21:42 Қытайдағы қазақтардың ауылдары туралы. | |
Қытайда қазақтар көп деп естіген едік. Мына мақаланы фэйсбуктан алып жерлестеріміз оқып, білсін деп сайтымызға салып отырмыз. Бұл мақалада елді-мекендер саны, ал қазақтың саны көрсетілмеген, бірақ осыны көріп жобалауға болады. 2018 жылға дейін Қытайдағы қазақтың ресми жан саны 1 миллион 600 мыңнан асты деп болжанып келді. Ал енді сол жақтағы қазақтар тұратын елді-мекендердің санына келсек. Қытайда автономиялық құқыққа ие 1500 қазақ ауылы бар, автономия алған 3 аймақ, басқа аймақтардағы 4 автономиялы аудан, олардан тысқары жерлердегі автономия алған 14 ауылдық округтегі Қазақтардың пайызы басым тұратын 1497 шағын ауыл(қыстақ) бар екен. Бұл өте үлкен сан. Осы автономиялық құқыққа ие Қазақ ауылдарының санын көрсетейік. Ескерте кетейік, бұл санға кірмеген басқа өңірлердегі Қазақ ауылдары тіпті көп. Бірақ, оларда автномиялық құқық болмағандықтан бұл қатарға қоспадық. Алтай аймағында: 527 Алтай(Сары-Сүмбе) қаласында 110 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей) Қаба аданында 117 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей. 25 пайызы Найман) Көктоғай ауданында 78 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей) Буыршын ауданында 64 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей) Бурылтоғай(Жалпақ) ауданында 57 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей) Шіңгіл ауданында 57 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей) Жеменей(Сауыр) ауданында 44 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей) Тарбағатай аймағында: 464 Шәуешек(Тарбағатай) қаласында 89 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Найман) Шиху(Көрқарасу) қаласында 55 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей) Дөрбілжін(Еміл) ауданында 135 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Найман) Толы(Майлы-Жәйір) ауданында 67 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей, 25 пайызы Уақ) Шағантоғай(Барлық) ауданында 46 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей) Сауан(Қызылөзен) ауданында 37 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей) Қобық(Қобық-Сауыр) ауданында 35 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Найман) Іле аймағында: 394 Құлжа қаласында 14 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Найман) Қорғас қаласында 1 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Найман) Көйтен қаласында 5 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей) Құлжа ауданында 24 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Найман) Қорғас(Алмалық) ауданында 29 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Найман, Суан, Ашамайлы Керей) Күнес ауданында 87 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Найман) Тоғызтарау ауданында 67 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Найман) Нылқы(Қас) ауданында 51 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Найман) Моңғолкүре(Өр-Текес) ауданында 50 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Албан, Найман) Текес ауданында 46 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Албан, Найман) Шапшал(Үйсінтау) ауданында 20 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Албан. 20 пайызы Найман) Санжы(Еренқабырға) аймағында: 73 Санжы қаласында 5 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей) Фукаң(Бөкен, Боғда) қаласында 11 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей) Мори Қазақ автономиялы ауданында 21 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей) Манас ауданында 19 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей) Шонжы ауданында 10 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей) Құтыби ауданында 7 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей) Құмыл аймағында: 21 Құмыл(Еуірғол) қаласында ауданында 3 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей) Баркөл Қазақ автономиялы ауданында 14 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей) Аратүрік ауданында 4 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей) Үрімжі қаласында: 6 Мидұң ауданында 6 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керей) Гансу өлкесі Жючуан(Сорбұлақ) аймағында: 10 Ақсай Қазақ автономиялы ауданында 10 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керейдің Сарбасы) Чиңхай(Көктіңкөлі) өлкесі Ақсу(Хайши) аймағында: 2 Алтыншоқы Қазақ автономиялы ауданында 2 Қазақ қыстағы бар. (Басым көбі - Керейдің Жәнтекейі)
| |
Санат: Басқа | Қараулар: 1245 | |
Пікірлер саны: 0 | |