Құрметті жерлестер! Сіздерді мұсылман қауымы үшін аса қадірлі Құрбан Айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!Бұл мейрам – халқымыздың рухани дәстүрлерін, имандылық пен адамгершілік құндылықтарын насихаттайтын ерекше күн. Құрбан Айт – сабыр мен шүкіршілікті, мейірім мен жақсылықты дәріптейтін қасиетті мереке. Бұл күндері мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп, қайырымдылық пен бауырмалдық кеңінен көрініс табады. Құрбан шалу – Аллаға деген мойынсұнушылықтың, ықылас пен адал ниеттің көрінісі. Осы айтулы күнде шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Елімізге тыныштық, жерімізге береке тілейміз. Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз. Жүректеріңізді қуаныш, жүздеріңізді күлкі шалсын. Құрбан Айт – ағайынның арасын жақындататын, өкпе-ренішті ұмыттыратын ізгілік мерекесі. Бұл күндері жақыныңа жақсылық жасау – үлкен сауап. Мемлекетіміздің өркендеп, халықтың әл-ауқаты арта берсін. Тәуелсіз еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз. Имандылық пен бірлік, татулық пен тыныштық – әрдайым серігіміз болғай. Құрбан Айт мерекесі құт-берекеге толы болсын! Баршаңызға зор денсаулық, мол ризық-несібе тілейміз. Алла Тағала ел мен жерімізді әрдайым қорғап жүрсін.
Қасиетті Құрбан Айт мейрамы баршаңызға құтты болсын!
Уважаемые земляки! Сердечно поздравляем вас с благословенным праздником Курбан Айт! Этот светлый день символизирует веру, милосердие, щедрость и единство. Курбан Айт напоминает нам о важности добрых дел, сострадания и взаимопомощи. Пусть принесённые жертвы будут приняты, а молитвы услышаны. Желаем вам крепкого здоровья, душевного покоя и благополучия. Пусть в каждом доме царит мир, любовь и согласие. Этот день — прекрасная возможность укрепить семейные узы и простить обиды. Пусть ваши сердца будут наполнены добротой и светом.
Желаем, чтобы ваши дела приносили пользу близким и обществу. Мир вашему дому, благоденствие вашей семье! Пусть каждый найдет в этом дне вдохновение для новых добрых поступков.
Храни нас всех Всевышний и дарует нам стойкость и терпение.
Желаю вам радостного и благословенного праздника!
С праздником Курбан Айт!
|