16:38 Соңғы қоңырау | |
25 мамыр күні Амангелді ауылының орта мектебінде дәстүрлі соңғы қоңырау салтанаты өтті. Ерeкшe көңіл күйгe бөлeр бiлiм oрдaлaрындaғы оқу жылы аяқталуының белгісі соңғы қoңырay сaлтaнаттaры жалпы Ертіс ауданында лайықты дәрежеде аталып өтіліп, ұстаздардың мерейін асқақтатты. 2018-2019 оқу жылын жақсы көрсеткіштермен аяқтаған ұстаздар мен оқушыларға алғыс айтылып, ерекше құрмет көрсетілді. Мерекелік шара барысында мектеп директоры Кәрібаев Қуаныш Қайыржанүлы мен ауыл әкімдігінің өкілі Дияс Болатұлы Қажмағамбетов сөз сөйлеп, ұстаздар мен оқушыларды соңғы қоңырау салтанатымен құттықтады. Салтанатты шараға ауыл тұрғындары мен ата-аналар қатысты. Шараға арнайы келген аудан әкімдігінің өкілі Ағыбай Жаппарұлы Жұмабаев жиналған көпшілікті құттықтап, оқу жылын үздік аяқтаған барлық оқушыларға аудан әкімі С.Б.Батыргужиновтың арнайы стипендиясын тапсырды. Ұстаздар мен оқушылар түрлі марапаттарға ие болды, соның ішінде: Амангелді орта мектебінде «Жылдың үздік ұстазы» болып Бейсекеева Гүлімжан Сейілханқызы, «Жылдың үздік тәрбиешісі» Шалабаева Махаббат Қақбайқызы танылды. Сонымен қатар оқу жылын тек 5-ке аяқтаған 11 оқушыға мақтау грамоталары тапсырылды. Арнайы атап өтіліп, аудандық, облыстық жарыстарға және әскери-патриоттық ойындарға қатысқан Асхат Құдияров, Диас Бейісов, Әділет Әбілқалықов, Камила Қайыржан марапатталды. 1-5 сыныптар арасында «Жыл оқушысы» атағына Фырат Қайыржан, ал 6-10 сыныптар арасында Нұржан Құндақбаев иеленді. Сайт тарапынан барлық құттықтауларға қосылып, оқушыларға жаз бойы жақсы демалуларына тілектеспіз.
| |
Санат: Тарих | Қараулар: 1227 | |
Пікірлер саны: 0 | |