21:23
Жаңа 2024 жыл құтты болсын! С Новым 2024 годом!

Құрметті ауылымыздағы және шартарапқа шашылған жерлестер, сайтымыздың қонақтары, барлықтарыңызды жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жылыстаған жылдармен жылжып, есен-сау жүре берейік! Ауылымыз қиындықтарға қарамай көркейсін, күрделі жөндеуден өткен ауылымыздың мектебі оқушыларға толсын! Көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлаған жаңа жыл құтты болсын! Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін болсын, жерлестеріміз қайда жүрсе де аман-есен жүрсін! 2024 жыл ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болcын! Асқақ армандарыңыз орындалып, жүректеріңіз жылудан айырылмасын! Бір ескеретін жәйт бар, 1 қаңтарда елімізде қабылданған Григориан күнтізбесі бойынша жаңа жыл кірсе, өзіміздің ұлттық жыл санауымыз бойынша жаңа ҰЛУ (улитка) жылы наурыз айында басталады, ал оған дейін қоян жылы болатынын естеріңізде ұстаңыздар.Ұлу жылы қандай болады екенін көрейік. Ұлу суда жүретін болғандықтан, бұл жылы құрғақшылық болмайды. Жыл тыныштықпен, береке-молшылықпен өткен. Түркі жұрты оның ішінде қазақтар да ұлу жылы астық, шөп мол болады деп жорамалдаған.  Жалпы, ұлу жылы өте жайлы, жұмсақ жыл болып есептеледі. Стихиялық белгісі – ағаш. Бейбіт өмірді сүйетін, жайлы, тыныштықты жаны қалайтын, ақылды да зерек адамдар осы жылы туады деседі. Кемшілігі: тез ренжігіш, қырсықтау келеді.

 

Уважаемые землякие которые проживают в селе, а также те, которых судьба разбросала по разным городам и селам Казахстана, ближнего и дальнего зарубежья, поздравляем всех вас с Новым 2024 годом! Желаем всем, чтобы этот год подарил много поводов для радости и счастливых моментов.Пусть наше село понемногу возмождается, пусть школа наполняется детьми. Пусть сбудутся заветные желания каждого из вас, кто читает эти строки. Пусть во всех делах вам сопутствует удача!

 

 

Өзіңнің қай жылы туғаныңды біліп жүр !


1.) Тышқан жылы туылғандар -  ( 1948, 1960, 1972, 1984, 1996, 2008.)
2.) Қоян жылы туылғандар - ( 1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011.)
3.) Сиыр жылы туылғандар - ( 1949, 1961, 1973, 1985,1 997, 2009.)
4.) Ұлу жылы туылғандар - ( 1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012.)
5.) Барыс жылы туылғандар - ( 1950, 1962, 1974, 1986, 1998, 2010.)
6.) Жылан жылы туылғандар - ( 1953, 1965, 1977, 1989, 2001, 2013.)
7.) Жылқы жылы туылғандар - ( 1954, 1966, 1978, 1990, 2002, 2014.)
8.) Қой жылы туылғандар - (1955, 1967, 1979, 1991, 2003, 2015.)
9.) Мешін жылы туылғандар - ( 1956, 1968, 1980, 1992, 2004, 2016.)
10.) Тауық жылы туылғандар - ( 1957, 1969, 1981, 1993, 2005.)
11.) Ит жылы туылғандар - ( 1958, 1970, 1982, 1994, 2006.)
12.) Доңыз жылы туылғандар - ( 1959, 1971, 1983, 1995, 2007.)

 

Санат: Тіршілік | Қараулар: 409 | Қосқан: Admin
Пікірлер саны: 1
0  
1 Temirbay   (30.12.2023 22:05) [Материал]
Керемет мақала! Жаңа ұлу жылы құтты болсын! Өткенге иман, тіріге береке берсін. Жерлестеріміздің жақсы істеріне Алла разы болсын, отбастарыңа амандық, жақсылық нәсіп етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Пікірлерді тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]