Адам өмірі – туған жерінен бастау алып, оның топырағынан қуат алады. Әркім үшін туған ауыл — жүрек төріндегі ең ыстық мекен. Ертіс ауданының табиғаты көркем, еңбекқор да бірлігі жарасқан тұрғындары бар Амангелді ауылы талай өнегелі ұрпақты тәрбиелеген қасиетті топырақ. Сол ауылда елге сыйлы, қарапайым да адал еңбегімен абырой тапқан отбасының шаңырағында 1964 жылдың 1 қаңтарында Қабжәләлов Сансызбай Амангелдіұлы дүние есігін ашты. Сансызбайдың балалық шағы ауыл өмірінің тынысымен, табиғаттың кеңдігімен, ата-анасының мейірімі мен ауыл адамдарының қарапайым да еңбекқор тіршілігімен өрілді. Үлкенге құрмет, кішіге ізет, адал еңбек пен жауапкершілік – ол бойына осы ауылда сіңірген басты қасиеттердің бірі еді.
Мектепті тәмамдаған соң, Сансызбай Омбы қаласындағы жүргізушілерді даярлайтын кәсіптік-техникалық училищеге оқуға түсіп, мамандық алып шықты. Әскер қатарында Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп келген соң, Омбыдағы Попов атындағы радиозауытта жүргізуші-сынақшы болып екі жыл еңбек етті. Дәл осы қалада отбасын құрды. Ұқыптылығы мен еңбекқорлығының арқасында ұжым ішінде сыйлы, сенімді маман ретінде танылды.
Осы жылдары оның бауырлары да білімнің соңында жүрді: інісі Дүйсембай Омбы мемлекеттік университетінде, қарындастары Алмагүл мен Айгүл Павлодар педагогикалық институтында білім алды. Ата-анасына сүйеу, бауырларына демеу болуды азаматтық парызы санаған Сансызбай 1986 жылы отбасымен бірге туған жері – Амангелді ауылына оралды.
Ауылға келген соң, еңбек жолын кірпіш зауытында жалғастырып, кейін совхоздың автогаражында жүргізуші, одан соң комбайнер болып жұмыс істеді. Қай істі қолға алса да, жауапкершілікпен, тиянақтылықпен орындады. Әріптестері арасында беделі зор, сенімге ие жан ретінде танылып, бірнеше рет Құрмет грамоталарымен және түрлі сыйлықтармен марапатталды.
Отбасында Сансызбай Амангелдіұлы ерекше мейірімді, балажан әке еді. Балаларының әр жетістігіне қуанып, олардың жақсы білім алуына бар жағдайын жасады. Қызы Жұлдыздың қабілетін байқап, оған кең жол ашу мақсатында Павлодар қаласындағы Облыстық гимназия-интернатына оқуға ауыстырды. Ал ұлы Мадат мектепті аяқтаған соң, оның кәсіби білім алуына жағдай жасап, Павлодар заң колледжіне оқуға түсірді. Әкелік қамқорлығы мен балаларына деген махаббаты – оның өмірінің ең басты құндылығы болды.
Алайда 1990 жылдардың соңына қарай ауыл өмірі күрделі кезеңге тап болды. Елде экономикалық өзгерістер жүріп, көптеген адамдар жұмыс іздеп өзге өңірлерге көше бастады. Солардың қатарында Сансызбай Амангелдіұлы да 2006 жылы отбасымен бірге Екібастұз қаласына қоныс аударды. Өмірдің жаңа белесін бастағанымен, өкінішке қарай, көп ұзамай – 2007 жылы өмірден өтті.
Артына ұлы Мадат пен қызы Жұлдызды қалдырды. Қазір ұлы Екібастұз қаласында, ал қызы Астана қаласында тұрып жатыр. Екеуі де өз отбасыларын құрып, әке аманатын ардақтап, есімін ұрпақтарына үлгі етіп келеді.
