18:42 Жерлестеріміздің марапаты құтты болсын! | |
Ақпарат Ертіс ауданының әкімі Б.Шәріповтың Инстаграмдағы парақшасынан алынды Қазіргі кезде ауылшаруашылығы саласында жұмыс істеу жеңіл емес, күнге күйіп, шаңның, жауын-шашынның ортасында далада жұмыс істеу ауыр, бірақ еліміздің еңсесін көтеріп отырған осылар. Марапатталғандардың арасында Амангелді ауылының да тұрғындары бар екен. Марапатталғандардың төртеуі де көп жылдар осы салада жұмыс істеп жүрген азаматтар, бұл: Жүрсінов Дүйсенбай Теміртасұлы Бахтияров Мерген Таскенұлы Жүрсінов Бейсен Құндақбайұлы Балтағұлов Марат Қайыржанұлы (белгілі бір себептермен шараға қатыса алмай қалыпты)
Осы жігіттердің тынымсыз еңбектерінің арқасында бүгінде ауданымыздың аграрлық секторы қарқынды дамып келеді. Жарайсыңдар, жерлестер! Әрдайым амандықта болыңдар!
Анықтама ретінде:ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша соңғы 2023 жылдың 10 айында Қазақстандағы сиыр саны – 9 млн., қой-ешкі – 23 млн., жылқы – 4 млн., түйе – 277 мың, құс саны – 54 млн. болған. | |
Қараулар: 1004 | |
Пікірлер саны: 1 | |
| |