Таскен Қайыргелдіұлы. Бахтияровтар әулеті
02.12.2023, 16:20

Ата-бабам жайында айтар болсам, атам Қайыргелді Бахтиярұлы 1898 жылы дүниеге келді, туған жері Амангелді ауылы. Атам өмір бойы жылқы бақты. Елге сыйлы болды. Есімде қалғаны зор денелі, ақ сақалды, қатал адам болатын. Немерелерін кішкене кезінен еңбекке баулығаны белгілі. Апам, Сәдірқызы Кенже мейірімді жан болатын Атам мен апамнан әкем, Қайыргелдіұлы Таскен 1936 жылы Жаңатаң  ауылында дүниеге келді. Жастайынан еңбекке араласты. Шоферлыққа оқыды. Әскер қатарында болды. 1956 жылы Северный ауылының Төбелес бөлімшесінен, менің анам Жармұғамбетқызы Шәрбануға үйленді.  Дүниеге он бала әкелді. Әке – шешем балаларына жақсы тәрбие берді.Қазіргі кезде онымыз да жанұя құрдық. Еңбек етудеміз. Әке – шешемнің 22 – і жиен–немерелері бар. Шөберелері  - 12. Шүкірлік! Ұрпағы өсіп, бәйтеректей тамыр жайды. Адам ұрпағымен мың жасайды демекші, ұрпағы өсіп, өнуде. Үйдің үлкені Зәйда кішкене кезімізден бәрімізге қамқор болды, анамыздың қолқанаты болды. Бәріміз Зайданың айтқанын бір кісідей орындайтынбыз. Мектепте жақсы оқыды. Мұғалімдік қызмет атқарды. Бала өсіріп, тәрбиеледі. Барлығы білікті мамандар. Қазіргі кезде жездеміз екеуі немере, балаларымен бірге, орталарында ақылшысы, қамқоршысы. Беделді жандар. Үлкен ағамыз Келден жастайынан еңбек етті, жүргізуші болып қызмет атқарды. Жеңгем Айбала екеуі үш бала өсіріп, тәрбиеледі. Балалары ақылды, еңбекқор болып өсті. Ағам жолдастарының арасында беделді, сыйлы болды. Жастарға ақылын айтатын беделді еді. Ауылдастары да ағамның өзін сыйлап, ақыл – кеңесіне құлақ асатын.  Құрметті адам болды. Басқа батырларым да өмірден өз орындарын тауып, бақытты ғұмыр кешуде. 
Мен, Мерген Таскенұлы 1962 жылдың 17 сәуірінде Амангелді ауылында дүниеге келдім. Мектепті аяқтағаннан соң, Северный ауылында әке жолын қуып, шоферлік курсты бітірдім. Туған жерге туыңды тік дегендей өз ауылымда еңбек етіп жатырмын. Еңбек жолымды шоферліктен бастап, ел құрметіне де бөлендім. Әскер қатарында болдым.  Әскерден келген соң шоферлікпен қатар механизатор болып жұмыс атқардым. Ел қызметімді бағалап марапатқа да ие болдым. 1990 жылы шаңырақ көтердім. 
Үш балам, үш немерем бар. Фарида екеуіміз бақытты отбасымыз.
Әке – асқар тау, Ана – қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ демекші мына өлең жолдарымен жалғастырайын.
          
  Әкешім асқар тауым, мұнарымсың,
Жігер берер көңілге шынарымсың.
Өмірдің не бір қилы сынағына,
Балаң үшін әр кезде де шыдағансың.

Сізден алдық тәрбие, тәлімді де,
Азамат боп өсіп келеміз, қазір міне.
Өзің берген тәрбие тал бесігім,
Қарыздармыз біз сізге мәңгілікке.

Анашым бұлағымсың, мөлдір, тұнық,
Өмір есігін аштырдың қиналсаң да,
Қарыздармыз біз сізге мәңгілікке.
Мәңгілікке сақтармыз есімізде! 


Құл болсаң мойынсынғың тәңіріңе,
Ата-анаңның құлақ салғын әміріне.
Өлген соң қабірінде жыламаңдар,
Тірісінде жетпесеңдер қадіріне.

Дүниенің түбіне жете алмаспыз,
Қадірін үлкендердің қазір ұғын.
Алланың разылығын ала алмаймыз,
Алмасақ ата-ананың разылығын.

Осы өлең жолдарымен Әке алдындағы борышымды атқарып, ата-анам жайлы естелікті аяқтаймын. Әр баланың әке-шеше алдындағы парызы – еске алып, дұға қылып, аттарына кір келтірмеу. Адам ұрпағымен жасайды, ата-анам жайған жапырақ жайқалып өсе берсін деймін. Олардың өнегелі өмірі ұрпағына үлгі бола бермек әрқашан! Аманат еткен әке-шешемнің өсиетін ұрпағыма өнеге етемін. Міне, осымен терең тамырлы отбасым жайлы ойымды 
 

Категория: История | Добавил: Admin
Просмотров: 20 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0


Всего комментариев: 0
Verify you're human *: