Құнанбай Кеңесұлы 1931 жылдың 8 наурызында Омбы облысы, Ново-варшава ауданы, Ұйымдасу(Победа) ауылында дүниеге келді. Сол ауылында алғаш мектепке барды, кейін Омбы облысы, Павлоград ауданы,Үркенбай (Золотухино) ауылына көшіп келді. Осында балалық шағы мен жастық шағын өткізеді. 9жасында ағасы Шонбай, кейін өзі Құнанбай атамыз ТЫҢ- да жұмыстарына араласа бастайды. Жастайынан көп балалы отбасыларға көмектесіп жүреді.1950-56 жылдары жылқы бағумен айналысты. Осы жұмыс барысымен Көкшетау облысына барып-келіп жүрді. Сол кездері жұбайы Көктай Мұқалаққызын кезіктірді. Өз еліне алып келіп, екі жас шаңырақ көтереді. Жас жұбайлар Омбы облысы,Үркебай (Золотохина) маңайында тұра бастайды. Кейін 1959жылы Когаршын,1963ж. Роза, 1966ж.Айгүл, 1968ж. Ермұхамед,1971ж. Дінмұхамед, 1974ж. Сабыржан, 1976ж. Асылан атты жеті сәби сүйеді.
1976 жылы Құнанбай атамыз ағасы Шонбай атамызбен отбасымен Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ленин ауылына көшпекші болады. Алайда Амангелді ауылының директоры болып жүрген Ғазиз Ахметұлын кезіктіріп, Амангелді ауылына шақырылады. Осылайша, ойда жоқта Амангелдіге көшіп келеді.
Құнанбай Қеңесұлы ұзақ ғұмыр кешпесе де, ол кісіні жақындары әрқашан да жымия еске алады. Ол кісінің көздері үнемі күліп тұратын, айналасындағы адамдарға қашан да мейіріммен қарап, бәріне қол ұшын созатын. Өзі қарапайым,қолы ашық, үнемі еңбек үстінде жүретін адам болған. Сахманда атамыз шопан(шабан) болып жұмыс істеді.
Атамыз көптеген грамоталар мен "Ветеран Труда орденінің иегері" болған, сонымен қатар, ізгі істерімен газетке шыққан .
Сақталып қалған мәліметтеріміз осы:
1972жылы Павлоград райкомы Құнанбай атамызды "ауыл шопаны" атты өзінің жоғары көрсеткіштерімен марапатталды.
Ал Амангелді ауылында 9 маусым айында 1990жылы Құнанбай атамыз шопан бригадирі құрмет грамотасына ие болған.
Әке деген отбасының қорғаны, асыраушысы, балалары үшін де қашанда биік тұлға болған. Қыз-ұл деп бөліп-жармай, әр баласына жақын дос, еңбекқорлығымен үлгі бола білген.
Құнанбай атамызды жиі демалыс уақытында "беламор-канал" шылым шегіп, үстел басында "жұлдыз" журналын оқып отыратын. Шылым шегіп айнала түтін болатын, соған қарамастан сол кезде бұл "престижно" тек беделді, үлкен, батыл ер адамдар ғана темекіні шегетін сияқты көрінетін.
Жұбайы Көктай Мұқалаққызы өте көңілді, айналасындағыларға нұр сыйлайтын жарқын жан еді. Көктай әжеміз домбыраның сырын білетін, кеңпейілді , жайдары мінезімен ән айтып жүрген еді.
Ата-әжеміз тапқаным бала - шағама жетсін деп балаларын ешкімнен кем қылмай, өмірдің ешбір қиындығын көрсетпей өсірген. Олардың өмірлік ұрандары ешқашан берілмеу болатын.
Кішкентай Амангелді ауылымды еске алғанда ...
Жаңбырдан кейін шуақты далаға шыққандаймын ...
Жаздың ортасы таңертең өте ерте шыққанда жарқырап тұрған күнге қарағандаймын...
Немересі Кымбат Базарканқызы жазған
|