21:26 Выборы. Это наш кандидат! | |
Ертіс ауданы Амангелді ауылдық округінің Ленин ауылы бойынша әкімдікке кандидат Алмагүл Сейсенбайқызы Шарманованың сайлау алды БАҒДАРЛАМАСЫ Құрметті Амангелді ауылдық округінің сайлаушылары! Мен Шарманова Алмагүл Сейсенбайқызы, 1984 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданы Амангелді ауылында дүниеге келдім.Білімім жоғары Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын қазақ тілі және әдебиет пәнінің мамандығы бойынша аяқтадым. Еңбек жолымды 2005 жылы Ағашорын жалпы орта білім беру мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастадым. Сол жылы Амангелді жалпы орта білім беру мектебіне экономика пәні мұғалімі ретінде қабылдандым. 2018 жылы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалдым. 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеймін. Бүгін мен сіздерге өз аулымның негізгі мәселелерін шешу жолдарын ауыл тұрғыны ретінде мол тәжірибеме сүйене отырып, сайлау алды бағдарламамды ұсынып отырмын. Осыған байланысты, өзімнің сайлау алды бағдарламамның негізінде Амангелді ауылдық округінің тұрғындары үшін негізгі мәселелердің келесі аспектілерін белгілеймін: Мен алдыма Амангелді ауылдық округінің ішіндегі жолдарды жөндеуге қаражаттың бөлінуін талап етуді мақсат етіп қоямын. Амангелді ауылына баратын жол мәселесін шешуге көмектесемін. Соның ішінде ауылды абаттандыруға күш саламын. Бұған балалар алаңдары мен стадиондар, екі ауылда мектепті жөндеу, медициналық пункттерді жөндеу, көшелерді жарықтандыру. Предвыборная программа кандидата в акимы сел и сельских округов по Иртышскому району Амангельдинского сельского округа, села Ленино Шармановой Алмагуль Сейсенбаевны Уважаемые избиратели Амангельдинского сельского округа! Я, Шарманова Алмагуль Сейсенбаевна, родилась в 1984 году в селе Амангельды Иртышского района Павлодарской области.Закончила Павлодарский государственный педагогический институт по специальности: «Учитель казахского языка и литературы». Свою трудовую деятельность начала в 2005 году в Агашорынской средней школе учителем начальных классов. В тот же год перевелась в Амангельдинскую среднюю общеобразовательную школу учителем экономики, затем была переведена учителем начальных классов. В 2018 году была назначена заместителем директора по воспитательной работе. С декабря 2021 года по настоящее время работаю учителем начальных классов. Я ставлю перед собой цель: добиваться выделения средств для ремонта дорог внутри села Амангельды, Ленино и содействовать в решении вопроса по подъездной дороги в село Амангельды. В том числе я приложу усилие для благоустройства села - это детские площадки и стадионы, ремонт школ в двух селах, ремонт медпунктов, освещение улиц. Верю в Вашу поддержку!
| |
Санат: Саясат | Қараулар: 921 | |
Пікірлер саны: 7 | |||||
| |||||