15:25
Су құбыры. Водопровод.

Біздің туған ауылымыз Амангелдіде су құбырының құрылысы жүргізіліп жатыр деген өте жақсы хабарды барлығымыз естідік. Құны 330 миллион теңгеден асатын бұл жоба екі жылға жоспарланған екен. Қазіргі уақытта "Дәнекер" ЖШС су құбыры магистралін салу бойынша жұмыстарды жүргізуде. Ауылдастарымыздың айтуынша, жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Жасалып жатқан жұмыстардың сапасы мен орындалу мерзімі арнайы назарда екені түсінікті. Әр үйге судың жеткізілгені тұрғындарға өте қолайлы жағдай жасайтыны анық, себебі өмір сүру сапасы өзгереді. Жерлестеріміз үшін өте қуаныштымыз! Мы все уже слышали радостную новость о том, что в нашем родном селе Амангельды ведутся работы по прокладке водопроводной магистрали. Проект стоимостью более 330 миллионов тенге рассчитан на два года. На данном этапе ТОО «Данекер» ведутся работы по прокладке водопроводной магистрали. И надо отметить, что , судя по рассказам сельчан, работы идут в хорошем темпе. Понятно, что особое внимание обращается на качество и выполнение графика выполнения работ. То, что вода будет в каждом доме, это уже удобство для селян, будет меняться качество жизни. Мы рады за земляков!

Санат: Тарих | Қараулар: 1102 | Қосқан: Moder
Пікірлер саны: 0
Пікірлерді тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]