Киномеханик Боря
21.02.2023, 08:23

Әке – баланың өміріндегі ең алғашқы тірек, ең биік қорған, ең мейірімді қамқоршы. Мен үшін әкем – балалық шағымның жарығы, күлкімнің себебі, жүрегімнің жылуы еді. Оның жанында жүрген әрбір күнім өзінен-өзі бақытқа толы болатын. Әкемнің дауысы, күлкісі, жұмыстан шаршап келсе де бізге бөлген уақыты әлі күнге дейін көз алдымда. Ол бізге тек өмір сүруді емес, адам болуды үйретті. Қарапайым күндердің өзін мерекеге айналдыра алатын қасиеті бар еді. Балалық шағымдағы ең қауіпсіз, ең шуақты мекен – әкемнің қасында өткен сәттер болды. Оның алақанына сыйған сол бақытты күндер мен үшін ең қымбат қазынаға айналды. Әке махаббатының қадірін оны ерте жоғалтқанда ғана терең түсіндік. Бұл естелік – менің әкеме деген сағынышым мен шексіз алғысымның бір үзігі.
Баяхметовтар отбасы 1971 жылы Амангелді совхозына қоныс аударды. Отбасында балалардың үлкені менің әкем Бекмырза болды. Совхозда клуб меңгерушісі және киномеханик қызметін атқарды, сондықтан Боря-киномеханик атанды.  Клубтағы негізгі жұмысынан басқа, күн сайын коммутаторда (АТС) рацияда отыратын. Ал,  күзгі астық жинау-уборка кезінде үйге келіп тамақтануға уақыты болмайтын. Інім екеуіміз (ол кезде мен 7 жастамын, Әділет – 5 жаста) коммутаторға кешкі асын апаратынбыз. Анда-санда, әке рұқсат бергенде, құлағымызға наушник тағып, рацияны тыңдап, қызықтайтынбыз. Сол кез бізге өте қызықты болып көрінетін, сондықтан біз әрқашан папаның жұмысына барғымыз келетін. 
Әкемнің музыкалық қабілеті де болды. Бастауыш сыныптарда оқып жүріп (Ресейде) өз-өзінен гармоньді үйреніп алыпты. Кішкентай кезінен әкемді ауылдың жастары жиі-жиі үйінен сұрап, әкетеді екен. Сол  кездердегі хиттер «Амурские волны», «Дунайские волны» вальстерін  клубтағы би кештерде гармоньда ойнатып, өздері билейді екен (клубта патефон болмапты).
«Сонда 10-12 жасар, басы гармоньнің артынан көрінбейді» – деп ұлы шешем Кенжекей айтып отыратын. Кейде Кенжекей би кештерге бірге барып жүріпті. Және ұлдан жалғыз болғасын әкеме көбірек  назарын бөліпті. Өсе келе қалаған киімін әперіп, қалаған тамағын жасап, «Урал» мотоциклді де сол кезде ауылда, ең бірінші әкем теуіпті. 
5-7 жасар қарындастары Нақаш пен Балкен «Уралдың» люлькасына отырып алып түспейді екен. «Күні бойы бірге жүреміз» – дейді. Қатты жылдамдықпен келе жатқанда, бастарындағы панамкалары ұшып кетеді екен, сонда әкем жылдам айналып алып, ұшып бара жатқан бас киімді қағып алады екен. Сондай епті, жігерлі еді. Кейде екі қызға айтады екен: «Барыңдар, мамкама айтыңдар, сондай-сондай тамақ жасасын» – деп, Нақаш пен Балкен өздерінің қалаған заказдарын айтып келеді екен «ағажан айтты» – деп. 
1968 жылы әкесі Қабышкен Алматы қаласына киномеханик оқуына түсуге ертіп апарыпты. Әкем ол оқудың теориясы мен тәжірибесін ауылдық клубта жүріп,  техникумдағы ұстаздардан артық меңгерген екен, сондықтан экстерном бітіруге тура келіпті. 
Жас кезінен өмірі клубпен, музыкамен байланысты болғасын, сол салада үздіксіз еңбек етті. Барлық (совхоздық, аудандық және облыстық) іс-шараларға қатысты, әсіресе совхоздың «Проводы Зимы» мерекесінде «Шығайбай» атты театрлық көрінісімен есте қалды.
1972 жылы Мұрзалинова Шәмшиқамармен отау құрды. 1973 жылы мен тудым, 1975 жылы інім Әділет туды. 
1984 жылы 33 жасында әкеміз дүниеден өтті. Әттең бізді өсіріп-жеткізу мәңдайына жазбады, ерте кетті. Бірақ, өзім ылғи:  «Арманның асқарына құлаш ұрсам – Алдымнан Асқар тау боп Сен тұрасың, Қуан сен, қуана бер, әкетайым, біз сенің өміріңнің жалғасымыз» – деп әндетіп, есіме алып жүремін.
Менің есімде әлі күнге дейін қалған бір қызық: менің 5-6 жасымда шалбарымды өтектеп берші – деді, мен өтектеп бердім, ал, шалбарын көрген әкем шек сілесі қатып, көзінен жасы шыққанша күлді, өйткені бір қырдың орнына мен сегіз қыр салып қойыппын. Сосын өзі дұрыстады. Мені «Айгуся» деп еркелететін, ешқашан қатты сөз айтып көрмеді. Мектепке барған жылдарда күнде маған «асханаға» – деп, Лениннің басы бар бір рубль беретін. Асханада сонда ең қымбат ас – котлет 15 тиын тұрады, ал бір рубльге мен онда 6-7 котлет алатындай шамам бар екен. Әттең, студенттік өмірімде бірде – аш, бірде – тоқ болғанда әкемнің қамқорында жүруіне жазбады. Әкем Ресейде туып-өсіп, сол жақта орыс мектебін бітірген еді, сондықтан орыс тіліне жетік, сауатты болды. Менің 1-4 сынып оқыған кездерімде сабағымды тексеретін. Ол кезде молшылық, дәптерімде қате болса, жырта салып, жаңа дәптер бастаймын. Қазір өзім орыс тілі маманы болғандықтан ойлаймын «папам орыс тілінің үздігі болыпты ғой» деп.  Кітап оқуды өте жақсы көретін. Өзінің этажеркасы болатын. Бес полкасының бесеуі де әр-түрлі жанрлардағы (Константин Симонов, Куприн, Твардовский, Пушкин т.б.) кітаптарға толып тұратын. Кейбіреулерінде «Личная библиотека Баяхметова Бориса» деген жазу болатын. Қандай іске араласпасын – қолынан бәрі келетін. Біздің жадымызда ол мәңгілік ашық, мейірімді, күлімсіреген адам болып қала береді.
1971 жылдан 1984 жылға дейін әкемнің бір жерде (Амангелді ауылының клубында) үзіліссіз жұмыс өтілі 13 жылды құрады, ал Ресейдегімен бірге 17 жыл.  Жыл сайын мәдениет қызметкерлері кәсіподағының облыстық және аудандық Құрмет грамоталарымен, Павлодар облысы киномеханиктерінің социалистік жарыстарының жеңімпазы ретінде бағалы сыйлықтармен марапатталды. Әкем кино саласындағы мамандықты игеріп, шалғайдағы ауылдық клубтың халқына жақсы көңіл-күй сыйлағаны үшін және өнер саласына өз үлесін қосқанына мақтан тұтамын.
Әкеміздің өмірден ерте кеткені – біздің тағдырымыздағы ең үлкен сағыныш болып қалды. Бірақ ол тірі кезінде бізге қалдырған мейірімі мен тәрбиесі жүрегімізде мәңгі сақталды. Біз әкеміздің жүзін, дауысын, күлкісін ешқашан ұмытпаймыз. Оның әрбір ісі, әрбір сөзі біз үшін өмірлік сабақ болды. Әкеміз бізді қолынан жетектеп ұзақ өмір сүріп шығара алмаса да, өмірге дұрыс жол сілтеп үлгерді. Біз өскен сайын оның қамқорлығының, сабырлылығының, адамгершілігінің маңызын тереңірек түсіне бастадық. Әкенің бар болуы – тек қасында жүру емес, оның рухының балаларының бойында өмір сүруі екен. Ол біздің мінезімізде, еңбегімізде, балаларымызға көрсеткен мейірімімізде жалғасып келеді. Әкеміз тірі кезін біз ұмытпаймыз, қайта жыл өткен сайын қадірін арттыра түсеміз. Оның өмірі қысқа болса да, ізі терең болды. Біз үшін ол – мәңгі тірі, мәңгі тірегіміз, асқар тауымыз.