Сансызбай Амангелдіұлын еске алғанда, оның жылы жүзі мен қарапайым да адал болмысы көз алдымызға келеді. Ол ешқашан шағым айтып, ауырлыққа мойыған емес, өмірге әрдайым сеніммен қарады. Адал еңбек етіп, отбасы мен жақындарына сүйіспеншілігін арнады.
Бүгінде оның жарқын бейнесі отбасының, туыстары мен ауылдастарының жүрегінде мәңгі сақталған. Әр айтылған естелік, әр жылы сөз – оның өмірінің жалғасы іспетті.
Кабжалялов Сансызбай Амангельдинович
Жизнь человека берёт начало с родной земли, откуда он черпает свои духовные и жизненные силы. Для каждого родное село — это самое тёплое и близкое место в сердце. Село Амангельды Иртышского района, с его степным привольем и трудолюбивыми, сплочёнными жителями, воспитало не одно достойное поколение. Именно в этом благодатном краю, в уважаемой, честной и трудолюбивой семье, 1 января 1964 года родился Кабжалялов Сансызбай Амангельдинович.
Детство Сансызбая прошло в родном селе – среди просторной природы, под заботой родителей и среди простых, трудолюбивых людей. Уважение к старшим, почтительность к младшим, честный труд и ответственность – вот главные качества, которые он впитал с детства в родном селе.
После окончания школы Сансызбай поступил в Омское профессионально-техническое училище, где получил специальность водителя. Отслужив в армии и с честью выполнив свой воинский долг, он два года работал водителем-испытателем на радиозаводе имени Попова в Омске. В этом же городе он создал семью. Благодаря трудолюбию, аккуратности и ответственному отношению к делу быстро заслужил уважение коллег и репутацию надёжного специалиста.
В те же годы его братья и сёстры также стремились к образованию: младший брат Дюсенбай учился в Омском государственном университете, сестры Алмагуль и Айгуль – в Павлодарском педагогическом институте. Считая своим сыновним долгом быть опорой родителям и поддержкой братьям и сёстрам, Сансызбай в 1986 году вместе с семьёй вернулся в родное село Амангельды.
Вернувшись, он продолжил трудовую деятельность на кирпичном заводе, затем работал водителем в автогараже совхоза, позже – комбайнером. Какое бы дело ни поручили, он выполнял его добросовестно, с чувством ответственности. Среди коллег пользовался большим уважением, был человеком надёжным и уважаемым, за что неоднократно награждался Почётными грамотами и различными поощрениями.
В семье Сансызбай был добрым, заботливым, любящим отцом. Радовался каждому успеху детей, стремился дать им достойное образование. Разглядев способности дочери Жулдыз, он перевёл её на обучение в Областную гимназию-интернат в Павлодаре, чтобы расширить её возможности. После окончания школы сын Мадат поступил в Павлодарский юридический колледж — благодаря заботе и поддержке отца. Его отцовская любовь и внимание к детям были главным смыслом его жизни.
Однако к концу 1990-х годов жизнь в селе стала меняться – начались экономические трудности, и многие семьи вынуждены были уезжать в поисках работы. В числе тех, кто вынужденно покинул родное село, был и Сансызбай: в 2006 году он с семьёй переехал в город Экибастуз. Начав новый жизненный этап, он, к сожалению, в 2007 год ушёл из жизни.
После него остались сын Мадат и дочь Жулдыз. Сейчас сын живёт в Экибастузе, а дочь – в Астане. Оба создали свои семьи, бережно хранят память об отце и передают его имя и заветы своим детям.
Вспоминая Сансызбая, в памяти сразу возникает его доброжелательная улыбка, скромность, честность и верность дружбе. Сегодня его светлый образ живёт в сердцах родных, друзей и односельчан. Каждое доброе слово, каждое воспоминание о нём – это продолжение его жизни, его человеческого наследия.

 
|