12:46 Жаңа жыл құтты болсын! С Новым годом! | |
Құрметті жерлестер! Міне, тағы да бір жыл аяқталып, жаңа жыл жақындап келеді. Жаңа жыл бізге жаңа үміт, жаңа мүмкіндіктер, жаңа арман-мақсаттар сыйлайтыны анық, бірақ өткен жылымыз ауыр болды. Әр жарты айды жаназа намаз болған сияқты көрінеді. Енді қайғылы жағдайлар болмаса екен, немесе аз болса екен деп тілейік. Және айналамыз күнен күнге өзгеріп жатыр, уақыт дегенің зымырап барады. Уақыттың қалай өтіп кеткенін сезбей де қаламыз, бірақ әрбір өткен күн, әрбір сәт бізді болашаққа жақындатады. Уақыттың өтуі бізге өмірдің құндылығын, жақындарымыздың қадірін білуге үйретеді. Осы жылда біз көптеген маңызды сәттерді бастан өткердік, қуаныштар мен қиындықтарды бірге бөлістік. Алдағы жаңа жылда да біз бірге болайық, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, әрбір күнге, әрбір кездесулеріміз бен араласқан сәттерімізге қуанайық. Жаңа жылда әрқайсыңызға зор денсаулық, мол бақыт, жаңа жетістіктерді тілейміз! Жанұяларыңызда қуаныш, үйлеріңізде береке болсын. Ескі жылда іске аспаған армандарыңыз жаңа жылда орындалып, жаңа бастамаларға жол ашылсын. Барлықтарыңызғазор денсаулық, мол табыс, бақыт, тілейміз!Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін болсын! Ізгі ниетпен,
С уважением и наилучшими пожеланиями, | |
Қараулар: 90 | |
Пікірлер саны: 0 | |