Ахметов Ғазиз Ахметұлы (толық есімі Абдул-Ғазиз) 1939 жылғы 10 наурызда Ресей Федерациясының Омбы облысы, Нововаршав ауданына қарасты Жар-Ағаш ауылында дүниеге келген. Жастайынан еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің және жерге деген құрметтің қадірін бойына сіңіріп өсті. Бұл қасиеттер кейінгі бүкіл өмір жолы мен кәсіби қызметінің айқын бағдарын айқындады. 1955 жылы Ғазиз Ахметұлы орта мектепті тәмамдап, еңбек жолын туған ауылында қарапайым жұмысшы болып бастады. Білімге деген құштарлық пен ауыл шаруашылығымен тағдырын байланыстыруға деген ұмтылыс оны 1958 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтына алып келді. Мұнда ол «агроном» мамандығы бойынша білім алып, 1963 жылы жоғары оқу орнын абыроймен бітіріп, мықты теориялық білім мен тәжірибелік даярлыққа ие болды. Институтты аяқтағаннан кейін Ғазиз Ахметұлы жас маман ретінде Павлодар облысы Ертіс ауданының «Кутузовский» совхозына агроном-тұқымшы қызметіне жолдамамен жіберілді. Қысқа мерзім ішінде ол сауатты, бастамашыл әрі жауапты маман ретінде танылды. Араға үш жыл салып совхоздың бас агрономы қызметіне, кейін өндіріс жөніндегі директордың орынбасары лауазымына тағайындалды.
1976 жылы Ертіс аудандық партия комитетінің шешімімен Ахметов Ғазиз Ахметұлы Ертіс ауданындағы Амангелді атындағы совхоздың директоры болып тағайындалды. Бұл қызметті ол тоғыз жылдан астам уақыт атқарып, шаруашылықтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ ауылдың көркеюіне айрықша үлес қосты.
Оның басшылығы тұсында Амангелді атындағы совхозда ауылдың дерлік барлық көшелері асфальтталып, кірпіш зауыты салынып, толық өндірістік қуатына шығарылды, жаңа үлгідегі мектеп ғимараты бой көтерді. Шаруашылықтың материалдық-техникалық базасы едәуір нығайтылды: жаңа машина-трактор ауласы мен ағаш өңдеу цехы (ұстахана) салынды, құрылыс бөлімі аумағы кірпіш зауытына дейін кеңейтілді. Студенттік көшесінің құрылысы толық аяқталып, елді мекеннің инфрақұрылымы мен ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайы айтарлықтай жақсарды.
Өмірінің соңғы жылдарында Ғазиз Ахметұлы еңбек жолын жалғастырып, Ертіс ауданының Тәжірибе стансасы аумағында орналасқан «Сәуле» шаруа қожалығын басқарды. Бұл кезеңде де ол жерге адал диқан, іскер ұйымдастырушы ретінде жинаған мол тәжірибесі мен білімін жас ұрпаққа үйретуден жалықпады. Жұбайы Роза Аманқызымен екі ұл мен қызын тәрбилеп өсіріп, білім берді.
Ахметов Ғазиз Ахметұлының өмір жолы – жерге, елге және таңдаған кәсібіне адал қызмет етудің өнегелі үлгісі, еңбекке өмірлік мән берген азаматтың жарқын ғұмыры.
Ахметов Газиз Ахметович родился 10 марта 1939 года в селе Жар-Агаш Нововаршавского района Омской области Российской Федерации. С ранних лет он усвоил ценность труда, ответственности и уважительного отношения к земле – тем качествам, которые впоследствии определили весь его жизненный и профессиональный путь. В 1955 году Газиз Ахметович окончил среднюю школу и начал свою трудовую деятельность в родном селе, работая разнорабочим. Стремление к знаниям и желание связать свою судьбу с сельским хозяйством привели его в 1958 году в Казахский государственный сельскохозяйственный институт в городе Алма-Ата, где он обучался по специальности «агроном». В 1963 году он успешно окончил высшее учебное заведение, получив прочные теоретические знания и практическую подготовку.
После окончания института Газиз Ахметович был направлен как молодой специалист в совхоз «Кутузовский» Иртышского района Павлодарской области на должность агронома-семеновода. За короткое время он проявил себя как грамотный, инициативный и ответственный специалист. Уже через три года его назначили главным агрономом совхоза, а затем – заместителем директора по производству.
В 1976 году решением Иртышского райкома партии Ахметов Газиз Ахметович был направлен директором совхоза имени Амангельды Иртышского района. На этой должности он проработал более девяти лет, оставив заметный след в социально-экономическом развитии хозяйства и самого села.
В период его руководства в совхозе имени Амангельды были заасфальтированы почти все улицы села, построен и выведен на полную производственную мощность кирпичный завод, возведена новая типовая школа. Значительно укрепилась материально-техническая база хозяйства: были построены новый машдвор и деревообрабатывающий цех (столярная мастерская), расширена территория строительного отдела до кирпичного завода. Полностью завершилось строительство улицы Студенческой, что существенно улучшило инфраструктуру населённого пункта и условия жизни сельчан.
В последние годы жизни Газиз Ахметович продолжал активную трудовую деятельность, возглавляя крестьянское хозяйство «Сәуле» на территории Опытной станции Иртышского района. Даже в этот период он оставался верен своему призванию земледельца и организатора, передавая накопленный опыт и знания молодому поколению. Вместе с супругой Розой Амановной вырастили двух сыновей и дочь, дали им образование.
Жизненный путь Ахметова Газиза Ахметовича – это пример преданного служения земле, людям и выбранному делу, путь человека, для которого труд всегда был неотъемлемой частью смысла жизни.
Информацию предоставил Ахметов К.Г.
   
|