезі ұстанымды, болмысы қарапайым еді. Қандай жағдайда да сабыр сақтап, әр істі байыппен бағалайтын, өзін әрдайым әдепті ұстай білетін. Ұлдарының тәрбиесінде батылдықты, даналықты, нағыз ер-азаматқа тән қасиеттерді сіңіре білді. Қыздарын ерекше жақсы көріп, әрқайсысына құрметпен қарады. 1995 жылы дүниеден өтіп, Ақсу ауылындағы зиратқа жерленді.
Шайхина (Нұрханова) Рахила 1932 жылы Ақсу ауылында дүниеге келген. 1949 жылы Омбы облысы, Русская Поляна ауданының Қаратал ауылына (Новосанжаровка совхозының бөлімшесі) тұрмысқа шығып, сол елді мекенге көшіп барған. 1964 жылы отбасымен бірге қайтадан Ақсу ауылына қоныс аударды. Он бала дүниеге әкеліп, өсіріп-жеткізген көп балалы ана. 1974 жылы «Батыр ана» төсбелгісімен марапатталды. Ана – отбасының тірегі, берекесінің бастауы. Ол әрдайым жүрегімізде, әрқашан жанымызда болып, бізге демеу беріп, қамқорлық танытты. Ана – бір мезетте медбике де, ұстаз да, психолог та, аспаз да бола алатын қасиетті жан. Зерттеулерге сүйенсек, ана болу кем дегенде екі толық уақытты жұмысқа тең. Анамыздың ақыл-кеңесі бізге өмір бойы бағыт-бағдар болды. Бүгінгі жеткен жетістіктеріміз бен кім болып қалыптасқанымыздың бәрі де оның берген тәрбиесінің арқасы. 2008 жылы дүниеден өтіп, Павлодар қаласы жағындағы Астана қаласының маңындағы зиратқа жерленді.
Дүйсембай мен Рахиладан тараған балалар білім алғаннан кейін еңбек жолдарын Амангелді совхозында бастады. Олардың қыздары – Қапия, Дәмелі, Қамария, Шынар, ал ұлдары – Барлыбай, Бейсембай және Бекзада. Өкінішке қарай, барлығы бірдей бүгінгі күнге дейін арамызда жоқ: үлкен ұлы Барлыбай 1981 жылы, қыздары Қапия 2001 жылы, Қамария 2008 жылы дүниеден өтті. Қазіргі уақытта қыздары Дәмелі мен Шынар Ресей Федерациясының Омбы қаласында, ал Балқия, Нақия, Гүлнар және ұлдары Бейсембай мен Бекзада Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласында тұрады. Әрқайсысы өз отбасын құрып, бала-шаға, немере сүйіп отыр. Барлығы да еліміздің дамуына өз үлестерін қосып келеді.
Ортаншы ұлы Шайхин Бейсембай Дүйсембайұлы 1966 жылы Павлодар облысы, Ертіс ауданының Ақсу ауылында (Амангелді совхозының бөлімшесі) дүниеге келген. 1983 жылы Амангелді орта мектебін бітіріп, 1984 жылы Солтүстік СПТУ-54 оқу орнында тракторшы-машинист, ВС санатындағы жүргізуші мамандығын меңгерді. 1984–1986 жылдары Кеңес әскерлері қатарында әскери қызмет атқарды. 1987–1992 жылдары Целиноград ауыл шаруашылығы институтында инженер-механик мамандығы бойынша білім алып, дипломын алған соң туған ауылына оралып, №1 дала бригадасында механик, кейін бригадир болып еңбек етті. 1994 жылы Сілеті совхозына бас инженер қызметіне шақырылғанымен, белгілі себептермен бұл ұсыныстан бас тартып, Ақмола қаласына қоныс аударды. Қазіргі таңда еліміздің астанасы – Астана қаласында отбасымен тұрады.
Еңбек жолында «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өндірістік бөлімінің бастығы, кейін «Әлеуметтік ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті және президенті қызметтерін атқарды. Көру қабілеті бұзылған азаматтарды еңбек арқылы оңалту мәселелері бойынша ҚР Парламентінің жұмыс топтарына белсене қатысты. ҚР Салық, Еңбек, Кеден, Кәсіпкерлік кодекстерін, сондай-ақ «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарды әзірлеуге атсалысып, Әлеуметтік сала комитетінің мүшесі ретінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының екі съезіне қатысты. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі болды. Мемлекеттің қалыптасуына, егемендікті нығайтуға және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, ал 2013 жылы экономика мен әлеуметтік саланы дамытуға сіңірген еңбегі, үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық жұмысы үшін «Құрмет» орденімен марапатталды. Жұбайы – Шайхина Гүлжиян Ибрагимқызы, Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданының тумасы, кәсіпкер, жеке шаштараз салонының иесі. Үш бала тәрбиелеп отыр.
Кіші ұлы Шайхин Бекзада Дүйсембайұлы 1972 жылы Павлодар облысы, Ертіс ауданының Ақсу ауылында (Амангелді совхозының бөлімшесі) дүниеге келген. 1987 жылы Амангелді орта мектебін бітіріп, 1990 жылы Солтүстік СПТУ-54 оқу орнында тракторшы-машинист, ВС санатындағы жүргізуші мамандығын алды. 1990–1992 жылдары Кеңес әскерлері қатарында әскери борышын өтеді. 1992–1994 жылдары совхозда тракторшы, ал 1994–2005 жылдары кеден бекетінде инспектор қызметін атқарды. Жұмыс істей жүріп колледж бен жоғары оқу орнында білім алып, заңгер мамандығын меңгерді. Қазіргі уақытта Астана қаласында тұрады. Жұбайы – Шайхина Аягөз Мұратқызы, Омбы облысы, Русская Поляна ауылының тумасы. Екі бала тәрбиелеп отыр, кәсіпкерлікпен айналысады.
Бүгінгі күнге көз жүгіртсек, Шайхиндар әулеті әрбір мүшесі арқылы өзінің ізін қалдырғанын көреміз. Әрбір ата-ананың еңбегі, әрбір ұрпақтың жетістігі – бұл әулеттің тарихының жалғасы. Дүйсембай мен Рахиланың тәрбиесі мен махаббаты ұрпақтарына адалдықты, жауапкершілікті, өмірге деген құштарлықты үйреткен. Әулеттің әрбір мүшесі өз өмірін адал еңбекке арнап, қоғамға пайдасын тигізіп келеді. Өткеннің қиыншылықтары мен қуаныштары бүгінде есте қалған жарқын естеліктерге айналды. Туған ауылдың тынысы, ата-бабаның ізі, ата-ананың ақыл-кеңесі әрқашан жүректе сақталады. Арамызда жоқ ағайындарымыздың есімдері бізге мәңгілік өнеге, естелік болып қалды. Әрбір ата-ана, әрбір бауыр отбасының бірлігін, махаббатын бағалауды үйреткен. Бүгінгі жеткен жетістіктеріміз бен алған тәліміміз – сол ата-бабамыздың, ата-анамыздың арқасы. Өмірдің әр сәті, әр кездескен қиындықтары – болашаққа жол ашқан сабақ. Туған ауыл, туған жер, әулетіміздің әр мүшесі – жүрегімізде мәңгілік қымбат. Шайхиндар әулетінің тарихы бізге өмірдің мәнін, отбасылық құндылықтың шексіздігін көрсетеді. Болашақ ұрпаққа берер ең басты сабақ – адал еңбек, бірлік, мейірімділік пен махаббат әрқашан жеңімпаз болады.


|