Жақында ауылдастарымыз тағы бір игі істің айналасына топтасып, amangeldy.com доменін тағы бір жылға сатып алу және ауылымыздың төл сайтының жұмысын жалғастыру үшін қажетті қаражат жинады. Қуантқаны – бұл іске жұртшылықтың бір кісідей жұмылып, небәрі алты сағаттың ішінде қаражат жинау мәселесін шешкені. Осындай сәттерде ауылдастарымыздың туған жерге деген жанашырлығы мен ортақ іске деген жауапкершілігін ерекше сезінесің. Ауылда жеке сайттың болуы – жай ғана сән немесе интернеттегі парақша емес. Бұл – туған жеріміздің тарихын түгендеп, өткен күндердің естелігін сақтап, бүгінгі тыныс-тіршілігін келер ұрпақпен байланыстыратын маңызды рухани мұра. Ауылдың құрылу тарихы, еңбек ардагерлері, елге танылған азаматтары, жетістіктері мен тағылымды оқиғалары осында жинақталып, уақыт өткен сайын толыға түседі. Бүгінгі ұрпақ үшін бұл – туған ауылын танудың мүмкіндігі болса, ертеңгі ұрпақ үшін – ата-бабасының ізі қалған мекеннің шежіресі. Ал ауыл сайты – туған жеріміздің интернет кеңістігіндегі өзіндік визит карточкасы ғой.
Қазіргі уақытта сайтта тоғыз бөлім жұмыс істейді. Алдағы уақытта қажеттілікке қарай жаңа бөлімдер қосып, мазмұнын одан әрі байытуға мүмкіндік бар. Сайтты қолдау, оның үздіксіз жұмыс істеуі мен техникалық сүйемелдеуін өз күшімізбен, ақысыз негізде жүзеге асырып келеміз. Мұның бәрі – туған ауылымыздың тарихы мен мұрасын сақтауға деген ортақ ниеттің нәтижесі.
«Фотосуреттер» бөлімінде бүгінде 1301 сурет жинақталған, сондай-ақ 7 бейнематериал орналастырылған. Сайтта тіркелген әрбір қолданушы өзіндегі фотосуреттерді, бейнематериалдарды және басқа да файлдарды жүктеп, ортақ мұрамызды толықтыра алады. Бір қарағанда, бұл жай ғана суреттер мен бейнежазбалар секілді көрінуі мүмкін. Алайда олардың әрқайсысында бір адамның өмірі, бір отбасының тарихы, ауылымыздың өткені мен бүгінінен сыр шертетін қымбат естелік бар. Бүгінгі қарапайым сурет ертеңгі ұрпақ үшін баға жетпес тарихи жәдігерге айналуы әбден мүмкін.
Туған ауылдың тарихы – бір адамның ғана емес, осында өмір сүрген, еңбек еткен, өсіп-өнген барша жұрттың ортақ тарихы. Оны сақтау да, кейінгі ұрпаққа жеткізу де бәрімізге ортақ міндет. Сондықтан сайттың жұмысын жалғастыруға қолдау білдірген әрбір ауылдасқа шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздердің жанашырлықтарыңыз бен бірліктеріңіз ортақ мұрамыздың жоғалмай, әрі қарай толыға беруіне жол ашып отыр.
Туған жерге деген сүйіспеншілік осындай ортақ істерден көрінеді. Бірлігіміз бекем, ауылымыздың абыройы асқақ болсын!
Төменде осы игі іске қолдау көрсеткен азаматтардың тізімі берілген.
1.Султанов Асылбек
2.Бахтияров Елеш
3.Майра Зикенқызы
4.Жанаргүл Қасымқызы
5.Бейсембаева Сулушаш
6.Асылбаев Руслан
7.Бейсекеев Ерболат
8.Едильбаев Галымжан
9.Кажкенов Шайдулла
10.Баймышев Рустем
11.Майманов Мурат
12.Асылбаев Еркебулан
13.Айтмагамбетов Рашид
14.Темиртасов Хасан
15.Нейфельд Алекс
16.Айтмагамбетов Талгат
17.Текжанов Кайрат
18.Искаков Сапар
19.Сагадиева Гульжан
20.Мурзалинова Даметкен
21.Бейсов Данияр
22.Балтагулова Дариха
23.Журсунова Бибигуль
24.Кажмагамбетов Кенжебай
25.Муканова Камар
26.Елеусизов Самат
27.Едильбаева Алма
28.Кадыров Жомарт
29.Тукенов Мурат
30.Бултыков Елтас
31.Едильбаев Манарбек
32.Сагадиев Бахыт
33.Кажатов Темеш
34.Аяганова Айжан
35.Бейсембаев Толеген
36.Кажикатов Жамбыл
37.Балтабаев Жанат.
38.Сатыбаев Садык
39.Бейсембаев Канат
40.Куккузов Дүйсенбай
41.Аргымбаев Жанат
42.Кажмагамбетов Берик
43.Бейсекеева Алма
44.Кажмагамбетов Бекзат
45.Бейсембаев Рашид
46.Баймышев Құрманбай
47.Исалин Багустар
48.Дүйсенбі Мереке
|