Айгүл Бекмырзақызы
 


Семья Баяхметовых переехала в совхоз Амангельды в 1971 году. В  семье старшим из детей был мой отец Бекмырза, больше его знали как Боря-киномеханик, так как  «крутил» кино в совхозном клубе, заведующим которого и являлся.  Кроме основной работы в клубе он ежедневно «сидел» за рацией в  коммутаторской (АТС), а во время осенних зерно-уборочных работ в совхозе, даже не было времени приходить домой поесть. Помню,  мы с братишкой (мне тогда было 7 лет, Адлету - 5 лет) носили вечерами ужин ему в коммутаторскую, и пока он ужинал, мы слушали и изучали рацию. Нам это было очень интересно, и поэтому нам всегда хотелось еще и еще пойти к нему на работу. У папы был исключительный музыкальный слух. Учась еще в начальной школе,  сам обучился играть на гармошке: был гармонистом-самоучкой,  и поэтому ни одно совхозное  мероприятие не проходило без его участия. Он участвовал во всех (совхозных,  районных и областных) мероприятиях, особенно запомнился «Шығай баем» на совхозных гуляньях «Проводы Зимы». В 1984 году в 33-х  летнем возрасте из-за болезни покинул этот мир. В нашей памяти он навсегда остался открытым, добрым и улыбчивым человеком. Стаж работы отца  на одном месте без перерыва с 1971 по 1984 год составил 13 лет.  Ежегодно  награждался областными и районными  Почетными грамотами  профсоюза культработников  и ценными призами, победитель социалистических соревнований киномехаников Павлодарской области.
Я очень горжусь своим папой за то, что он, освоив профессию, в отдаленном сельском клубе дарил людям хорошее настроение, тем самым внося  свой вклад в искусство.

Дочь, Баяхметова Айгуль Бекмирзовна
 

Категория: История | Добавил: Admin
Просмотров: 542 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/5


Всего комментариев: 0
Verify you're human *: